6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті (шифр) (мамандықтың атауы) Алматы, 2020



бет29/44
Дата21.02.2023
өлшемі331,2 Kb.
#169692
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44
Байланысты:
УМКД Мәдениеттану
РУС МУ к практике, РУС МУ к практике, Lecture 4, Дәріс тезистері ҚБ
Эстетика және өнер. Өнер – мәдениеттің маңызды саласының бірі. Сондықтан болар, "өнер – мәдениет айнасы" деген қанатты сөздің қалыптасқандығы... Өнердің шынайы мәнінің діңгегі – сұлулық, әсемдік. Сұлулык, әсемдік – адамды ерекше бір жан ләззатына бөлейтін сезім тудырар қасиет. Соның нәтижесінде, өнер көңіл күйді, сезімді білдіреді, соларға тікелей байланысты. Өнер адамды имандануға, жан дүниесімен біртұтас нұрлануға бастайды. Өнердің басты мақсаты – қандай да бір жетілу, кемелдену үлгісін, мұратын (идеалын) беру әрі соған адамды талпындыру, құштар ету.
Өнер философиясы, өнер ілімі болып табылатын эстетика үшін де жоғарыда аталған мақсаттар бірінші маңызды болмақ. Ендеше, эстетиканы оқытудың, яғни эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты – адамдарда өзінің айналасындағы сұлулықты көре, сезіне білу, бағалай және қабылдай білу қабілетін арттырып, сұлулық заңдарына сәйкес өмірді жаңартып, өзгертіп отыру.
Эстетика этикамен өнер мен өнегелілік қалай байланысты болса, солай тығыз байланысты. Өйткені өнер адам сезіміне әсер ете отырып, оны адамгершілік, ізгілікке тәрбиелейді. Көркемдікке сүйсіну, соны тамашалаған сәтте сезімге бөлену барысында жанымыз тазарады. Жан тазалығы – ар тазалығы. Олай болса, эстетикалык тәрбие – имандылық, ғибраттылық тәрбиесінің бір тарауы.
Этика әлем халықтарының әдеп жүйесін, моральды, адамгершілік мәдениетін зерттейтін философиялық пән. «Этика» термині ежелгі грек тілінде «бірлесе өмір сүруші адамдар тобының мекен-жайы» дегенді білдіреді, кейін әдеп туралы ілім мағынасына ие болды. «Әдеп» термині түрік халықтарының тіліне орта ғасырлардағы араб-мұсылман мәдениетінің ықпалымен енген. Көптеген мамандар этиканы әдептану деп аударып жүр. Қазақ этикасы туралы басылымдарда «әдеп», «ақылақ», «мораль» «адамгершілік» сияқты ұғымдар қолданыла береді және оларға әртүрлі анықтамалар беріледі. Кейде бұл терминдер бірге өмір сүру барысында қалыптасқан мінез-құлық, іс-әрекет ұқсастықтарын білдіретін әдет-ғұрып деген мағынаға ие болған.
Егер біз этиканы рационалды пайымдалған моральмен байланыстырсақ, онда төмендегі қағидаларды айқындау мүмкіндігі бар және олар әдептің реттеушілік табиғатына қатысты. Этика үшін жақсылық ұғымы оның басты ұғымы болды және бола береді, оның басты мақсаты – адам өміріндегі қайырымдылық пен зұлымдықтың қайнар көзі мен табиғатын, себептері мен тетіктерін анықтау. Этика мәдениет жүйесіне оның рационалдық-логикалық бастамасы ретінде адамның өмірдегі әдептік-адамгершілік көріністерін рационалды ойлау тіліне аударуы арқылы енеді. Этика – ғылымның маңызды саласы, әдеп - қоғамдық алғышарттардың саласы, адамгершілік – адамның ар-ұяты арқылы жеткен ішкі тұрақтандыру саласы. Этика практикалық философия ретінде, адам өмірінің күнделікті қажеттіліктерін бағдарлайтын ғылым ретінде туындайды. Әдеп, адамгершілік дегеніміздің өзі не? Әдеп – этиканың зерттеу нысаны, қоғамдық сана-сезімнің формасы және жеке тұлғаның өзіндік бағасын анықтауға бағытталған қоғамдық қарым-қатынастардың түрі. Адамгершілік – жеке тұлғаның ізгілік еркіндігінің, оның және жалпы қоғамдық талаптардың ішкі себептермен үйлесуінің қайырымдылыққа ұласатын адамның шығармашылығы бағытының саласы.
Мораль адамзат қоғамының немесе жеке адам дауының белгілі бір кезеңінде, яғни, филогенезде және онтогенезде пайда болады. Мораль адамдық қарым-қатынастарды реттеу сатыларымен байланысты.
а) Табыну сатысы адамның «Біз» феноменімен көрініс табатын әлеммен біртұтастығын, оның әлем мен басқа адамдардан ажырамайтығын, адамның дүниетанымының басқалармен біртұтастығын білдіреді.
ә) Мәдениет сатысы адам қызметінің және адамдық ерекшеліктердің алун түрлілігі жағдайындағы мәдени нысандарды іріктеуді білдіреді. Бұл сатыда біз адамгершілік деп атайтын адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың табиғи нормалары қалыптасады, негізгі адамгершілік құндылықтар: еркіндік, жақсылық, жамандық, әділдік пайда болады. Мәдениет сатысы өркениеттің пайда болуымен аяқталады.
б) Әлеумет сатысында жақсылық, жамандық, еркіндік құндылықтары борыштың әлеуметтік түсінігіне ауысып, нақты бір қоғамда әлеуметтендіріледі де, әлеуметтік және құқықтық нормаларға айналады. Бұл кезде олардың адамгершілік бастамасы біртіндеп жоғалып, жойылып кетеді.
Егер алдыңғы сатыда біз гуманистік этика (фр. humanite – адамды сүю) туралы сөз қозсақ, бұл сатыда әдеп жөнінде пікірлер айтылды. Әлеуметтік этиканың ерекшелігі – ол жекелеген, нақты бір адамның емесе, социумның мүдделеріне бағытталған. Адам бұл этикада қоғам әсер ететін объект ретінде немесе басқа социум (қоғамның немесе белгілі бір әлеуметтік институттың бөлігі) ретінде көрініс табады.
Әлеуметтік этика, ең алдымен, адамның жүріс-тұрысының сыртқы келбетіне, оның этикеттік имиджіне назар аударады. Ол адамдағы сыртқы мен ішкі элементтерді тікелей түрде бөліп қарастырады, сөйтіп, оны еркіндіктен айырады. Осыған байланысты, адамға сыртқы әсер мен жеке мінез-құлық арасындағы ішкі шиеленіс жетіп, ол сыртқы қарама-қайшылықтардан көрініс
Моральдың гносеологиялық қайнар көздерінің қатарында ерекше орынды антропология иеленген. Антропология – адам туралы ілім. Табиғи-ғылыми және медициналық антропология тірі ағзалар әлеміндегі адамның орнын анықтайды. Оған анатомия, физиология, нәсілдер тулары ілім және тағы басқа жатады. Моральды нормалар мен құндылықтар жүйесі ретінде талдау оны статикалық жағдайдағы қоғамдық құбылыс ретінде көруге мүмкіндік береді. Моральдық таңдау көзқарасы тұрғысынан моральды танып-білу оның динамикалық жағын ашуға, қоғамдық қатынастаржүйесіндегі нормалардың, қағидалардың, адамгершілік құндылықтардың және бағалаудың қызметін көтеруге мүмкіндік береді.
Адамгершіліктік еркіндік құбылысына негізделетін моральдық таңдау мен қойылған мақсаты жүзеге асыру арасында сәйкессіздік пайда болады. Бостандық деген шексіз ерік емес, еркін тілектерді орындау емес, танылған қажеттілік негізіндегі адамның жеке жауапкерішілігі дегенді білдіреді. Бұл жерде қайырымдылық пен тиістілік ұғымдарын сипаттайтын адамгершілік мақсат, мотив, жауапкершілік пен ақталудың мәні зор. Шығармашылық жолындағы әрбір адам бастапқыдан еркін, азат, шығармашылық бостандыққа ие болуға тиіс. Әйтсе де әрбір шығармашылық актісінен, істен немесе әрекеттен соң адамгершілік мақсат пен талапты іштей қабылдаудың, ақтық ұғынудың нәтижесін бейнеленген сенім – пікір қалыптасатын бағалау кезеңі, моральдық ақталу, айыптау немесе қолдау сәті туады.
Адамдардың тарихи жаттануында өзінің бұқаралық болуына қарай әлеуметтік жаттануына мүмкіндік беретін ұждан үлкен роль атқарды. Ұждан - қажеттілік және дағды ретінде көрінетін, тиісті - жеке дағды мен өзіндік бағаға айналатын парыздан тікелей туындайды. Өзіндік баға ретінде ұждан тұлғаның қоғамда өз орнын анықтай алу қабілетін көрсетеді. Ұждан – тұлғаның моральдық дағдыларында іске асатын, моральдық жауапкершілік пен бейконформизмді білдіретін интимді сенім, «бейсаналық әмірші».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет