Қорытынды. Оқушылар аспаптың бөлік құнын таба білуге, аспап қателігі, әр түрлі пішіндегі дененің көлемін анықтау туралыбілімі толығады.
№2 жұмыс.
Кішкентай денелердің өлшемдерін анықтау.
Жұмыстың мақсаты: Қатарлау тәсілімен өлшеп үйрену.
Құрал–жабдықтар: Сызғыш, кішкентай денелердің жиынтығы(бытыра, подшипник шариктері, бұршақ, тары, сымның қиындылары. т.б.), астауша, бұранда, бұранда шеге, бұранғыш(гайка).
1 – тапсырма. Шариктің диаметрін өлшеу.
Жұмыстың барысы:
1 .Астаушаға шариктердің бірнешеуін салыңдар да, оның екі жағындағы жылжымалы тиекті қозғай отырып, оларды бір – біріне.
түйістіріңдер. Сызғышпен екі тиектің L арақашықтығын өлшеп алыңдар.
Оны астаушадағы шариктердің N санына бөліп, бір шариктің диаметрін анықтаңдар: d =
2.Ұсақ денелердің өлшемдерін анықтайтын мұндай тәсіл қатарлау тәсілі деп аталады. Қатарлау тәсілімен жоғарыда аталған басқа да материалдардың өлшемдерін (диаметрлерін)анықтауға болады.
3.Өлшеу мен есептеу нәтижелерін мына кестеге жазыңдар.
Зерттелетін дене
|
Қатардағы бөлшектердің саны ( N )
|
Қатардың ұзындығы ( L, мм )
|
Диаметр
(d , мм )
|
Диаметрді өлшеу қателігі
( hd , мм )
|
Шарик
Бұршақ
|
10
25
|
18
15
|
1,8
0,6
|
1,75
|
Өлшеу қателігі 0,1:2=0.05мм
Достарыңызбен бөлісу: |