7 тақырып. Егін шаруашылығының нақты жүйесінің негіздері


Лекция№5 ТҰҚЫМ СЕБУ ЖӘНЕ ОТЫРҒЫЗУ ӘДІСТЕРІ



бет11/26
Дата20.10.2022
өлшемі210,6 Kb.
#154012
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
лекция-7

Лекция№5 ТҰҚЫМ СЕБУ ЖӘНЕ ОТЫРҒЫЗУ ӘДІСТЕРІ
Дақылдардан алынатын өнімнің саны мен сапасы ол дақылдардың қандай әдіспен себілгендігіне тікелей байланысты. Себебі әрбір өсімдіктің қоректенетін жер көлемі себу тәсілдеріне қарай өзгереді, ал қоректенетін жер көлемінің шамасына байланысты өсімдіктің өсіп дамуы әртүрлі болады. Сол сияқты себу тәсілдері тұқым мен еңбек шығынына және өнімнің өзіндік құнына да әсер етеді. Сондықтан да себетін дақыл түріне байланысты себу әдістері мен оларға керекті машина түрін таңдап алудың маңызы зор. Төменде соларға тоқталамыз. Тұқымды себу мен отырғызудың мынандай түрлері болады: қатарлап егу, тар қатарлап егу, айқас егу, кең қатарлап егу, ленталап егу, шаршы-ұялы егу, ұялап егу, дәл нүктелеп егу, қатарсыз егу және шашып егу әдістері. Бұл әдістердің өзіндік артықшылықтары да кемшіліктері де бар. Олардың қайсысын таңдау дақыл түріне және жер жағдайларына байланысты болады. Қатарлап егу астық тұқымдары үшін қолданылады. Бұл тәсілмен сепкен кезде тұқым бір қатарда 4-8 см тереңдікте орналасады, ал қатарлардың ара қашықтығы 15 см болады. Қатарлап егілген тұқымдардың қатар аралығы белгілі (15 см) болғанымен, бір қатарда орналасқан тұқымдардың ара қашықтығы әртүрлі болады. Ол – осы әдістің негізгі кемшілігі болып табылады, себебі мұндағы әрбір өсімдікті қоректендіретін жер көлемі бірдей емес. Тар қатарлап егу әдісі қатарлап егудің бір түріне жатады. Оның айырмашылығы мұндақатар аралық екі есе кішірейтілген, яғни 6,5-8,5 см. шамасында болады. Тар қатарлап егу кезінде себу нормасы өзгермейді (себу нормасы деп бір гектар жерге себілетін тұқым мөлшерін айтады), бірақ қатар аралығы кішірейтілгендіктен, әрбір өсімдікке тиісті жер көлемі қатарлап егуге қарағанда бір қалыпты болады. Айқас егу де қатарлап егудің бір түрі. Мұндай әдіс кезінде алдымен егістіктің ұзындығы бойымен жүріп тұқым себеді, кейіннен көлденең бағытта жүріп тағы себеді. Айқас егу кезінде сеялканың себу нормасын екі есе азайтады. Аталған тәсілдің қатарлап егуге қарағандағы артықшылығы – тұқым жер бетіне біркелкі таралады. Мұндай әдісті тар қатарлы етіп себетін сеялка болмаған жағдайда қолданады. Ленталап егу әдісін тарыны, жеміс тұқымдарын еккенде және қатараралық өңделетін дақылдарды сепкенде қолданады. Мұндай тар қатарлар мен кең қатарлар кезектесіп отырады. Тар қатарларды лента деп атайды және сол лентадағы қатар санына байланысты екі, үш ізді ленталар болады. Кең қатарлап егу қатарлап себудің бір түріне жатады, тек оның қатараралығы кең (45-70 см) болады. Мұндай тәсілмен жемістердің, техникалық дақылдардың тұқымдарын және қоректену жер көлемі үлкен болатын дақылдардың тұқымдарын себеді. Ұялап егу кең қатарлап егу әдістің бір түрі болып табылады. Ұялап еккен кезде тұқымдар қатар бойымен ретсіз орналаспайды, ара қашықтары бірдей әр ұяларда екі-үш дәннен орналасады. Бұл тәсіл де қатар араларын өңдеу қажет болатын және қоректену ауданы үлкен дақылдарды егу үшін қолданылады. Оның кемшілігіне қатар аралық көлденең бағытта өңделмейтіндігін жатқызуға болады. Шаршы ұялап егу де ұялап егу сияқты жүргізіледі. Мұнда ұялар ұзын бағытта да, көлденең бағытта да бір түзудің бойына орналасады. Сондықтан да мұндай тәсілмен себілген дақылдардың қатар аралығын ұзындығы бойынша да, көлденең бағытта да өңдеуге болады. Дәл нүктелеп егуді кейде дәнді бір-бірлеп себу деп те атайды. Оның мағынасы мынада. Бір қатардағы тұқымдар өзара бірдей қашықтықта орналасады. Сөйтіп әр өсімдікке тиетін қоректену ауданы біркелкі болады және тұқым аз егіледі. Бұл тәсілдің басқа тәсілдерден осындай артықшылықтары бар. Сондықтан оның келешегі үлкен. Бірте-бірте барлық астық дақылдары осындай тәсілмен егілуі тиіс. Ал қазір дәнді бір-бірлеп егу әдісі қант қызылшасы мен жүгері де ғана қолданылып жүр. Қатарсыз егу кезінде тұқым бір қатарға орналаспайды, кең (100-110 мм) жолаққа себіледі. Егер екі жолақ аралығында тұқым себілмеген жер болмаса, онда оны тұтас қатарсыз, ал екі жолақ аралығында тұқым себілмеген жер болса, онда ондай әдісті кең жолақты қатарсыз себу деп атайды. Бұл тәсіл жайылымды жерлерді жақсарту үшін қолданылады. Шашып егу тәсілі қазір астық тұқымы үшін қолданылмайды десе де болады. Оны тыңайтқыш пен шөп тұқымдарын себу кезінде қолданады. Бұл тәсілмен шашылған тыңайтқыш түйіршіктері жер бетінде ашық қалады. Соңынан тиісті машиналарды (тырмаларды) пайдаланып, оларды топыраққа сіңіреді. Тұқым себу үшін көбінесе сеялкалар қолданылады және олар тұқым егу тәсілдеріне, қандай тұқымды егуге арналғандығына және трактормен қалай агрегатталатындығына байланысты әртүрлі болады. Себу тәсілдеріне қарай қатарлап егетін, дәнді бір-бірлеп егетін және шашып егетін сеялкалар болады. Бұл сеялкалардың жұмысшы мүшелерінің құрылысы да әртүрлі. Себетін тұқым түріне байланысты астық сеялкасы, шөп сеялкасы, қатарлы дақылдық сеялка, жеміс сеялкасы және арнаулы сеялкалар болып бөлінеді. Ол соған ұқсас дақылдарды себеді. Тракторға агрегатталуына байланысты сеялкалар тіркемелі және аспалы болып бөлінеді. Сеялкалар өздерінің қандай жұмысқа арналғандығына байланысты бірнеше талаптарға сай келуі керек. Астық сеялкалары астық тұқымдас, бұршақ тұқымдас дақылдардың әртүрлі тұқымдарын, тарының және дән шамасы астық дәндеріне жағын басқа да тұқымдардың барлығын себуге тиіс. Бұл сеялканың себу нормасының өзгерту шегі үлкен болуы керек. Мысалы, бидайдікі 90-250 кгк/га, сұлынікі 100-275 кгк/га т.с.с. Қойылған себу нормасынан ауытқу 3 проценттен артық болмауы керек. Сеялка қойылған себу нормасын дәл себуге тиіс. Керісінше болса, тұқым жер бетінде біркелкі орналаспайды да әрбір жеке өсімдікке тиеселі қоректену ауданы да әртүрлі болып, өзгеріп кетеді. Сеялка сошниктері тұқымды берілген тереңдікке көмуге тиіс, ауытқу 1 см шамасындай ғана болу керек. Сол сияқты тұқымды жасырмай топырақ бетінде де қалдыруға болмайды. Сошниктер қойылған қатар аралығы да 1 см шамасынан артық ауытқымауы қажет. Шаршы ұялап егетін сеялкалар бір ұяға саны бірдей тұқым себуі керек және олардың зақымдануы 1,5% шамасынан аспауы тиіс. Барлық сошниктерден түскен тұқым, көлденең және ұзындығы бағытымен өлшегенде, бір түзудің бойында болуы керек. Дәнді бір-бірлеп себетін сеялкалар кем дегенде 80% тұқымды бір-бірлеп себуге тиіс, ал себілмей қалған аудан 2%-тен, тұқымның зақымдануы 0,5%-тен аспауы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет