Серпімді деформацияны зерделеу.
1 -тапсырма. Серпімді элементі серіппе болып табылатын мектеп динамометрін градуирлеу.
Құрал – жабдықтар: динамометр, бір
тілім қағаз, әрқайсысының массасы 102г
болатын жүктер жиыны, қысқышы, сақинасы
және жалғастырғышы (муфтасы) бар штатив.
Жұмыстың барысы:
Динамометр шкаласын ақ қағазбен бүркеңдер. Қағаздың екі жағы резеңке сақиналардың көмегімен динамометрге бекітіледі.
Динамометрге массалары102г, 204г, 306г және т.б. жүктерді іле отырып, 1Н, 2Н, 3Н, т.с.с. күштерге сәйкес келетін көрсеткіш орнын белгілеңдер.
Көршілес сызықшалардың арасын өлшеңдер. Олар өзара тең бе? Неліктен осы шкалада нъютонның оннан бір үлестерін белгілеңдер. Көршілес сызықшалар арасын өлшеп олар тең екенін білу. Себебі ілінген жүктің массалары бірдей.
Өздерің жасаған шкаланы заводта градуирленген динамометрдің шкаласымен салыстырыңдар.
Өлшеу дәлдігін бағалаңдар.Сызғыштың бөлік құны-0,1мм. Аспап қателігі-0,05.
Қорытынды. Динамометрге жүктер ілу арқылы серіппенің созылуын белгілеп, ақ қағазға шкала салады. Жасалған динамометр арқылы жүктерді өлшейді.Градуирлеу тәсілін меңгереді.
2 – тапсырма: Серпімді дене мен оған әрекет ететін ауырлық күші мен оның арасындағыбайланысты анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |