11. Демалыс уақыты
11.1. Мектептегі педагог қызметкерлерге екі лауазымдық айлықақы көлемінде сауықтыру үшін жәрдемақымен, төленетін жыл сайынғы ұзақтығы елу алты күнтізбелік күн демалыс.
Мектептегі әр саладағы қызметкерлер мен кіші техникалық қызметкерлерге төленетін жыл сайынғы ұзақтығы 30 және 24 жұмыс күнінен кем емес демалыс ұсынылады.
11.2. Мектеп қызметкерлеріне төленетін жыл сайынғы демалыс, олардың қалауы бойынша және мектептің өндірістік қажеттілігіне байланысты бөліктерге бөлініп беріледі.
11.3. Мектеп директорымен мемлекеттік мекеменің қалыпты жұмыс жүрісін қамтамасыз ету қажеттілігі мен мектептегі барлық қызметкерлерге қолайлы демалысты есептей отырып демалыс кестесі бекітіледі.
11.4. Қатарынан екі жыл кезекті демалысын бермеуге жол берілмейді.
Егер демалысты пайдаланылмаған болса, қызметкердің жұмыстан шығуымен басқа жағдайда, демалыстың орнын ақшалай қалпына келтіруге жол берілмейді.
Мектеп оқушыларына қойылатын мектептің ішкі тәртіп ережесі
1. Әр оқушы өз бойына Қазақстан Республикасының жас азаматының жоғарғы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға міндетті;
2. Оқушы сабаққа кешікпеуі,сабақтан себепсіз қалмауы тиіс. Егерде оқушы сабақтан себепті қалатын болса, оны анықтамамен дәлелдеуі қажет.
3. Мектеп формасын (іріктелген және жай сыныптардың киім үлгісі бойынша) сақтауға, сабаққа қажетті оқу-құралдарын үнемі әкелуге, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру пәндерінің бекітілген киім үлгісін қатаң түрде сақтауға міндетті;
4. Эксперимент алаңына іріктелініп алынған оқушылардың білімі сапасы стандарт талаптарына сәйкес келмеген жағдайда жай сынытарға ауысуға міндетті, ал жай сыныптардағы оқушылардың білім сапасы тереңдетілген сынытарының талаптары мен білім сапасына сай келген жағдайда қайта іріктеу жұмыстары алынып жылына 1-2 рет ауыстырылуына міндетті.
5. Мектептегі мұғалімдермен, арнайы келген қонақтармен, техникалық қызметкерлермен таныс болмаса да сәлемдесіп жүруге,барлық уақытта өз ана тілінде сөйлеуге міндетті.
6. Оқушы өз ауысымның басталуына 15 минут қалғанда мектепте болуы тиіс;
7. Қоғамдық өмірге белсене араласып өзінің саналы түрде болашақ мамандық таңдауға дайындалуы. Еңбек тәрбиесі бойынша тапсырмаларды орындау барысында қауіпсіздік техника ережелерін қатаң сақтауы тиіс. Өрт қауіпсіздігі, жол ережелерінің қауіпсіздігін сақтауы керек.
8. Оқушының сабақта, мектеп ішінде, мектеп ауласында балағат сөздер айтуына, оқу құралдарына дәптер мен күнделікке, қабырғаға, парталар мен есік-терезелерге, дәретханаға және басқа да жерлерге жазуына,сызуына тыйым салынады, мектеп мүлігін бүлдірсе, оны ата-анасы орнына келтіру керек;
9. Біреудің затын рұқсатсыз иемденуге болмайды, жоғалған немесе ұмытып кеткен затты кезекші мұғалімге немесе мектеп әкімшілігіне тапсыруы тиіс;
10. Сабақ кезінде медбикенің немесе сынып жетекшінің рұқсатынсыз кетуге болмайды;
11. Достарына адал болып, мектеп ұйымының тұтастығын сақтап, оның пайдалы жақтарын дамытуы тиіс;
12. Мектеп қызметкерлері мен ұстаздарға дөрекі сөйлеуге, сөз қайтаруға болмайды;
13. Мектеп ішіндегі, мектеп ауласындағы жұмыстарға шамасының келгенінше көмектесуге міндетті;
14. Қыз балаларға мектеп ішінде косметика бояуларын пайдалануға, 2.5-3 см жоғары биік өкшелі аяк киім киюге, жүзік, алқа, сағат, білезік, көлемді сырға тағуына, тырнақтарын өсіріп бояуына тыйым салынады, қысқа және ұзын шашты жинап, оқушыға сай шаш үлгісін сақтап, ақ бантик тағуға міндетті.
15. Мектеп ішінде, сабақ уақытында ұялы телефондарын пайдалануға тыйым салынады. Ұялы телефондары және басқа да бағалы заттары жоғалса мұғалім және мектеп әкімшілігі оған жауап бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |