№7-8 Дәріс тақырыбы:Тұқым қуалаудың молекулалық деңгейі. ДНҚ тұқым қуалау информациясы және негізгі тұқым қуалаушылықты тасымалдауыш.
Дәріс мақсаты:Хромосома құрылысы күрделі – белок , липидтер екі валентті металдар катиондарымен және триплеттер маңызын түсіндіру.
Жоспар:
Нуклеин қышқылдары. Қос шиыршықты сызбасы
ДНК және РНК қызметтері
Генетикалық код. Синтез бағыты
Триплеттер маңызы
1. Тірі организмдердің табиғи қасиеттері және қажетті белгілері ұрпақтарға таралып отырған. Бұның құпиясын неміс зоологы А.Вейсман жыныс жасушаларындағы ерекше заттар молекулалық құрылымнан іздеуді меңзеген және хромосомада екенін жазды. Соңғыға байланысты тіршіліктің үздіксіз көбею, өніп-өсуі дәлелденеді.
Хромосома - өз көшірмесін әрбір молекула молекулалардан беріледі деген Н.К.Кольцов (1928). Бұл постулаттың негізі бойынша жасуша макромолекулалары: ақуыздар және нуклеин қышқылдары матрицалық (көшірмелік) қағидамен көбеюге тиісті. Хромосома құрылысы күрделі – белок , липидтер екі валентті металдар катиондары кіреді. Кейін барлық тіршілік иесінде генетикалық материалдың ДНК екені анықталды. Оның құрамында көміртегі (С) азот (N) және фосфор (Р) кіретін бұрын белгісіз зат алынды. Оны ядродан бөлініп алынған соң нуклеин деді. Ф.Мишердің (1868) бұл жаңалығы 1874 Пиккорд балық шәуетінен жаңа негізді екі азот атомы бар гетероциклдік қосылыстардың ішіндегі пуpиндер тобына кіретін гуанин еді. Г.Фишер пуринді де пиримидин де құрамында төрт түрлі негіздерден құрайтынын байқады (Коссель мен Асколи, Фишердің тәжірибелері) Олар – аденин ертіндісі қышқылдық қасиеті басым болғандықтан нуклеин қышқылы деді (Ф.Альтман 1989) П.Левен оның құрамында қанттар молекуласы болатынын айтты. Ол көміртегі О саны 1 атомға кем екенін біліп дезоксирибоза (дезокси-оттексіз) толығын рибоза делінді. Осыған байланысты дезоксирубонуклеин және рибонуклеин қышқылдары деді. Нуклеин қышқылын кірпіштерін нуклеотидтер – дейді.
Бір күйден (бактериялардың) екіншіге ауысып (S-R) диссоциация делінді де. Оған кері бағытқа өтетінін трансформация деді. Америкалық микробиолог (К.Т.Эйвора, К.И.Маклеид және М.Маккорти 1944) R-S (кері) күйге өтетінін ДНК деді де молекулалық биология ашылған жылын 1944 деді. Ал Э.Чаргафф ДНК өте (1950) таза күйінде бөліп алды. Құрамында Аденин мөлшері =тимин, ал Гуанин мөлшері Цитозинмен бір болатынын анықтады. 1953 Р.Франклин, М.Уилкинс сапалы рентгеногроммасын түсірді. Осыған сүйеніп Уотсон және Ф.Крик олардың молекулалық моделін құрастырды.
ДНК организмнің басым көпшілігінде тұқым қуудың материалдық негізі. Организмдегі барлық жасушаларды ядросында ДНК саны әрдайым бірдей болады. Құрылымы Нуклеотид ол: органикалық қосылыстан, көмірсу және фосфор қышқылынан құралған. Тізбектер сутегілік байланыстар құрап бір-бірімен берік ұстасып тұрады. Азоттық негіздер химиялық қосылыстарының ерекшеліктері біз тізбектің аденині (А) екі сутегілік байланыс нәтижесінде екінші тізбектің тек тиминімен (Т) ғана, ал гуанин (Г) үш байланыс арқылы тек цитозинмен (Ц) ғана біріге алатынын көрсетеді. ДНК-ң спиралінің диаметрі 20А . Бір-бірімен параллель жатқан көрші жұп негіздердің ара қашықтығы 3,4А. Спиральдың бір айналымына жұптасқан 10 азоттық негіздер кіреді, яғни спиральдың бір айналымы ұзын ДНК молекуласының бойындағы 34А бөлік алып жатыр.(3-сурет)
4-сурет:ДНК тізбегінің құрылысы
Өсімдіктің 1 жасушасындағы ДНК молекулаларын созса, ұзындығы 2метрге жетеді., ал диаметрі 20А.(5-сурет) Ағзадан алынған ұқсас ДНК бөлшектерінің бір-бірімен қос тізбек құруын молекулалық гибридизация дейді.
5-сурет:Қос шиыршықты ДНК құрылымының схемасы
Репликация түсінігі – ДНК екі еселенуін айтады. Стент А. ДНК екі еселенуінің үш түрін ұсынды: 1. консервативтік (екі сақтаушы, негізгі қалпын сақтау) еселенуде ұрпақтың
Достарыңызбен бөлісу: |