7 тақырып. Егін шаруашылығының нақты жүйесінің негіздері


Төсенішті көңді сақтау технологиясы



бет9/26
Дата20.10.2022
өлшемі210,6 Kb.
#154012
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
лекция-7

Төсенішті көңді сақтау технологиясы. Көңді сақтағанда оның құрамындағы бөлшектер әр түрлі жылдамдықпен ыдырайды. Бұларда ыдырау процесімен (аммиакты азот түзілу) қатар қайта синтездеу (микроағзаларда ақуыз пайда болу) процестері жүреді. Көңде жүретін микробиологиялық процестер органикалық заттардың минералдануына және онда өсімдік сіңіре алатын қоректік элементтердің жинақталуына көмектеседі. Көңді сақтау тәсілін таңдағанда, оның құрамында азот пен құрғақ заттардың көп сақталуына жағдай жасауды ескеру керек. Көңді сақтаудың бірнеше тәсілдері бар.
Оларды малдар жататын жерлерде, көң сақтайтын қоймада немесе тікелей танап басында сақтауға болады. Көңді осылайша сақтағанда, мал қоршау ішінде қозғалып жүріп, төсенішті араластырып, оларды бірте-бірте таптап нығыздайды. Бұл әдістің тиімділігі және үнемділігі, көңді күнде жинап жатудың қажеті болмайды. Малдардың қиын тығыз, тығыздығы бостау және бос күйінде сақтайды. Қиды тығыз етіп сақтағанда оны қабат-қабат үйіп нығыздайды. Осылай сақтағанда көң көмірқышқыл газы және су буымен байытылады да, осының нәтижесінде көмірқышқыл аммонийдың аммиакқа, көмірқышқыл газы мен суға ыдырауына жол берілмейді. Мұндай тәсілді кейде «суық тәсіл» деп те атайды, өйткені көң үйіндісіндегі температура қысқы мерзімде 20-25°С-тан, ал жазда 30-35°С-тан аспайды. Сапасы жоғары көң алу үшін оны осы «суық тәсіл» бойынша сақтаған қолайлы. Көңді тығыздылығы бостау тәсілі бойынша сақтағанда ол 1,5-2 ай ішінде ыдырайды да, жартылай шіриді. Бос, не «ыстық» әдіс бойынша сақтағанда малдың қиын үйіндіге нығыздамай бос тастайды, соның салдарынан оның ыдырау процесі аэробты жағдайда және жоғары температурада жүреді. Әдетте, осындай жолмен сақтағанда азот пен органикалық заттардың көптеп жоғалатындығы байқалады.
Мал қиы сапалы көң алуға мүмкіндік береді. Қиды қазылған орға немесе жер үсті қоймасында сақтайды. Көң сақтайтын жерді мал қорадан кемінде 50 м қашықтықта және тұрғын үй құрылысынан 200 м алыста биіктеу жерге орналастырады. Көң қоймасының көлемі малдың саны мен көңнің сақталу ұзақтығына байланысты. Көңді қойманың бір шетінен екінші шетіне қарай көлденең орналастырады. Осылай орналастырғанда көң қоймасының бір шетінде көбірек ыдыраған көң, ал екінші басында аз ыдыраған шірік болады.
Көңді танаптарда сақтау арнайы дайындалған биіктеу жерде жүргізіледі, ол жерде қидан үлкен-үлкен үйінді жасалады және азоттың жоғалуын болдырмау үшін оны нығыздайды. Қиды салмас бұрын, ол жерді тазалап, бір қабат қамыс салады. Әдетте, қиды жинауды 1-2 күн ішінде аяқтайды. Органикалың тыңайтқыштарды роторлы шашқышпен немесе көң лақтырғышпен шашады. Органикалық тыңайтқыш себудің негізгі әдісі — оны танапқа сүдігер жыртудың алдында шашу. Органикалық тыңайтқыштарды сүрлемдік, көкөніс, картоп, тамыржемісті дақылдарға береді. Органикалық тыңайтқышты негізгі жер жырту жұмысының алдында беруден басқа, ұяға, жүйекке салуға болады.
Төсеніш көңді мал тұратын қорадан тікелей жинау арқылы алады. Жаңа көңнің құрамында 75-90% су және 10-25% құрғаң зат болады. Құрамындағы су мөлшеріне қарай төсенішсіз көң — сұйық, жартылай сұйық болып бөлінеді. Жылқының және қойдың көңі құрамы жағынан ірі қараның көңімен салыстырғанда бағалы болады. Төсеніш көңнің тыңайтқыштық әрекеті жоғары, себебі онда өсімдікке қажетті қоректік элементтер суда тез еритін формасында болады; шамамен азоттың жартысы аммиак формасында болады, фосфордың 1/3 және калийдің барлығы суда ериді. Бірақ та оларды тасымалдау және сақтау қиын. Сондықтан оларды көбінесе қорда дайындауға пайдаланады. Сұйық қи мен ағымды қидың құрамында патогенді микрофлоралар көп болады. Ұзақ уақыт, бір орында төсенішсіз көңді көп мөлшерде пайдалануға болмайды, өйткені ол малазықтық дақылдардың құрамында нитраттардың көбеюіне, қант қызылшасында қанттың, картоп түйнегіндегі крахмалдың азайып кетуіне әкеліп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет