7-сынып Мазмұны 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 4



бет8/16
Дата14.12.2021
өлшемі276,09 Kb.
#100669
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
sor.bzhb-aza-tl-7-synyp.....

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі Орындау уақыты

Білім алушы

  • Мәтіндердің стилін, тақырыбын анықтайды, құрылымы мен аудиториясын ажыратады

  • Тілдік ерекшелігін салыстырады

  • Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синоним сөздерге ауыстырады

  • Синонимдік қатарды орынды қолданып, мәтін жазады

Жоғары деңгей дағдылары 15-20 минут




1-тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, кесте бойынша салыстырыңыз.







А мәтіні

Қазақ күйлерінің көбі поэтикалық сөйлемге қүрылған, күйші жырды аспапта жыр жазғандай (қағазға емес) әрекетке барған, бұл әдіс саз қүраудың осы күнге дейін жалғасып келе жатқан тамаша жолы болып табылады. Орыс фольклортанушысы В.Гошовский халықтық музыка стильдерін «музыкалық диалект» деп атаған. Ол музыкалық фольклордың диалектісі ғасырлар бойы қалыптасқан халықтың ойы деген пікірді орнықтырды. Қазақ музыкасын түркілік музыканың бір диалектісі деп қарайтын болсақ, онда оның сарыны мен тілдік даму жүйесін қатар қараған жөн болмақ. Күй тілдік даму жүйесі немесе күй тілі деген үғымды тарқата айтсақ, ол халықтың төл тіліндегі екпіндік, ырғақтық, өлшемдік интонациялардың музыкалық шығармашылықтағы композициялык бейнесі больш шығады. Кез келген күйдің сазында сөздік тіркестер бар, сонымен бірге, сөздердегі тоникалық және силлабикалық өлеңге тәнік буындар да айқын көрініп отырады. Күйді нотамен таңбалауда осы жайт ескерілетін болса күй жазбасы саласы әлбетте, мол мүмкіндіктерге қол жеткізе алады.





Ә мәтіні
Қазақтың музыкалық мәдениетіндегі ең күрделі өнер күй. Ол тек аспаптық сарын ғана емес, ұлт мінезін айқындайтын нышандардың бәрін біріктіретін рухани қүбылыс. Күйтану ғылымының бүгінгі зерттелуі оның тарихын, шежіре-аңызын, мектеби ерекшелігін, сонымен бірге, музыкалық шығарма ретінде теориялык түрғыдан талдануын, дәстүрлі және кәсіби оқыту әдістерін хал-қадарынша қамтып отыр. Осының нәтижесінде күй мен күйшілік үрдістің ұлттың рухани сұранысын өтей алатын казіргі деңгейі қалыптасты. Уәж кәсіби домбырашылыққа қатысты болғандықтан, күйшілік мектептің қалыптасуы мен дәуірлік тарихына қысқаша тоқтала кеткен орынды болар.

Күй өте көне өнер, оның шығарма. ретінде қалыптасуы ұлт емес,ұлыстық дәуірден бастау алады. Ұлыстық дәуір мәдениеті Сақ, Ғүң, Үйсін, Қаңлы замандарынан сыр тартады. Қазіргі аңыз күйлердің ішінде сол замандардан қалған туындылар мынау еді деп айту мүмкін емес, ал, әдеби мүраларымыз сақталған. Мысал ретінде Томирис туралы әпсананы айтуға болады. Одан кейінгі дәуір Түрік қағанаты. Бұл кезеңдегі күйлердің де дерегі жоқ, бұл әдебиетімізде ұлыстық ояну кезеңі деп аталады


Екі мәтіннің ұқсастығы







Екі мәтіннің айырмашылығы




Түрі







Көзделген аудитория (кімдерге арналғандығы)







Мақсаты







Мазмұны







Стилі







Тілі










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет