ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ
1 – тапсырма
Денені таразыға тарту арқылы массасын өлшеу
Қажетті құрал-жабдықтар: таразы, ұсақ гірлер. Параллелипед тәрізді білеуше және массасы әр түрлі кішігірім бірнеше дене.
Дененің массасын анықтау тәсілдерінің бірі – таразы көмегімен өлшеу. Осындай таразылармен өлшеу кезінде оның бір табақшасына (сол жақтағы) массасы белгісіз дене, ал екіншісіне (оң жақтағы) тарахыны теңгеретін гірлер салынады. Дененің массасы таразыны теңгеретін гірлердің массасына тең. Ол үшін:
таразыны өлшеуге дайындаңдар. Таразының дұрыс теңгергеніңе көз жеткізіңдер;
таразыны бұзып алмау үшін өлшенетін денені және гірлерді таразы табақшаларына жайлап қою керек;
денені гірлермен теңгіріп болғаннан соң, таразы табақшасындағы гірлердің жалпы массасын есептеңдер;
Өлшеу нәтижелерін мына кестеге жазыңдар:
Тәжірибе
реті
|
Өлшенетін
дене
|
Дененің массасы, г
|
Дененің массасы, кг
|
1
|
|
|
|
2
|
|
|
|
3
|
|
|
|
2 – тапсырма
Дененің тығыздығын анықтау
Қажетті құрал-жабдықтар: тығыздығы анықталатын денелер, мензурка, сызғыш, жіп.
Алдынғы берілген тапсырмадағы массасы анықталған денелерді алыңдар. Параллелепипедтің көлемін анықтау үшін сызғышпен оның қабырғаларын өлшеңдер, сонан соң көлемін (V=a·b·c) есептеңдер;
Пішіні күрделі болып келген басқа денелердің көлемін мензурка көмегімен анықтаңдар немесе №1 зертханалық жұмыста көлемі анықталған денелерді пайдаланыңдар. Дене тығыздығын формуласымен есептеп, оны г/см3 және кг/м3-пен өрнектеңдер. Өлшеу және есептеу тәтижелерін төменгі кестеге жазыңдар:
Тәжірибе
реті
|
Тығыздығы анықталатын дене
|
Дененің массасы,
г
|
Дененің
көлемі,
см3
|
Тығыздық
|
г/см3
|
кг/м3
|
1
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
№6 зертханалық жұмыс
Серпімді деформацияны зерделеу
Жұмыстың мақсаты: тәжірибе жүзінде Гук заңының дұрыстығын тексеру.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДЫҚТЫ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ
1. Физикада күш деген сөзді біз қалай түсінеміз?
2. Күш бірлігі ретінде нені қолданамыз?
3. Деформация деп нені айтады?
4. Деформация қаншаға бөлінеді? Олар қайсылар?
5. Масса инерция өлшеуіші деп неге айтамыз? Мысал келтір.
I нұсқа
1. Серпімді дененің ұзаруы мен оған түсірілген күштің арасындағы байланысты ағылшын физигі Роберт Гук қай жылы анықтаған?
A) 1660 B) 1659 C) 1661 D) 1670
2. Серпімді деформацияның шамасы түсірілген күшке қандай пропорционалдық қатынаста болады?
A) кері B) тура C) қарама-қарсы D) кері және тура
3. формуласындағы k-
A) жұмсақтық B) қалыңдық C) қатаңдық D) ұзындық
4. күшті өлшейтін құрал-
A) сызғыш B) таразы C) сағат D) динамометр
5. Күштің SI жүйесіндегі өлшем бірлігі-
A) Н B) м/с2 C) м/с D) с
II нұсқа
1. Серпімді дененің ұзаруы мен оған түсірілген күштің арасындағы байланысты анықтаған ғалым?
A) Эйнштейін B) Қаныш C) Нъютон D) Гук
2. Гук заңының формуласы-
A) F=ma B) F=mg C) D) F=(g+a)
3. k-қатаңдықтың SI жүйесіндегі өлшем бірлігі-
A) Н B) Н/м C) м D) м/с
4. Динамометр нені өлшейтін құрал-
A) күшті B) массасы C) уақытты D) салмақты
5. Динамометр қандай заң негізінде пайда болған?
A) Кедергі заңы B) Нъютонның заңы C) Сақталу заңы D) Гук заңы
ТЕОРИЯДАН ҚЫСҚАША МАҒЛҰМАТ
Гук заңы. Серпімді дененің ұзаруы мен оған түсірілген күштің арасындағы байланысты 1660 жылы ағылшын физигі Роберт Гук (1635-1703) анықтаған болатын. Кейінірек бұл анықталған байланыс бізге Гук заңы деген атпен белгілі болды. Бұл заң бойынша: серпімді деформацияның шамасы (созылуы немесе сығылуы) түсірілген күшке тура пропорционал, яғни:
.
Мұндағы F-түсірілген сыртқы күш, -дененің созылу немесе сығылу шамасы. k-қатаңдық деп аталатын пропорционалдық коэффициент. SI жүйесінде қатаңдық нъютонның метрге қатынасымен (Н/м) өрнектеледі. k-қатаңдық дене материалына және оның өлшемі мен пішініне байланысты.
Динамометр. Күшті өлшеу үшін аранайы құралдар – динамометрлер (грекше динамис-күш және метро-өлшеймін) қолданылады. Динамометрлердің негізгі бөлігі серпімді деформацияның әрекет ету аралығында созылатын серіппе болып табылады.
Динамометрлердің бірнеше түрі бар. Қол динамометрлері және біршама үлкен шамадағы күштерді өлшейтін арнайы динамометрлер.
Деформацияның түрлері. Қайсыбір себептердің әрекетінен дене пішінінің (формасының) немесе көлемінің өзгеруін деформация деп атайды.
1. Түсірілген күштің әрекетінен дене ұзындығының бір бағытта созылуын бойлық созылу деформациясы деп атайды.
2. өзін бір бағытта сығып жатқан күштің әрекетінен дене ұзындығының кемуі бойлық сығылу деформациясы деп атайды.
3. Денені барлық бағытта созып жатқан күштің әрекетінен дене көлемінің ұлғаюы барлық жаққа созылу деформациясы деп аталады.
4. Жан-жақтан сығатын күштің әрекетінен дене көлемінің кемуі барлық жақтан сығылу деформациясы деп аталады.
5. осіне перпендикуляр күштің әрекетінен шыбықтың майысуы көлденең майысу деформациясы деп аталады.
6. Дененің параллель қаьбаттарының бір-біріне қатысты қос күштің әрекетінен бұрылуы бұралу деформациясы деп аталады.
7. Дененің параллель қабаттарының бір-біріне қатысты салыстырмалы түрде параллель орын ауыстыруы ығысу деформациясы деп аталады.
Жоғарыда айтылып кеткен деформациялардың әрқайсысы кіші де, үлкен де а абсолют деформациямен бағалауға болады.бола алады. Олардың әрбіреуін Абсолют деформация дп күш әрекетінен болған дененің қайсыбір өлшемінің сандық өзгерісін атайды.
Деформацияланған қатты денедегі ішкі күштердің әрекетін сипаттайтын шама механикалық кернеу деп аталады.
SI жүйесінде бірлігі ретінде қимасының 1м2 ауданына 1 Н ішкі күш әрекет ететін материалдың механикалық кернеуі алынады.
Серпімділік, иілгіштік, морттық және қаттылық. Қатты дененің кез келген деформациясы кезінде ішкі күштердің әрекетінен денені құрайтын бөлшектер бір-біріне қатысты ығысады. Бұл материалда деформацияға қарсы әрекет ететін күштерді тудырады. Серпімділік күштері деп аталатын осы күштер деформацияланған дененің ішінде, оның жеке бөліктерінің арасында, дененің джеформациясын тудыратын басқа денелерге де әрекет етеді. Олар деформацияланған дененің бұрынғы пішінін және көлемін қалпына келтіруге тырысады. Деформацияланған дененің сыртқы күштердің әрекеті тоқтағаннан кейін өзінің бұрынғы пішіні мен көлемін қабылдау қасиеті серпімділік деп аталады. Денеге түсірілдген сырқы күштердің әрекеті тоқтаған бойда жоғалатын дененің деформациясы серпімді деформация деп аталады.
Денеге түсірілген сырқы күштердің әрекеті тоқталған кейін де деформацияны сақтап қалу қасиеті иілгіштік (пластьикалық) деп аталады.
Іс жүзінде аз жүктемелер кезінде серпімді деформацияланатын, ал сырқы жүктемені арттырған кезде қалдық деформация пайда болмастан бұрын қирайтын материалдар кездеседі. Мұндай метериалдар морт материалдар деп аталады (шыны, кірпіш, керамика).
Материалдың қаттылығын түрліше күштермен анықтайды. Көбіне қаттырақ материалдар деп екінші материалдың бетіне сызған кезде із қалдыратын материалды айтады. Ең қатты материал – алмаз.
Гук заңы. Серпімділік модулі. Серпімді деформация мен материалдардағы ішкі күштердің арасындағы байланысты тұңғыш тағайындаған ағылшын ғалымы Р.Гук. Гук заңының тұжырымдамасы мынандай: серпімді деформацияланған денедегі механикалық кернеу осы дененің салыстырмалы деформациясына тура пропорционал.
Материалдағы механикалық кернеудің зат тегіне және сыртқы шарттарға тәуелділігін сипаттайтын k шамасы серпімділік молулі деп аталады. Серпімділік молулі материалдағы салыстырмалы серпімді деформация бірге тең кезде пайда болатын механикалық кернеумен өлшенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |