Липидтер. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің липидтері майлар, балауыз, фосфолипидтер және глюколипидтер деп аталатын 4 негізгі топқа бөлінеді. Липидтер организімде зор роль атқарады. Олардың біразы жасушаның қор заты ретінде жиналады, ендігі бір тобы жасушаның құрылымын түзуге қатымады. Протоплазманың, вакуоляның, пластидтердің, ядро мен басқа да органоидтардың сыртқы бетін жауып тұратын мамбраналар, сондай-ақ хлоропластар мен митохондриялардағы барлық тәрізді құрылымдар екі компоненттен тұрады, оның біреуі- липид. Ақуыздармен қосыла келе, липидтер күрделі ақуыздар- липопротеидтер түзеді. Липопротеидтердің осы комплексінен жасуша мембранасы түзіледі.
Майлар негізінен қоректік және энергетикалық қор заттары болып саналады. Олар көп немесе аз мөлшерде өсімдіктердің бардық жасушаларында дерлік түзіледі. Өсімдіктердің басым көпшілігі, атап айтқанда, жоғарғы сатыдағы өсімдіктер тұқымдастарының 88%-і тұқымына қор заты ретінде май жинайды. Майлар вегетативті мүшелерде де түзіледі, бірақ мұнда аз болады.
Химиялық құрамы бойынша майлар глецерин мен үлкен молекулалы май қышқылдарының эфирі болып табылады.
Табиғи майлар құрамында түрлі май қышқылыдары кездеседі. Бұл органикалық майлы қышқылдар молекуласына 4-тен 24-ке жуық көміртектен тұратын тізбек кіреді, бұл тізбек кабоксил тобына жалғасады. Көмірсутекті тізбек полярсыз, сондықтан май қышқылдар молекуласының осы бір шеті суда ерімейтін гидрофобты.
Табиғатта кең тараған май қышқылдар қаныққан және қанықпаған болып бөлінеді. Құрамында (қанықпаған) қос байланысы бар майлы қышқылдарға пальмитолеин, олеин, линол, линолен, архидон қышқылдары жатады. Жиі кездесетін қанаққан майлы қышқылдарға пальмитин, стеариндер жатады.
Сөйтіп, табиғи майлар құрамына кіретін май қышқылдарының сапсына байланысты түрлі майлар кездеседі. Құрамында тек қаныққан май қышқылдары болса, бұл майлар әдеттегі температурада қатты зат түрінде болады. Керсінше, құрамындақанықпаған май қышқылдары болса, әдеттегі температурада май сұйық күйін сақтайды. Мысалы, оливка майының құрамында қанықпаған қышқылдар басым болуынан ол сұйық күйінде болады. Сиырдың сары майының құрамына түрлі май қышқылдары кіреді, сол себепті ол кәдімгі температурада жұмсақ- қою түрде болады. Сиырдың етіндегі майында керсінше қаныққан май қышқылдары болғандықтан май қатып тұрады.
Жануарлар организімінде майлар көмірсулардан түзіледі. Ол алғаш рет малды бордақылау кезінде байқалды. Кейінірек бұл құбылыс микробтар мен жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден де анықталды. Көмірсулар есебінен майдың жиналуыпісіп келе жатқан жемістер мен тұқымдарда өте тез жүреді. Бұл кезде көмірсулар негізінен алғанда, глюкоза мен фруктоза алғашында глицеринальдегид пен диоксиацетонға ыдырайды.