Діни бірлестіктер (қауымдастықтар) діни мүдделері мен қажеттерін бірлесіп қанағаттандыру мақсатында құрылған азаматтардың еркін топтары.
Діни бірлестіктің діни мекемелер (орталықтар) конфессия діни сектаденоминация секілді т.б. түрлері бар.
Діни мекемеге мешіт, шіркеу, діни оқу орны т.б. жатады
Дәстүрлі діндер орталығы - орталықтандырылған (бір ортаға бағынатын) құрылымы және төменнен жоғарыға дейінгі басқару жүйесі бар діни ұйым. Діни ұйымдар діни іс-әрекеттер мен қарым қатынастарды атқарып және реттеп отыратын орталық. Шіркеу синагога мешіт, буддистік ғибадатханалар өз сенімдері аясындағы қызметтерімен ерекшеленеді.
Шіркеу деп жалпы мойындалған сенім жүйесі берік және мықты бекіген кең көлемді діни ұйымды айтады. Мәселен католиктік және православие шіркеулері, шіркеу әдетте иерархиялық сатылары бар құрылым.
Конфессия (лат. confessio мойындаудін тұту) өзінің діни ілімікультіұйымдық құрылымы бар ірі діни бағыт және белгілі бір діннақты діни сенімжеке діни ілім.
Секта (лат. ойлау тәсіліілімбағыт) орнықты діни ілімдерге әлеуметтікдүниетанымдық- ғұрыптық қарсылық түрінде пайда болатын, құрылымы мен көлемі жағынан олардан әлдеқайда кішірек болып келетінбірақ тек өзінің ұстанған жолының дұрыстығына күмәнсіз сенетін - деструктивті культ.
Секталарға тән нәрсе:
өздерінің құдайдың қалаулы адамдары екендігіне берік сенім;
ғұрыптар ерекше беріктік;
секта мүшелерінің теңдігін жариялауы.
Деноминация (лат. denomen «атын өзгерту») діни бірлестіктерден бөлініп шығадыно әуел бастан дербес қалыптасады. Кейбір зерттеуші ғалымдардың пікірінше, деноминациялар американдық құбылыс болып табылады.
Деноминацияға тән нәрселер мыналар:
кез-келген иланушының рухани қайта тууына деген сенім;
сектадан негізгі айырмалылығы оқшаулану міндетті саналмайды;
қоғам өміріндегі және діни тұрмыстағы белсенділік;
қауымның мүлтіксіз ұйымдық тәртібі;
мүшелерінің құқықтық теңдігі және басшыларының сайланбалылығы;
дін қызметшілері мен қатардағы құлшылық иелеріне бөлінбеуі;
құдайдың қалаулы пенделері екендігіне деген сенім;
сонымен қатар кәсіби ғұрып атқарушыларының болуы
Ғибадат үйі – Құдайға құлшылық етуге, дұға оқу мен діни жиналыстарға, мінәжәт етуге арналып салынған ғимарат.
Діни іс – әрекет
|
Ілімдік
|
Ғұрыптық
|
Діни іс-әрекет діни сенімнен туындайды. Қасиетті мәтіндерге сүйене отырып, қалыптасқан сенімдерге байланысты орындалатын іс-әрекеттер ілімдік және ғұрыптық болып бөлінеді. Діннің ілімдік қызметі діни ілімді жинақтап, сараптау, түсіндіру және тарату, діни идеологияны жасап, орнықтыру. Діни насихат, дінді уағыздау, діни оқу орындарында білім беру де осы кызмет саласының міндеттері.
Құлшылық жасау салттары діни мейрамдарды өткізу, құлшылық жасайтын ғимараттар тұрғызу т.б. діни қимыл-әрекеттерінің бәрі ғұрыптық қызметтерге жатады.
Діни іс - әрекет барысында діни санаға сәйкес діни қарым-қатынастар қалыптасады. Діни қарым -қатынас белгілі бір сенімді ұстанатын ұйымдарда, этностық ұжымдарда, жанұяда қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |