3. Мектеп қызметкерлерінің негізгі міндеттері: Мектеп қызметкерлері міндетті: 3.1. Мектеп Жарғысымен, ішкі тәртіп Ережелерімен, лауазымдық нұсқаулармен қызметкерлерге жүктелген міндеттерді қатаң орындауға;
3.2.Ішкі тәртіп ережелерін сақтауға- жұмысқа дер кезінде келуге, жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығын сақтауға, әкімшілік өкімдерін дер кезінде және нақты орындауға;
3.3.Жұмысының сапасын жоғарылатуға үнемі ұмтылуға, орындау тәртібін қатаң сақтауға, еңбектің жоғары нәтижелеріне жетуге бағытталған шығармашылық бастамаларды үнемі көрсетуге;
3.4.Белгілі ережелер мен нұсқауларда көрсетілген қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау, өндірістік тазалық сақтау, гигиена, өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауға;
3.5.Өз жұмыс орнын тәртіпте және тазалықта сақтауға, материалды құндылықтар мен құжаттарды сақтау тәртібін орындауға;
3.6.Материал, отын және электр энергиясын үнемдеп жұмсауға; оқушыларды мектеп мүлкіне ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
3.7.Медициналық байқаудан өтуге, қажетті медициналық егулерді істетуге;
3.8. Мектептің педагогикалық қызметкерлеріне сабақ үстінде және үзіліс кезінде балалардың өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін толық жауапкершілікте болуға;
3.9.Оқушылар жарақаттанған жағдайда тез арада мектеп әкімшілігіне хабарлауға;
3.10.Оқушы сабаққа кешіккен жағдайда мұғалім сынып жетекшісіне, кезекші әкімге, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына хабарлауға міндетті .
3.11.Мектептің педагогикалық қызметкерлеріне жұмыс уақыты аяқталған соң оқушыларды төмендегі көрсетілген жағдайларда ғана алып қалуына болады:
- сынып сағаттары мен жиналыстарын өткізу кезінде;
- сыныптан тыс және жалпымектептік іс-шараларын дайындау және өткізу кезінде;
- сыныпты тазалау, кезекшілік кезінде;
- сынақтар, қосымша сабақтар өткізу кезінде;
Басқа жағдайларда тек әкімшіліктің рұқсатымен ғана.
3.12. Өрт және басқа да табиғи апаттар болған жағдайда мұғалімдер бекітілген эвакуация жоспарына сәйкес іс-әрекет жасайды;
3.13. Педагогикалық кадрларды аттестаттау туралы ережеге сәйкес педагогикалық қызметкерлер 5 жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.
3.14.Өзінің кәсіби біліктілігін әрдайым көтеруге;
3.15.Мектепте және мектептен тыс жерде жоғары тәртіп үлгісін көрсетуге;
3.16.Қоғам меншігін сақтау және оқушылар бойында мемлекет мүлкіне ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеуге;
3.17. Мұғалім сабақты қоңыраумен бастап және қоңыраумен аяқтауға;
3.18.Мұғалім әрбір сабағына міндетті түрде сабақ жоспармен енуге және сабақ жоспарын сол күнгі кезекші орынбасарға бекітуге міндетті.
3.19.Сынып жетекшілері тәрбие жоспарына және кестеге сәйкес аптасына 1 рет тәрбие сағатын өтуге, оқушының сабақтан себепсіз қалмауына, сабаққа кешікпеуіне,мектеп формасымен келуін талап етуге міндетті ;
3.20. Барлық қызметкерлер жылына 1 рет медициналық тексеруден өтуге;
3.21. Қызметкерлер мектепке бөгде адамдар келген жағдайда әкімшілікке хабарлауға;
3.22. Мектеп қызметкерлері басқа мекемелерге қызмет бабымен кеткені, келгені жайлы мектеп директорына ескертіп, арнайы журналға тіркеліп отыруға мідетті.
3.23.Түрлі себептермен жұмыстан сұранған қызметкерлерге рұқсат беру тек мектеп директоры тарапынан жүргізіледі.
3.24. Мұғалімдер мектепке эстетикалық талғаммен педагог этикасына сай (әйелдер ақ көйлек, қара юбка, ерлер ақ көйлек, қара костюм шалбар мен галстук) киініп келуге тиіс.
3.25.Мұғалімдерге сабақта ұялы телефонмен сөйлесуге тыйым салынады. Сабаққа енгенде ұялы телефондарын сөндіріп кіруге міндетті.
3.26.Соңғы сабақты өткен пән мұғалімі қоңырау соғылғаннан кейін сыныптағы кезекші оқушыларды қалдырып, қалғандарын сыныптан шығарып, посттағы кезекшіге табыс етуге міндетті.