7 тақырып. Егін шаруашылығының нақты жүйесінің негіздері



бет3/26
Дата20.10.2022
өлшемі210,6 Kb.
#154012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
лекция-7

Ақуыздар.
Ақуыз - организімдегі заттардың ішіндегі ең күрделісі, ал оның эементтік құрамы айтарлықтай қарапайым болып келеді. Онда 51-53%-ы көміртегі, 16-18%-ы азот, 7%-ы сутегі, 21-23%-ы оттегі, 0,7-1,3%-ы күкірт болады. Кейбір ақуыздарда бұған қосымша фосфор кездеседі. Үрмебұршақ, соя, күнбағыстың тұқымында көтеген мөлшерде ақуыз болады.
Амин қышқылдары өсімдікте кетон қышқылдарын тікелей аминдеу немесе қайта аминдеу деп аталатын екі негізгі реация арқылы синтезделеді. Мысалы,: қарапайым пирожүзім қышқылы тікелей аминдеу реакциясында амин тобын қосып алып аланин деп аталатын амин қышқылын түзеді.
Сөйтіп, амин қышқылдарының құрамында карбоксил тобынан басқа амин тобыда болады. Тіклей аминдеу реакциясы бактерияларында, бидай, жүгері, ас бұршақ, ас қабақ, өсімдіктерінде бақыланған. 20 шақты амин қышқылдары ақуыздар құрамына кіреді. Сонымен бірге өсімдіктерде бос амин қышқылдары да кездеседі. Олардың саны 150-ге тең. Бос аминқышқылдар негізгі амин қышқылдарының туындысы.
Адам организіміне қажетті амин қышқылдары азықпен бірге қолданылады. Олардың ішінде валин, лейуин, изолейцин, метионин, треонин, фенилаланин лизин және триптофан ерекше қажет. Азық-түліктің құрамында осы амин қышқылдарының болуы азық- түліктің қоректік құнарлығын арттыра түседі.
Ақуыздардың физикалық және химиялық қасиеттері. Денатурация құбылысы дегеніміз ақуыз молекулаларының екінші және үшінші деңгейлік құрылымының бұзылуы болып табылады. Денатурация салдарынан ақуыздың биологиялыққасиеттері жойылады. Денатурация әр түрлі факторладың әсерімен өтеді. Мысалы, ультракүлгін сәуле, жоғарғы қысым, қыздыру, спирт, ацетон және т.б. заттардың әсер етуі ақуызды денатурацияға ұшыратады.
Тіршілік құбылыстарында денатурация маңызды роль атқарады.
Ақуыздардың атқаратын қызметі. Организімде ақуыздар алуан түрлі қызмет атқарады. Ақуыздың қызметін көбінесе жекелеген молекулалар да жүзеге асыруы мүмкін. Ақуыздардың атқаратын қызметінің ішіндегі ең бастысы катализаторлық қызымет. Барлық тірі организімдерде зат алмасу реакциялары ферменттердің әсер етуімен жүзеге асырылады. Осы кезге дейінгі белгілі ферменттердің барлығы ақуыздардан құралған.
Заттарды тасымалдау ақуыздардың тағы бір маңызды қызметі. Заттардың жасуша мен органоитар ішінде қозғалуын ақуыздар реттеп отырады, яғни оларды активті түрде тасымалдайды.
Ақуыздар сондай-ақ организімнің иммуындық қасиеттерінде жүзеге асырады.Ең ақырында, ақуыздың аса маыңызды қызыметінің бірі- оның құрылыс материалы ретінде пайдалануы. Ақуыз барлық протоплазмалық органоидтардың негізін құрайды. Ол құрылым компонентінің бірі ретінде барлық жасуша мембраналарының құрамына кіреді, тіпті сұйық, гомогенді цитоплазмалық матриксте де ақуыздар болады.
Ақуыздың жетіліуі. Барлық ақуыздар екі топқа бөлінеді. Тек қана амин қышқылдарының қалдығынан тұратын қарапайым ақуыз протеин деп аталады. Қарапайым ақуызға бөтен зат байланысқан болса, оны күрделі ақуыз дейміз, ол протеид деп аталады. Протеиндер негізінен қор және тірек заттар ретінде пайдаланылады, ал протедтер жасуша протоплазмасында ерекше роль атқарады.
Әр түрлі еріткіштерде ерігіштігіне қарай протеиндер төрт класқа бөлінеді. Альбуминдер суда, глобулиндер – тұз ерітіндісінде, проламиндер- 80% этил спиртінде, глютелиндер сілтілерде ериді. В.Л Кретовичтің мәліметтері бойынша, бидай тұқымында- лейкозин, асбұршақ тұқымында – легумелин деп аталатын альбуминдер, үрмебұршақ тұқымында- фазеолин, сора тұқымында – эдестин, соя тұқымында – глицин,деп аталатын глобулиндер, бидай тұқымында – глиадин, жүгері тұқымындазеин деп аталатын проламиндер, күріш тұқымында – оризенин деп аталатын глютелиндер кездеседі.
Қарапайым ақуыз өсімдік дәнінде қор және қоректік зат ретінде жиналады. Дән өскен кезде ол ыдырап, өсу нүктелеріне қарай ағып келеді де, осында жаңа жасушалар түзу үшін пайдаланылады. Қор ретінде жиналған қарапайым ақуыздар дәннің азық- түлік ретінде пайдаланылуында маңызды роль атқарады. Егіншілікте бұл мақсат үшін алуан түрлі дәнді дақылдар өсіріледі. Бидай дәнінле 0,3-0,4% альбумин, 0,11-0,24% глобулин, 3,91- 3,96% глиадин, 4,17-4,63% глютеин ақуздары бар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет