Сабақтың тақырыбы: "Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары.". Мақсаты: б І л І мд І л І к



Дата04.05.2017
өлшемі408,57 Kb.
#15599
түріСабақ
Сыныбы: 7 сынып

Шоқан Уәлиханов мектеп-гимназиясы

Жамбыл облысы

Сарысу ауданы

Жаңатас қаласы

Ерпаизова Куланда Еділқызы

Физика-информатика пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: “Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары. .



Мақсаты:Білімділік:Су ішінде денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті

анықтауды үйрете отырып білім және білік

дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушыларды ой өрісін дамытуға, өз бетімен

ізденуге, қорытынды жасауға, өзін-өзі бағалап, сын

көзбен қарауға машықтандыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке,

ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, өз елін сүюге

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақ типі: жаңа тақырыпты меңгеру.

Сабақтың көрнекілігі: бағалау парақтары, портрет, интерактивті

белсенді тақта, activote құрылғысы, балауыз, шам, су, стакан.

Пәнаралық байланыс:математика, тарих, география, әдебиет, информатика.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу және сынып тазалығына көңіл бөлу.(2мин)

2. Өткенді қайталау.(12мин)

3. Жаңа сабақты түсіндіру.(20мин)

4. Жаңа сабақты бекіту. (activote құрылғысын пайдаланып тест

тапсырмаларын орындау).(5мин)

5. Сабақты қорытындылау.(3мин)

6. Оқушыларды бағалау.(2мин)

7. Үйге тапсырма.(1мин)

II.Үй тапсырмасын тексеру.

1) Сұрақ-жауап арқылы сұрақтар беріп білімдерін тексеру.

1. Күштің түрлерін ата?


Күш
тартылу күші

ауырлық күші

үйкеліс күші серпімділік

2. Үйкеліс күшінің түрлерін ата?



Үйкеліс күші


сырғанау домалау тыныштық

3. Күшті қандай құралмен өлшейміз?

Күшті өлшеу үшін аранайы құралдар – динамометрлер (грекше динамис-күш және метро-өлшеймін) қолданылады.

4. Бірқылыпты қозғалыс деген не?

Дене бірдей тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.

5. Бірқылыпсыз қозғалыс деген не?

Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.



6.Неге жаңбыр жауар алдында адамның сүйек буындары

сырқырайды. (Атмосфералық қысым кемиді,содан адамның қан

айналым жүйесі бұзылады. )

7. Қатынас ыдыстарды бөліп ал. әугім,шәйнек,суқұйғыш.)
2. Физикалық шамаларды өлшем бірліктерімен тұтастырыңдар.

1).


Сұйық тығыздығы g кг/м3

Тұрақты шамалар V 9,8Н/кг


Дене көлемі ρ м3
2)


1. Жылдамдық

  1. Күш

  2. Уақыт

  3. Ұзындық

  4. Тығыздық




кг/м3

м/с


м

с

Н




3 . «Сиқырлы текше» эксепримент жүргізу.

Ыдыс ішінде су бар. Ыдыс түбінде тиын жатыр. Қақпақ, сіріңке, қағаз, пинцет, стақан сияқты құралдардың қайсысын пайдаланып, қолды су қылмай, тиынды қалай алуға болады? (2 жұлдыз) (пробка ішіне қағаз салып оны өртеу керек те, үстінен стаканмен жабу керек.)



4. «Ойлан тап» ойыны арқылы білімдерін тексеру.

  1. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (Болады. Қар мен мұз күйінде)

  2. Мұз қандай күйге жатады? (Қатты күйге)

  3. Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ не қалады? (Ауа)

  4. Ауа қандай күй? (Газ күйі)

  5. Қандай ыдысқа су құйылмайды? (Су толы ыдысқа)

  6. Ал су қандай күйге жатады? (Сұйық күйге)

  7. Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? (Уақыт)

5. Физикалық тәжірибе.

Сіздердің алдарыңызда тәжірибе өткізу үшін бірнеше құралдар бар. Нәтижеге жеткен уақытта, мынандай сұрақ мазалайды. Неліктен?»

А) Піскен жұмыртқа, қағаз, сіріңке. Қағазды жағып, бөтелкенің ішіне саламыз да, үстіне жұмыртқаны қоямыз. Жұмыртқа бөтелкенің ішіне кіреді. Неліктен? (Қағаз жанғанда ауа қызады қысым ұлғаяды да, ауаның жарты бөлігі жұмыртқаға шығады.)

Б) Стакан, тиын, жайпақ табақта су, сіріңке. Қолды су қылмай, тиынды қалай алуға болады? (Жанған қағазды стакан мен жапсақ атмосфералық қысым арқылы су стаканның ішіне кіреді, сосын күмісті алуға болады.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.

1. “Ой қозғау” сөз жұмбақ шешу

Оқушылар бұл сөз жұмбақты шешу арқылы, өткен сабақтағы білімін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсетеді.


















м

е

т

Р




д

е

Н

е










м

ұ

х

а

м

м

е

д




з

а

т







А

с

т

р

о

н

о

м

и

я













д

и

ф

ф

у

з

и

я

ф

и

з

и

к

а













г

р

а

д

у

с










к

ү

ш

і

  1. Жолдың өлшем бірлігі?

  2. кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе?

  3. Астрономияда өшпес із қалдырған Ұлықбектің аты?

  4. Дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрі?

  5. Аспан денелері туралы ғылым?

  6. Киімге жаққан әтір иісінің ауаға жайылуы қандай құбылыс?

  7. Табиғат туралы ғылым?

  8. Термометрдің өлшем бірлігі?

  9. Денелердің өзара әрекеттесуші сандық өлшемі?

2. Жаңа сабақты түсіндіру Біз өткен тақырыпта манометр, сорғылар тақырыбымен таныс болдық, енді - Архимед күші тақырыбымен танысамыз.

Суат бетінде үлкен болса да ағаш бөрененің жүзіп жіретіні, ал оған тасталған кішкене металл кесегі батып кететіні әркімге де белгілі. Суда жүзе білетін әркім ақ судың өзіне батырылған денені ығыстыратынын жақсы біледі.Адам аздап малти білсе,су да оның жүзуіне ықпал етеді.Сұйық тарапынан әрекет ететін бұл күш қайдан пайда болады?

Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін бұл ығыстырушы күштің шамасы дене мен сұйықтың қандай сипаттамаларына байланысты болатынын қарастырайық. Бұл күштің менін тұңғыш рет ертедегі грек ғахымы Архимед(б.з.б.287-212) есептеп шығарған.Архимедке дейін де адамдар ығыстырушы күштің бар екенін білгені анық.Суда кемелер, қайықтар,салдар жүзген,ығыстырушы күш мүмкіндік беретіндей дәрежеде оларға жүктер тиелген.Алайда осы күштің шамасы неге тең болатынын дәл есептеп шығарған Архимед болатын.Аңызда айтылатындай,Сиракуз патшасы Геронның тапсырмасы бойынша оның тәжін зергер тазаалтыннан жасады ма,әлде алтын мен күмістің қоспасынан жасады ма? Деген сұраққа жауап таба алмай,көп күн әуреленген ғалым бір күні толтыра су құйылған ваннаға түскен кезде ойына әлгі сұрақтың шешуі келген дейді.Өзінің ашқан жаңалығына шаттана қуанған ол «Эврика!» (Таптым!) деп Сиракуз көшелерінің бойымен айғайлап жүгірген екен.Сірә,жаңалық ашқан адам ерекше бір сезімге бөленетін болар.

2.Архимедтің ашқан жаңалығының мән-мағынасын түсіну үшін қарапайым тәжірибе жасап көрейік.Динамометр ілгегіне қандай да бір дене ілейік те,оның шкаласының көрсетуі бойынша ауырлық күшінің мәнін белгілеп алайық.осыдан кейін денені толық суға батырайық.Динамометр көрстуі өзгергенін байқаймыз.Неліктен? Дененің массасын өзгерткеніміз жоқ.Демек бұл жағдайда денеге ауырлық күшінен басқа оны судан ығыстыратын күш әрекет етеді.Ол күш қалай пайда болады?

Сұйықтың қысымы туралы білімімізге сүене отырып,осы сұйыққа батырылған денеге қандай күштер әрекет ететінін қарастырайық.Дененің бүйір жақтарына әрекет ететін күштер тең және олар бірін –бірі тегеріп тұрады.Бұл күштердің әрекетінен тек дене сығылады.Дененің үстіңгі жағын биіктігі Һ1 су бағаны Ғ1 күшпен , ал төменгі жағын биіктігі Һ2 су бағаны Ғ2 күшпен қысады. Мұндағы Һ2 су бағанының биіктігі Һ1 биіктіктен көп, сондықтан Ғ2 күші де Ғ1 күштен көп болады. Демек, денені сұйықтан ығыстыратын күш Ғ1 жәнеҒ2 күштерінің айырмасына тең, яғни Ғы═Ғ12.

Сонымен, сұйыққа батырылған денеге осы денені сұйықтан ығыстыратын күш әрекет етеді.



Тірек-сызбалар:

F=pS=ρghS;

FЫ=F2-F1=ρgh2S-ρgh1S=ρgS(h2- h1)= ρghS= ρgV;

FЫ= ρС gVД немесе FА= ρС gVД

Архимед күші: FА= ρС gVД
3. Есеп шығару. Есептер деңгеймен берілген. Оқушылар есептерді өздері таңдайды. Дұрыс жауабын жұппен тексеру.

Мысал есеп: Көлемі 0,8м3 дене суға батырылғанда оған қандай ығыстырушы күш әрекет етеді?

№1.Суға көлемі 100см3 болатын денеге батырылған.Осы денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар.Судың тығыздығы 1000кг/м3

№2 Керосинге массасы 500г темір кесегі батырылған.Ығыстырушы күшті анықтаңдар.Темірдің тығыздығы ρ =7900кг/м3, алкеросиндікі

ρ =800кг/м3


IV. Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс.

29 жаттығу. №1, №2



2. Тест тапсыру. (activote құрылғысын пайдаланып тест

тапсырмаларын орындау).

1.Архимед күшінің өлшем бірлігі.

2.Судың 0,6м тереңдіктегі қысымын табыңдар.

3.Қөлемі 0,001 метр куб дене суға батырылған осы денеге әрекет

ететінығыстырушы күшті анықтаңдар?

4.Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған аспап.

5.Атмосфера сөзінің мағынасы.

6.Архимед күші қандай шамалармен байланысты.

7.Маған жердің тіреу нүктесін көрсетсеңіз болғаны,мен жерді көтеріп

беремін сөзімен тарихта қалған ғалым.

8.Массасы 4кг дене қандай аурлық күшін түсіреді?

9.Көлемі 40 метр куб керосиннің массасы неге тең?Керосиннің

тығыздығы 800кг/м3

10.Барометр таудың етегіндегі қысымның 760мм.сын.бағ ,ал оның

ұшар басындағы қысым 722мм.сын.бағ тең екенін көрсетеді.Таудың

биіктігі қандай?

11.Ауырлық күші Архимед күшінен үлкен болса,судағы денеге не

болады?

12.Мұз кесегі бензинде жүзіп жүре ала ма?


V. Сабақты қорытындылау.

Венн диаграммасы:



Архимед күші мен ауырлық күші



VI. Оқушыларды бағалау.




Оқушының

аты-жөні



Үй жұмысы

Оқулықпен

жұмыс


Тест

Қорытынды баға

1.

 

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

 

3.

 

 

 

 

 

4.

 

 

 

 

 

5.

 

 

 

 

 

6.

 

 

 

 

 

7

















VII. Үйге тапсырма : §55-§56,29-жаттығу 6,7,8,9 есептер шығару

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет