№7 Александр Пушкин атындағы орта мектебінде салауатты өмір салтын



Дата23.03.2022
өлшемі0,66 Mb.
#136567
Байланысты:
Жылдық есеп сөс
10 қоғам (1), 10 қоғам (1), 1527332109, 1-сабақ4-бөлім, Хаттама, Анализ СОР СОЧ, 14-практикалық сабак, қазақ-тілі-6-срсп

№7 Александр Пушкин атындағы
орта мектебінде салауатты өмір салтын
қалыптастыру бойынша жыл бойы
өткізілген іс- шаралар
бойынша

Есеп
№7 Александр Пушкин атындағы орта мектепте салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қыркүйек айында іс-шаралар кестесі құрылды. Қазан айында ЖРВИ-ден(жедел респираторлық-вирустық инфекция) сақтану мақсатында мектеп медбикесі қашықтан ZOOM платформасы негізінде оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, қараша айында дұрыс тамақтануға байланысты онлайн дәріс берілді.



Сонымен қатар 1-4 сыныптар дұрыс тамақтануға байланысты суреттер салса, 5-11 сыныптар эссе жазып, сауалнамаларға жауап берді. Ал желтоқсан айында ЖҚТБ-ға қарсы күрес айлығы ұйымдастырылды. Мектеп медбикесі ZOOM конференция арқылы 5-11 сынып оқушыларына дәріс беру. Конференцияның мақсаты оқушыларға ЖҚТБ туралы ақпарат беру, оқушыларға әлемді жаулаған індетпен күресу, жаман дерттің алдын алу, сақтық шараларымен таныстыру СӨС кураторы «1 желтоқсан-ЖҚТБ-мен күрес» тақырыбында желтоқсан айында оқушылармен апта бойы тәрбие сағаттары өткізіліп, дерт бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 1-4 сыныптарда түсіндірме жұмыстары дәстүрлі түрде ұйымдастырылса, 5-11 сыныптар үшін онлайн форматтағы ватсап желісі, ZOOM платформасы қолданылды, тәрбие жұмысы негізінде презентация қоса ұсынылды. қаңтар айында СӨС координаторы «Гигиеналық мәдениетті қалыптастыру жолдары» тақырыбында 6-11 сыныптар арасында ZOOM платформасы арқылы онлайн дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты: оқушыларды гигиеналық мәдениетке , жеке бас гигиенасын сақтауға шақыру, гигиеналық мәдениет туралы терең білім беру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Конференция кезінде оқушыларға тақырып бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Дәрісте СӨС координаторы гигиеналық білім мен гигиеналық дағдылар баланың денсаулығын нығайтып қана қоймай, сонымен бірге баланы әдептілілікке, саналылыққа баулитындығын, оның негізі балабақшадан басталатындығы туралы айтып өтті, гигиеналық тәрбиеге қойылатын талаптарға, мәселен, дене шынықтыру мен шынығудың салауаттандырудағы маңызына, мектеп оқушысының ақыл-ой гигиенасына, тамақтану гигиенасына, қоғамдық және жеке бас гигиенасына, жарақаттанудың алдын алу гигиенасына, жыныс тәрбиесіне жеке-жеке тоқталып кетті.
Сәуір айында Дүниежүлік денсаулық күніне орай онкүндік ұйымдастырылды. Нәтижесінде «Дүниежүзілік Дауна мен Аутизммен күрес» тақырыбында іс-шаралар өткізілді. СӨС координаторы Ә.Ғ.Рахымжан 5-11 оқушылары арасында ZOOM платформасы арқылы онлайн дәріс өткізді.


Мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балалардың мүмкіндігінің шексіз болуы үшін оқушылар тарапынан қолдау көрсету. Темекі мен есірткі сынды зиянды заттардан оқушы бойын аулақ ұстау мақсатында 7-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Сонымен қатар мамыр айында «Менің шылым мен есірткіге көзқарасым» тақырыбында эссе алынды. Мақсаты: оқушы мен зиянды әдеттер арасындағы байланысты анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет