1-жүргізуші:
7- мамыр- Қазақстан Отан қроғаушылар күні. Тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекміздің өзіндік сыры жетерлік.
Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі. Ал Отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны – бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап.Сонымен бірге ең жарқын ,ең үлкен мереке Жеңіс күні келе жатыр.
2 - жүргізуші:
Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар.
1-жүргізуші:
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық. (1 мин үнсіздік)
Балалар 7-мамыр Отан қорғаушылар күнімен және де 9-мамыр жеңіс күнімен құттықтаймыз.
2-жүргізуші:
Құрметті болашақ Отан қорғаушы ұландарымыз енді экранға көңіл бөлейік. Видео көрсетіледі.
Келесі кезекте қыздардың биі.
1-жүргізуші:
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді
Өмір думан, бақ әкелсін мереке.- дей келе келесі кезекте қыздардың көрінісін тамашалайық. Көрініс.
2-жүргізуші:
Сіздерге көп- көп рахмет ары – қарай жалғастырайық . Ендігі кезекте викториналық сұрақтар.
Біз қай Республикада тұрамыз?- Қазақстан
Бас қаламыз қай қала?- Астана
Рәміздерімізді кім біледі?
Тудың ортасында не бейнеленген және авторы кім?
Біздің гимнің авторлары кім?
Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25-тамыздағы Жарлығымен бекітілген маңызы зор әскери құжат.(Әскери ант)
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқаратын орталық мемлекеттік орган.(Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі)
Майор, подполковник және полковник әскери қызметшілердің қандай құрамына кіреді? (Аға офицерлер)
Кіші лейтенанттан кіші, старшинадан үлкен әскери атақ. (Прапорщик)
1-жүргізуші:
Мейрамдарың құтты болсын жігіттер.
Болмасыншы көңілдеріңде күдіктер.
Мейрамдарыңмен аға, іні бауырлар.
Орындалсын алға қойған үміттер,- дей келе қыздарға құттықтау сөз беріледі.
2-жүргізуші:
Қазақ жігіті керемет қой расында.
Жауапкершілік бар олардың басында.
Өзге ұлттардың жігіттері түк емес.
Кереметтей қазақ жігітінің қасында,- деп келесі кезекте ұлдарға мадақтама қағаздарын таратсақ.
1-жүргізуші:
Асқақ әң көңілді тербесін,
Тұтпасын күн қара пердесін.
Бақытпен көз ашқан балалар
Бүлікшіл соғысты көрмесін ,- деп Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күніне арналған тәрбие сағатымызды аяқтайды.
Хормен барлығы өлең айтады « День Победы»
Достарыңызбен бөлісу: |