6В101718 – Шетел тілі: екі шетел тілі(ағылшын-қытай) білім беру бағдарламасы Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні бойынша



бет2/3
Дата06.10.2024
өлшемі129,96 Kb.
#205726
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
ОФД БӨЖ

Акселерация- Акселерация-латынша (accelarae) жылдамдық деген сөзден шыққан. Акселерация қазіргі замандағы адамдардың биологиясындағы жалпы каркындылықты көрсетеді, табиғаты көп факторлы болып келеді. Көптеген Гигиенистердің пікірлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің қызмет функцияларының үйлесімді дамуын бұзатын болғандықтан және қызмет қаблетін азайтатындықтан акселерация балалар организмі үшін қолайсыз болып табылады. Сондықтан, өсіп келе жатқан балалардың дене бітімінің дамуын бақылауға ерекше көңіл бөлінуі керек.

Организмнің өсіп, даму заңдылықтары балалар мен жасөспірімдердің қалыпты өсіп, дамуы үшін, қоршаған орта факторларын гигиеналык нормаландырудың теориялық негізі болып табылады. Бұл заңдылықтарды білу, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің дәрігеріне жеке мүшелер мен жүйелердің баланың әртүрлі жас кезеңдерінде бүтін ағза ретінде қызмет етуін, оның қоршаған ортамен байланысын анықтауға және осы жағдайдың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.


Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын, даму жағдайын бақылау кезінде жиналған мәліметтерге, санитарлық дәрігер, өсіп келе жатқан организмнің жас ерекшеліктерін терең ескеру негізінде ғана дұрыс анықтама бере алады. Яғни, осы заңдылықтарды терең түсініп алмайынша балалардың күн тәртібін ұйымдастыру, тәрбиелеу, оқыту процесстеріне, тамақтану жағдайына ғылыми негізделген талаптар қою бақылау жүргізу мүмкін емес[1.11].


Озыңқы даму-акселерация- баланың биологиялық жасын анықтау қажеттілігін көрсетеді.Биологиялык жасы немесе даму жасы ағзаның өсуін, дамуын, жетілуін, қартаюын көрсетеді және ағзаның құрылымдық, функционалдық және бейімделген ерекшеліктерінің жиынтығымен анықталады.[1.8]


Акселерация термині организмнің дамуының немесе эволюциясының жеделдеуін сипаттау үшін қолданылуы мүмкін. Мысалы, эволюция контекстінде ол организмнің геномындағы немесе фенотипіндегі өзгерістердің жеделдетілген жылдамдығын білдіруі мүмкін. Организмнің дамуында акселерация сыртқы жағдайларға немесе тітіркендіргіштерге жауап ретінде жылдам өсуді немесе жетілуді көрсетуі мүмкін.
Ағзаның өсіп-дамуы барысында өмірдегі қажеттіктен ауытқуы мүмкін. Соның бірі акселерация дегеніміз дамудың жылдамдауы, үдеуі, яғни балалардың дамуы бойынша өз қатарларынан ілгері кетуі. Оның дәуірлік және жеке басының түрлері болады. 19 ғасырдың аяғынан бастап 20 ғасырларда өткен жылдармен салыстарғанда балалар ағзасының өсуі, дене бітімінің дамуы, жыныстық жетілуі, психикасы дамуының тездеуі дәуірлік акселерация деп аталады. Мысалы 20 ғ. 60-80 жыл аралығында жаңа туған бала денесінің ұзындығы 2-2,5 см ұзарса, салмағы 150-500 гр. дейін өсті. Бір жастағы балалардың бойы 5 см ұзын, салмағы 1,5- 2 кг ауырлады (50-75 жыл бұрынғыдан), 15 жастағы балалардың бойы 6-10 см ұзарған, дене салмағы 3-10 кг көбейген (20 ғ. басына қарағанда). Егер 20 ғ. басында қыздар мен ұлдардың денесінің өсуі 16-19 жаста тоқталса, 20 ғ. аяғында адамдардың максималды өсуі 25-26 жаста байқалған[2.16].
Дәл осы акселерацияға қарама-қарсы ұғым –

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет