6В02228 – Дінтану БӨж тақырыбы: Діннің құрылымы, қоғамдағы қызметтері,түрлері және жіктелуі Орындаған



бет2/6
Дата01.12.2023
өлшемі62,3 Kb.
#194433
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
дін тарихы бөж 1,2
циклограмма дш наурыз — копия
1.1. Діннің қоғам өміріндегі орны

Қоғам мен дін арасындағы өзара диалектикалық бірліктегі арақатынасты, діннің Қазақстан қоғамының демократиялық жолмен әлеуметтік, мәдени, рухани және адамгершілік тұрғыдан жаңғыру үрдісіндегі орны мен рөлін екшеу бүгінгі таңдағы маңызды мәселе болып табылады.


Діннің мәнін, оның адам мен қоғам өміріндегі орнын анықтаудың әлеуметтанулық түсіндірмелерін талдауға арналған атап айтқанда бөлімшеде зерттеуіміздің қайнар бастаулары ретінде дінді әлеуметтік институт ретінде зерделеген социология ғылымы классиктері еңбектерінің мәні мазмұндалған. Айталық, О.Конт тарихи дамудың үш сатысы заңын қалыптастыра келіп, ақыл- ой дамуының теологиялық, метафизикалықпозитивтік сатылары қоғамның даму кезеңдерімен сәйкес келетінін негіздеді. Жаңа қоғамның рухани негізі ретінде бірінші теологиялық синтез керектігін баса айтты. Болашақта позитивті дін қоғамды біріктіруші күшке айналады деп есептеді.
О. Конттың пікірінше теология ғылым ретінде үш бөлімнен құралады:
1. фетишизм киелі пұтқа табынушылық;
2. политеизм - көп құдайға табынушылық;
3. монотеизм бір құдайға табынушылық.
Теологиялық күй құдайға, немесе құдайларға сену О. Конттың тұжырымы бойынша әскери-өктем режимдерге сенгендей хал-ахуалсондықтан ондай жағдай:
-қарама-қайшы көзқарастарды бір-біріне үйлестіреді;
-әлеуметтік жүйені ыдыраушылықтан сақтайды;
-қоғамдық тәртіпті тұрақтандырады.
О. Конттың іліміне сүйене отырып мынаны анықтауға болады.
1. Дін қоғамның құрамдас (бөлінбес) бөлігі болып есептеледі.
2. О. Конттың ілімі бойынша әрбір кезеңге белгілі бір әлеуметтік құрылымдар тән Теологиялық үстемдікті қоғамда дінбасылары мен әскерилер қамтамасыз етедіал метафизикалық кезеңде жетекші рөлді ғалымдар атқарады.
О. Конт дінді екіжақты қарастырадыҚоғамдық және жекебастық.
О. Конттың түсіндіруінше қоғамдық дінде құдайдың орнына адамға табыну орын аладыДін адамзат келешегі үшін қызмет етеді Дін өзіне адамзаттық барлық әрекеттерді біріктіредіяғни адамның іс-әрекетінойларынсаяси қимылын негіздейді, мәдениет пен философиясына ықпал етеді.
О. Конт діннің мән-мағынасын әлеуметтік тұрғыдан ұғынып-түсінуге қол жеткізді.
Г. Спенсер, О. Конттың дін туралы ой-пікірлерін әрі қарай дамытты.
Оның ойынша дін:
1. отбасылық қатынастарды нығайтады
2. адамдардың тәртібін бақылау мен басқару негізін бекітіп береді;
3. ұлтаралық бірлікті нығайтады (соның ішінде діни бірлікті де);
4. жеке меншікті қолдайды.
Г. Спенсер дінді бірлікке жеткізу құралы деп есептеді қоғамда әрқашанда қандай да бір дінге орын бар деп ойлады.
М. Вебердің анықтауына қарағанда діннің мәні адамдардың мінез- құлықтары мен іс-әрекеттеріне адамгершілікті талаптар енгізуінде. Ал, діннің шығуы шаруашылық жүргізу қажеттеріне байланысты туындаған құбылыс.
М.Вебер дінге қатысты әлеуметтік көзқарасты талдай келіп, оны зерттеудің алғы шарттарын ашып көрсетіп берді. М.Вебердің түсінігінше, бірінші алғы шарт адамдың діни мінез-құлқын әлеуметтік тұрғыдан зерттеу, діни нанымдар мен саяси және экономикалық қызметтер арасындағы байланыстарды зерделеу қажеттілігі.
Екінші алғы шарт - діннің тарихи өзгерістерде алатын орнын анықтау.
М. Вебер әр түрлі діндердің атқаратын діни қызметтері де әр түрлі болады деп есептеді.
Үшінші алғы шарт - протестанттық дін мен капиталистік құрылыс арасында байланыс орнату яғни капитализм қалай пайда болады? қазіргі кезде кәсіпкерлік қалай пайда болды? деген сұрақтарға жауап іздеу.
М. Вебер дінді әлеуметтік іс- әрекеттің себебі деп түсіндірді, өйткені адам өз мақсатына жету үшін белсенділігін арттырады, ол әлеуметтік, саяси-психологиялық факторларға байланысты дамиды. М. Вебер дін тарихына салыстырмалы-тарихи талдау жүргізіп, оның үш түрлі даму жолын анықтады:
- дүниеге бейімделу діні (конфуциан діні, даосизм)
- дүниеден қашу діні (баз кешу) (индуизм, будда діні)
- дүниені бағындыру діні (иудей, христиан, мұсылман діні)
Дін Э.Дюркгеймнің пікірінше адамдардың өмірін әлеуметтік тұрғыдан ұйымдастырушы тәртіптілік негіздері. Э. Дюркгейм О. Конттан кейін дінді қоғамды ынтымақтастырушы өріс деп қарастырды. Оның түсіндіруінше діни ынтымақтастық өрісі екі жақты қарастырылады;
а) механикалық тұрғыдан және
б) органикалық тұрғыдан.
Механикалық діни ынтымақтастық дамымаған көне қоғамдық құбылыстарға тән құбылыс, ондағы адамдардың іс-қимылы, әрекеттері Бұл қоғам Э. Дюркгеймнің пікірінше тез арада діншілденеді.
Органикалық діни ынтымақтастық адамдардың арасындағы еңбек бөлінісіне, экономикалық қатынастарға негізделген ынтымақтастық жағдаятында адамдар қоғамда еркін өмір сүреді Себебі дін қоғам мүшелерінің ынтымақтастығын арттырады интегративті қызмет атқарады Э.Дюркгейм діни салт жораларға жете көңіл бөлді. Ол адам өміріне азық-түлік қандай қажет болса салт- жоралар да сондай қажет болады деп есептеді. Салт-жоралар адамдардың бірігіп әрекет етуінен туындайды, ол әлеуметтік топтың өмір сүруін нығайтады, олардың бірлігін арттырады.
Э.Дюркгеймнің пікірінше дін қоғамдағы адамгершілік бірлікті сақтайды деген шешімге келді. Діннің әлеуметтік мәні қоғам бір сәтте діннің авторы және обьектісі бола алатынынан көрінеді. Ол дінді дүниеге алып келеді бір сәтте құдай да табынушы да бола алады.
Діннің негізгі қызметі:
- тәртіптілікті сақтау (мәжбүрлеу және бақылау арқылы);
- қоғамда бірлікті нығайту;
- репродуктивтік (одаққа жаңа мүшелер тарту) эйфориялық қызмет.
Э. Дюркгейм дінді кез келген қоғамның құрылымдық элементі деп есептеді.
Р. Белланың, Б. Малиновскийдің, А. Радклифф-Браунның, К. Маркстің, Ф. Энгельстің, Т. Парсонстың, П. Бергердің, Т. Лукманның, осы замаңғы батыстық, ресейлік және қазақстандық социологтардың діни сенім бостандықтары, діни бірлестіктердің қызметі, халықаралық діни бағдарлар, діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері туралы ой-пікірлері талданған. Жалпы социолог ғалымдар дінді әлеуметтік-мәдени құбылыс, жеке адамдардың, немесе әлеуметтік топтардың ой-санасы мен іс-қимылдарының жиынтығы ретінде қарастырады. Социология ғылымы діннің сырт көзге көрінетін құбылыстарын ғана сараламайды, сонымен бірге діннің ішкі мәнін, мазмұнын, діни институттардың іс-қимылдарын саралайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет