6В02228 – Дінтану БӨж тақырыбы: Діннің құрылымы, қоғамдағы қызметтері,түрлері және жіктелуі Орындаған


Діннің қоғамдағы қызметі мен атқаратын рөлі



бет5/6
Дата01.12.2023
өлшемі62,3 Kb.
#194433
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
дін тарихы бөж 1,2

Діннің қоғамдағы қызметі мен атқаратын рөлі: Дін адам өміріне белгілі бір мән мен мақсат беріп, әлемнің болмысын түсіндіреді.
Діннің дүниетанымдық қызметі: Діннің дүниетанымдық іс-әрекетінің мақсаты дүниеге деген көзқарасты саналы түрде өзгертіп, нәтижесінде белгілі бір құндылықтардан, нормалардан, идеалдардан тұратын әлемдік суретті, дүниетанымды қалыптастыру.
Неміс әлеуметтанушысы, тарихшы, философ Макс Вебер (1864-1920 жж.) барлық діндердің негізінде діннің дүниетанымдық қызметі жатыр деп санайды. Ол қоғамдағы атқаратын рөлі мен алатын орнын зерттей отырып, «қоғамды оқып-білу — дінді оқып- білу, ал дінді оқып-білу - қоғамды оқып-білу», деді. Сонымен қатар, ол діннің жеке тұлғаға тигізетін әсері жайында былай ой тұжырымдайды: «Діни сенім әрқашан жеке тұлғаға өмірдің заңдылықтары мен бағытын, белгілі мінез құлық пен оның дұрыстығына деген сенімділікті тудыратын психологиялық талпынысты қалыптастырады».

2.2. Діннің жіктелуі мен түрлері

Қазіргі кездегі дін зерттеушілері этнолог-теологтар, социолог және дін тарихшылары әлемдегі діндерді географиялық аймақты, діндердің халықтар арасына таралу барысын және діндердің сенімі мен құрылысын негізге ала отырып көптеген сыныптарға бөлген. Мәселен, дін социологы Ж.Ваш діндерді негізін салушылары бар (будда діні, жайну, конфуций ілімі т.б.) және дәстүрге негізделген (үнді діні, синто ілімі, түркі діні) діндер деп бөлсе, А.Шиммел алғашқы қауымдық (тайпалық) діндер (га, маоли, аину, инка,) және әлемдік ұлттық діндер (яхудилік, үнді діні, жайну копчета маоли, аину, инка), діндер (будда діні, христиан және ислам) деп бөледі. Сонымен қатар діндерді сеніміне байланысты политеистік (көп тәңіршілдік: синто ілімі, ежелгі грек, ежелгі рим ліндері), монотеистік (бір тәңіршілдік: ислам, яхудилік) деп бөлгенімізбен, бұл барлық діндерді қамти алмайды. Өйткені әлемде құдай сенімі кездеспейтін діндер (будда діні, жайну) де бар.



Тағы да діндерді халықтың этникалық орналасуына байланысты былай сыныптауға болады: Орта Шығыс немесе Семит діндері: яхудилік, христиан және ислам; Үнді діндері: үнді діні, будда діні, жайну, сикх ілімі; Қытай- жапон діндері: конфуцийлік, даолық, синто ілімі.
Ал мұсылман ғалымдары Құран негізінде діндерді құдайлы хақ (Алладан келген: яхуди, христиан және ислам) және адамдық немесе батыл (адамдардың өздері шығарған: будда діні, үнді діні, конфуций, діні т.б.) діндер деп екі топқа бөлген. Ал құдайлық діндердің өзін негізі бұзылған (яхуди, христиан) және негізі бузылмаған (ислам) деп екіге бөледі.

Қорытынды
Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлыгы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет