7 аптаның тапсырмасы
1. Топтағы 20 студенттің 15-і математикадан, ал 12-сі қазақ тілінен емтихан тапсырды. Қанша студент екі пәнді бірдей тапсырған?
2. 100 студенттің 28-і ағылшын тілін, 30-ы неміс тілін, 42-сі француз тілін, 8-і ағылшын және неміс тілдерін, 10-ы ағылшын және француз тілдерін, 5-еуі неміс және француз тілдерін, 3-еуі үш тілді де оқиды. Басқа студенттер испан тілін оқиды. Испан тілін қанша студент оқиды? Қанша студент тек бір тілді ғана оқиды?
A = {a,b,c,d} және B = {m,k‚l} жиындарының декарттық көбейтіндісі неше элементтен тұрады?
3. Х = {1,2,3,4,5} жиыны берілген. Осы жиынның элементтерінен қанша екі таңбалы, үш таңбалы, төрт таңбалы сандар алуға болады?
4. Бес түрлі конверт және үш түрлі маркалар бар. Хатты жіберу үшін конверт пен марканы неше түрлі тәсілмен алуға болады?
Кортеж бен жиын ұғымын салыстырыңыздар. Олардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?
5. «Комбинаторика» кортежінің ұзындығы қандай? Осы сөздегі әртүрлі әріптердің жиынын жазыңыздар.
6. A = {a;b;c;d} жиынының элементтерінен ұзындығы 3-ке тең болатын әртүрлі кортеждерді құраңыздар.
7. 0,1,2 цифрларын қолданып, барлық үш таңбалы сандарды жазыңыздар.
8. A = {1;2;3} және В = {4;5} жиындарының элементтерінен ондықтары А жиынына бірліктері В жиынына жататындай етіп, барлық екі таңбалы сандарды жазыңыздар.
9. A = {a;b;c}, В = {1;2} және С = {2;3;4} жиындары берілген.
а) А ´ В, А ´ С және В ´ С жиындарын жазыңыздар.
б) (А ´ В) Ç (А ´ С) және А ´ (В Ç С) жиындарына жататын элементтерді анықтаңыздар. (А ´ В) Ç (А ´ С) = А ´ (В Ç С) теңдігі орынды ма?
10. 1, 2, 3, 4 цифрларын қолданып, барлық екі таңбалы сандарды жазыңыздар.
11. Егер:
а) A = {2;4;6}, В = {0;1};
ә) A = {-1;0;1}, В = {-2; -3; -4};
б) A = {x / x Î N, 3 £ x £ 7}, B = {у / у Î N, 4 £ у £ 9};
в) A = {x / x Î R, 3 £ x £ 7}, B = {у / у Î R, 4 £ у £ 9} болса,
А ´ В жиынын табыңыздар және оның элементтерін тік бұрышты координаталар жүйесінде кескіндеңіздер.
В жиынының А жиынына дейінгі толықтауыш жиынын тап:
а) А = {11;12;13;14;15;16;17;18;19}, В = {11;13;15;17;19};
б) A = {x / x Î N, x £ 8}, B = {x / x Î N, x < 5};
12. Д – екі таңбалы натурал сандар жиыны, К – тақ натурал сандар жиыны. Д \ К және К \ Д жиындарының элементтерінің сипаттамалық қасиетін анықтаңыздар. Д \ К = К \ Д теңдігі орынды ма?
13. Р және S жиындарының айырмасын табыңыздар:
а) P = {x / x Î Z,–4 £ x £ 6}, S = {x / x Î N, 3 £ x £ 10};
ә) P = {x / x Î R,–7 £ x £ 0}, J = {x / x Î R,–3,5 £ x £ 3}.
А мен В жиындарының бірігуін табыңыздар:
а) А = {g;o;m}, В = {m;o;p;e};
ә) A = {x / x Î N, x £ 9}, B = {x / x Î N, x > 10};
б) А – 48628 санындағы цифрлар жиыны, В – 568321 санындағы цифрлар жиыны;
в) A = {x / x Î R, 0 < x £ 4 }, B = {x / x Î R, –7 £ x < 2}.
14. Р – тіктөртбұрыштар жиыны, R – ромбтар жиыны. Қайсы фигуралар Р È R жиынында жатады?
15. A = {x / x Î R,-1 £ x £ 2}, B = {x / x Î R,0 £ x £ 4}, С = {x / x Î R,-2 £ x £ 0}
16. Жиындар берілген:
Достарыңызбен бөлісу: |