Жұмыс түрі
|
Бір тапсырмаға қойылатын баға (max балл)
|
Тапсырма саны
|
Жиынтық баға
|
Рейтинг 1
|
1
|
Дәрістер
|
10
|
10
|
100
|
2
|
Практикалық сабақтарда (семинарларда) тапсырмаларды орындау
|
10
|
10
|
100
|
3
|
БОӨЖ №1 эссе жазу
|
10
|
10
|
100
|
4
|
БОӨЖ № 2 оқу-зерттеушілік жоба жасау
|
10
|
10
|
100
|
5
|
БОӨЖ № 3 контент-анализ
|
10
|
10
|
100
|
6
|
БОӨЖ №4 бағдарламалар (жоспар) жасау
|
10
|
10
|
100
|
7
|
Бақылау жұмыстары және коллоквиумдар
|
10
|
10
|
100
|
Барлығы
|
100
|
Рейтинг 2
|
8
|
Жеке тапсырмалар
|
10
|
10
|
100
|
9
|
Ғылыми жоба дайындау
|
10
|
10
|
10
|
10
|
Жоба жаздыру
|
10
|
10
|
100
|
11
|
Тарихи тұлғаларға мақала
жаздыру
|
10
|
10
|
10
|
12
|
Эссе жаздыру
|
10
|
10
|
10
|
13
|
Бақылау сұрақтарымен жұмыс
|
10
|
10
|
10
|
Барлығы
|
100
|
Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы академиялық кезең бойынша алынған барлық ағымдық және аралық бақылаулар бағасы қосындысының орташа арифметикалық мәні болып табылады:
ЖР = (АБ1 + АБ2 + АБ3 +…. +АБn + АрБ1 + АрБ2) / (n+2),
мұндағы ЖБ –емтиханға жіберу рейтингісі; АБ – ағымдық бақылау; АрБ – аралық бақылау; n – ағымдық бақылаулар саны; 2 – аралық бақылаулар саны.
Пән бойынша қорытынды бақылауға пән бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (барлық практикалық (семинарлық, зертханалық) жұмыстарды және БОӨЖ, БӨЖ бойынша тапсырмаларды орындаған және тапсырған), емтиханға жіберу рейтингісін (50 баллдан кем емес) жинаған білім алушы жіберіледі. Пән бойынша емтиханға жіберу рейтингісі оң баға болмаса (50 баллдан кем емес) білім алушы емтиханға жіберілмейді.
Пән бойынша қорытынды баға автоматты түрде төмендегі формула бойынша есептеледі:
Қ = (Р1+Р2)/2*0,6+емтихан бағасы*0,4,
мұндағы Р1 – бірінші аралық бақылау бағасы; Р2 – екінші аралық бақылау бағасы.
Пән бойынша қорытынды баға білім алушы тек емтиханға жіберу рейтингісі бойынша да, қорытынды бақылау бойынша да оң баға (50 баллдан кем емес) алған жағдайда есептеледі. Қандай да бір дәлелді немесе дәлелсіз себептермен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда «Емтихан бағасы» бағанасына «0» (нөл) қойылады. Пән бойынша аралық аттестация нәтижелері білім алушыға сол күні хабарланады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың төрт баллдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес әріптік жүйесі
Әріптік жүйе бойынша бағалар
|
Баллдардың сандық эквиваленті
|
Баллдар (%-тік құрамы)
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
С
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D-
|
1,0
|
50-54
|
FХ
|
0,5
|
25-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
F
|
0
|
0-49
|
10. Оқытушы талабы, саясаты мен тәртібі
Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау саясаты академиялық адалдық, талаптардың бірлігі, объективтілік пен адалдық, ашықтық және ашықтық принциптеріне негізделген.
Бірінші сабақта мұғалім студенттерге пәннің жұмыс оқу жоспары (силлабусы), академиялық пәннің жоспарланған оқу нәтижелері және оларды бағалау тәртібі туралы таныстырады.
Академиялық әділетсіздік байқалған жағдайда ЖОО білім алушылары тарапынан:
– аудиториядағы және аудиториядан тыс сабақтар кезінде: бірінші жол берілген тәртіп бұзғаннан кейін құрылған комиссия білім алушылармен әңгімелесу өткізеді; актіде шығарылған ескерту және қабылданатын шара (бағаланатын жұмыс үшін бағаны төмендету; білім алушының жазбаша жұмысын жою, бақылау іс-шарасын қайта өткізуге ұсыныс және т.б.) тіркеледі. Академиялық адалдық фактілеріне қайта жол берілген жағдайда оқу жылы ішінде қайта комиссия құрылады, акт жасалады және одан әрі шешімдер қабылдау үшін тәртіптік-сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңеске (бұдан әрі – ТСЖҚК) беріледі;
– аралық немесе қорытынды аттестаттау кезінде: Академиялық әділетсіздік көрсеткен білім алушы сол академиялық кезеңде емтиханды қайта тапсыру құқығынсыз аудиториядан шығарылады. Бұл ретте емтихан ведомосына «Академиялық әділетсіздік танытқаны үшін емтиханнан алынды» деген жазба жазылады, оның түрі көрсетіледі. Емтиханды қайта тапсыру жазғы семестрде немесе келесі академиялық семестрде ақылы негізде жүзеге асырылады. Бұл ретте білім алушы осы оқу пәніне қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес оқу жұмысының барлық түрлерін орындайды және емтихан тапсырады. Емтиханнан қайта шығарылған жағдайда (ЖОО-да оқудың барлық кезеңі ішінде) білім алушы ШҚМУ-ға қайта қабылдану құқығынсыз оқудан шығарылады.
Білім алушының барлық аудиториялық сабақтарға кешікпей, сабаққа қатысуы міндетті болып табылады. Сабақтан қалған жағдайда деканатта тағайындалған тәртіппен өтелінеді.
Берілген курстың білім алушылар контингентіне кірмейтін бөгде адамдардың дәріске қатысуына тыйым салынады.
Жұмысты көрсетілген мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмаларды тапсырудың соңғы мерзімі емтихан сессиясына 5 күн қалғанға дейін беріледі.
Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыпты қайталау мен өтілген материалды өтеу міндетті. Оқу материалының меңгерілу дәрежесі жазбаша жұмыстармен немесе тестпен тексеріледі білім алушыларды тестілеу ескертусіз жүргізілуі мүмкін.
Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысын (БОӨЖ) орындау кезінде келесі негізгі функциялар ескеріледі:
– бірінші – оқу пәні бойынша бағыттау-бағдарлау сабақтары кезінде оқытушы берген ақпаратты студенттердің белсенді қабылдауын іске асыруды көздейді;
– екінші - оқытушының ұсынымы негізінде студенттердің өздігінен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқуын, үй тапсырмаларын, бақылау, курстық жұмыстарды және т.б. орындауын көздейді.
Бұл кезеңде студенттерден жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін білу, қиындықтарды анықтау, өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік тәртіп талап етіледі;
– Білім алушының үшінші функциясы – өздерінде қиындық тудырған жағдайларды талдау мен жүйелеу, оқу материалын түсіну мен меңгерудегі қиындықтар себебін анықтау, басқа оқу әрекетін орындау.
Білім алушы шешімі табылмаған қиыншылықтарды оқытушыларға арналған сұрақтар жүйесіне айналдырады (оларды саралайды, реттейді, ресімдейді), бұл сұрақтарға өз жауаптарының нұсқаларын дайындайды;
– Білім алушының төртінші функциясы түсініктеме, ақыл-кеңес, консультация алу үшін оқытушымен сұхбаттасуын білдіреді.
11. Мемлекеттік емтихан сұрақтары:
«Қазақстан Республикасында тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы».
Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу.
Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихнамасы және тарихи деректері.
Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХ ғасыр басындағы отаршылдыққа қарсы ұлттық қозғалыстардың мақсаты, ерекшеліктері және тарихи сабақтастығы.
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай.
ХХ ғасырдың басындағы патша үкіметінің қоныс аудару саясаты. Столыпиннің аграрлық реформасы.
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанда білім беру және ағартушылық идеялардың дамуы.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
Ресейдегі Ақпан буржуазиялық - демократиялық төңкерісі және оның Қазақстанға әсері. Қос өкімет жағдайындағы Қазақстан.
«Алаш» партиясының құрылуы мен қызметі. «Алаш» партиясының бағдарламасы.
Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
Алаш автономиясының және Қоқан автономиясының тарихы.
Қазақстандағы азаматтық-саяси қарсыласу кезеңіндегі саяси партиялардың қызметі: мұсылмандық партиялар, Үш Жүз, РСДРП бөлімдері большевиктер, кадеттер, эсерлер.
Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан, себептері және салдары. «Әскер коммунизм» саясаты.
Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Автонмиялық Социалистік Республикасының құрылуы. Қазақстан және Орта Азия республикалары жерлерін ұлттық-территориялық межелеу.
М.Шоқайдың саяси қызметі. Оның «Туркестан под властью Советов» еңбегі.
1920 жылғы Қазақстандағы жер - су реформасын жүргізу: барысы, нәтижелері және маңызы.
Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). ЖЭС мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері.
1921-1922 жылдары Қазақстандағы аштық: себептері мен салдары.
Голощекин Ф.И. және оның Қазақстандағы «Кіші Қазан» саясаты.
ХХ ғасырдың 20 жылдарының бірінші жартысы 30-жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуындағы қазақ зиялыларының қызметі.
Қазақстандағы индустрияландырудың әдістері және жолдары жөніндегі саяси пікір-таластар.
Қазақстандағы индустрияландыру: барысы, ерекшеліктері және қорытындылары (1928-1940 жж.).
1928-1932 жж. Қазақстандағы кеңестік үкіметтің аграрлық шаралары. (бай шаруашылықтарының мүлкін тәркілеу, көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды отырықшыландыру, ауылшаруашылық дақылдарын дайындау компаниясы).
Қазақстандағы ұжымдастыру: мақсаттар, іске асыру әдістері, салдары.
Қазақ автономиялық республикасының одақтық болып қайта құрылуы. 1937 жылғы Қазақ КСР-інің Конституциясы және шындық.
ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ұлт мүддесін қорғаушылар С.Сәдуақасовтың, С.Қожановтың және Ж.Мыңбаевтың ұстанымдары.
XX ғасырдың 30-жылдардың басындағы ашаршылықтың демографиялық салдары. «Бесеудің хаты». Рысқұловтың И.Сталинге хаты.
Сталиндік репрессиялар, олардың көлемі және ауыр салдарлары.
ХХ ғасырдың 20-30 жж. халықтың сауатсыздығын жою. (жетістіктері, кемшіліктері және іске асыру жолдары).
ХХ ғасырдың 20-30 жж. Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы.
ХХ ғасырдың 20-30 жж Қазақстанда театр, музыка, бейнелеу өнері және әдебиеттің дамуы.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға немістердің депортациясы: тарихы және тағдырлары.
Қазақстанға корейлердің депортациясы: тарихы және тағдырлары.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға Солтүстік Кавказ халықтарының депортациясы: тарихы және тағдырлары.
Ұлы Отан соғысының басталуы.Қазақстан экономикасын ҰОС жылдарында соғыс жағдайына қарай қайта құру және эвакуация.
Ұлттық әскери құрамалардың ұйымдастырылуы. Ұлы Отан соғысы майдандарына қазақстандықтардың қатысуы.
Қазақстандықтардың майдандардағы қимылдарға және партизан қозғалыстарына қатысуы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың әскери ерліктері.
Қазақстан – майдан арсеналы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі жетістіктері.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру.
1940 ж. екінші жартысы -1950 жж. қоғамдық-саяси жағдай. «Бекмаханов ісі».
1946-1953 жж. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық даму.
ХХ ғасырдың 40 ж. екінші жартысы -1950 жж. Қазақстандағы ғылым, мәдениет және білім беру.
Қазақстандық ғылымның қалыптасуы және дамуы. Қаз КСР ҒА құрылуы. Қ.И.Сатпаев – ғалым және ғылымды ұйымдастырушы.
1953-1964 жж. өнеркәсіптің дамуы. Теміртаудағы оқиға.
Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру.
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық – өмір. КОКП-ның ХХ сьезі. И.Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау.
Ғылыми-техникалық прогресс және 1965 жылғы шаруашылық реформа.
1965-66 жылдардағы экономикалық реформалардың аяқталмауы. Экономиканың дамуының экстенсивті жолы.
XX ғасырдың 70-жылдарының екінші жартысы - 80-жылдардың бірінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қайшылықтары мен қиындықтары.
XX ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ жастарының ұлттық сана – сезімін көтерудегі бейресми студенттік үйірмелердің рөлі («Жас Тұлпар»).
КСРО өнеркәсібінің дамуындағы Қазақстанның үлесі. Өндіріс саласының дербестігінің шектелуі және өнеркәсіптің дамуының қайшылықты сипаты.
Жұмысшылардың қолайсыз әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы. Өнеркәсіптегі дағдарыстық құбылыстардың өсуі.
Қазақстандағы экологиялық жағдай. Аралдың тартылуы. Семей полигоны.
Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы ретіндегі қызметі.
Қазақстан «қайта құру» кезеңінде. (1985-1991 жж.). М.С.Горбачевтың реформалары.
Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары. Себептері, сылтауы және салдары.
«Тіл туралы Заңның» қабылдануы және оның маңызы. КазКСР мемлекеттік егемендігі жөніндегі Декларация (1990 ж.).
Кеңестер Одағының ыдырауы. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы (ТМД).
Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы. «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі» Конституциялық заң.
Саяси партиялардың және партиялық жүйелердің құрылуы. Саяси партиялар жөніндегі заң және оның маңызы.
Азаматтық қоғамның және оның саяси институттарының дамуы. ҚР қоғамдық қозғалыс.
ҚР ішкі және сыртқы саясатының қалыптасуы.
1993 және 1995 жж. ҚР Конституциялары. Мемлекеттік басқару органдары: Президент, Парламент және Үкімет.
Қазақстан - 2030. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Қазақстан халқына Жолдауы.
Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік қысым, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық (ХХ ғ. 90-ж. І жартысы).
Жоспарлы экономикадан нарыққа өту. ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы экономиканың негізгі салаларының дамуының басымдықтары және болашағы.
Экономикалық дамудың қазақстандық моделі.
«Нұрлы жол – болшаққа жол» жаңа экономикалық саясаты.
Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңғырту.
2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты».
Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы білім және ғылым реформаларының негізгі бағыттары.
"Зияткерлік ұлт - 2020" Президенттік бағдарламасы және оның маңызы.
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымының өзгеруі.
Қазақстан халқы Ассамблеясы - қазақстандық қоғамды біріктіру институты.
Қазақстан Республикасындағы конфессия аралық қатынастар. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет.
«Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың Қазақстанға оралуы.
79. «Қазақстан халқының бірлігі және бірегейлігі тұжырымдамасы»: міндеттері және қағидаттары.
ҚР көппартиялық парламенттің қалыптасуы. Нұр Отан: мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріндегі орны және рөлі.
Қазақстан Республиикасындағы жастар саясаты және рухани жаңғырудың жолдары.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: мақсаты және іске асырудың негізгі бағыттары.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы (2012 жылғы 14 желтоқсан).
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандық жол - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы. (2014 жылғы 17 қаңтар).
«Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулердің президенттік бағдарламасы.
Н.Ә. Назарбаев: мемлекеттік қайраткер және саясаткер.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының мәні және маңызы: қазақстандық қоғамның бірлігі және бірегейлігі.
Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабының мазмұны.
Н.Назарбаевтың «Сындарлы онжылдық» еңбегіндегі терроризм, аймақтық қауіпсіздік мәселелері және оларға қарсы күрестің шаралары.
Н.Ә.Назарбаевтың «Әлемнің эпицентрі» кітабында қазіргі заманғы проблемалардың ұлттық қауіпсіздікке және аумақтық тұтастыққа әсері.
Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы этноодемографиялық жағдай және ұлттық қатынастар.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
Н.Назарбаевтың «Қазақстанды егемен мемлекет ретінде қалыптастыру және дамыту стратегиясы» (1992) еңбегінің маңызы.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 15 желтоқсандағы «Тәуелсіздік толғауы» тақырыбында сөйлеген сөзінің маңызы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «XXI ғасырдағы орнықты дамудың жаһандық энергоэкологиялық стратегиясы» кітабы.
Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының мазмұны және маңызы. «Эра независимости».
Сыртқы саясат тәуелсіз Қазақстан Республикасының факторы ретінде. Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғыртудың міндеттері» бағдарламалық мақаласы.
Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының мазмұны мен маңызы.
Еуразиялық қоғамдастықтағы Қазақстанның интеграциялық ынтымақтастығы.
БҰҰ ҚК мүше ретінде Қазақстанның қызметі. ЕҚЫҰ –на Қазақстанның төрағалығы және оның нәтижелері.
Нұр-Сұлтан қаласы – жаңа Еуразияның символы және үлкен болашақтың қаласы.
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиет:
Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. – Астана, 2017
Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 2010.
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4 кітап/ Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев және т.б.. – Алматы, Қазақ университеті, 2016. – 264 с.
Алан Барнард Антропология тарихы мен теориясы [оқулық] / А. Барнард; ауд. Ж. Жұмашова, 2018. - 240 б.
Шваб К. Төртінші индустриялық революция [монография] / К. Шваб; ауд.: Н. Б. Ақыш, Л. Ә. Бимендиева, К. І. Матыжанов, 2018. - 198 б.
Ұлы Дала тарихы: учебное пособие /Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: Zhasyl Orda, 2015. – 328 стр.
Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». ҚР Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Егемен Қазақстан, 15 желтоқсан 2012 ж.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі – Мәңгілік Елдің Ұлы тарихы. Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шарада сөйлеген сөзі. - Егемен Қазақстан, 16 желтоқсан 2014 ж.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша. – Егемен Қазақстан, 1 желтоқсан 2015 ж.
Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының күшеюі (ХҮ ғ.соңы – ХҮІ ғ. алғашқы ширектері). – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2015. – 176 бет.
Қазақ хандығының құрылуы тарихы. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2015. – 520 б.
Кәрібаев Б.Б. Тәуелсіздіктің 25 аса маңызды оқиғалары. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2016. – 272 бет. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.
Қосымша әдебиеттер:
Әбжанов Х. Қазақстан: тарих, тіл, ұлт. – Астана, 2007.
Қозыбаев М. «Өркениет және ұлт». – Алматы, 2001. -369 б.
Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының күшеюі (ХҮ ғ.соңы – ХҮІ ғ. алғашқы ширектері). – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2015. – 176 бет.
Қазақ хандығының құрылуы тарихы. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2015. – 520 б.
Кәрібаев Б.Б. Тәуелсіздіктің 25 аса маңызды оқиғалары. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2016. – 272 бет. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.
Аманжолова Д.А. На изломе. Алаш в этнополитической истории Казахстана.-Алматы, Таймас-412с.
Алаш қозғалысы: Құжаттар мен материалдар жинағы: сәуір 1920-1928 жж. /Бас ред.: Қойгелдиев М.Қ.; Жауапты құраст.: Грибанова Е. М., Жағыпаров Н. Р. – Алматы: Ел-шежіре, 2007. – 304 б.
Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. 1905 – 1917 жж. Т. 1. – Алматы: 2004-2007. I-IV Т.
Сайлан Б.С.Кеңестік биліктегі Қазақстанның жастар саясаты: тарихы мен тағылымы (1917-1991 жж.). – Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2011. – 433 б.
Тоқаев Қ.К. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. – Алматы, 2002.
Қазақстан: мемлекеттілік кезеңдері. Конституциялық актілер /
Рысбекова С. Социальная модернизация традиционного общества в Казахстане (1920-1936 гг.) // Издательство «Арыс», Алматы, 2013. 370 с.
Сайлан Б. Жастар ұйымының жетекшісі – Садықбек Сапарбекұлы // Садықбек Сапарбеков. Құжаттар мен материалдар. – Астана: Әдебиет әлемі. – 2013. –251-256 бб.
Қозыбақова Ф.А.Қазақстандағы кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің аграрлық саясаты және оның салдары (1920-1930 жж.). учебное пособие. – Алматы, 2011 5,4 п.л
Эпистолярное наследие казахской правящей элиты. Сборник исторических документов в 2-х томах. Алматы. 2014.
Уразбаева А.М. «Қырғыз (қазақ) облыстық партия комитеті (Қыробком) құжаттары Қазақстанда тоталитаризмнің қалыптасуы тарихының дерек көзі (1920-1925 жж.)». – Монография. – Алматы: «Қазақ университеті» 2015. – 196б.
Дерек Джонстон Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін [монография] / Д. Джонстон; ауд.: Г. З. Әбдірасылова, Г. Ж. Нұрышева, 2018. – 212 б.
Аронсон Э. «Көпке ұмтылған жалғыз». Әлеуметтік психологияға кіріспе / Э. Аронсон; ауд. Д. Д. Дүйсенбеков [және т.б.], 2018. -
407 б.
Н. Грегори Мэнкью, Марк П. Тейлор Экономикс [оқулық] / Н. Г. Мэнкью, М. П. Тейлор; ауд. Л. Ә. Бимендиева [және т.б.], 2018.-833 б.
Армстронг, Карен. Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны: [монография] / К. Армстронг; ауд. Д. Кенжетай [және т.б.], - 2018. – 421 б.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана, 2007.
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999
Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. - Астана, 2002.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. А., 1997.
Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. 1905 – 1917 жж.
Т. 1. – Алматы: 2004-2007. I-IV Т.
Қазақстан Республикасының Президенті Мұрағатының аса құнды құжаттары: Жинақ. - 1 шығарылымы / Жауапты ред.: Шепель В.Н. – Алматы: АП РК, 2009. – 103 б.
Интернет-көздері:
Достарыңызбен бөлісу: |