«№72 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ішкі тәртіп»


Техникалық қызметкерлердің негізгі міндеттері мен жұмыс уақыты



бет5/7
Дата20.09.2023
өлшемі34,54 Kb.
#181757
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ишки енбек тартиби (1)

7.Техникалық қызметкерлердің негізгі міндеттері мен жұмыс уақыты:
7.1. Мектептің ішкі және сыртқы тазалығына жауапты.
7.2.Тех қызметкерлердің жұмыс уақыты 08:30 - 13:00 үзіліс 14:00 – 17:30
Еден жуушылар, вахта қызметкерлері 08:30 - 14:00 үзіліс 15:30 - 18.30
Мектеп әкімшілігі 08:30 - 13:00 үзіліс 15:00 - 18:30
7.3. Техникалық қызметкерлердің жұмыс уақытын мектептің шаруашылық меңгерушісі белгілейді.
7.4.Техникалық қызметкерлер арнайы жұмыс киімін киюге міндетті.
7.5. Әртүрлі жағдайларда жұмыстан босату тек мектеп директорының рұқсатымен жүзеге асырылады.
8.Мектеп қарауылдарының жауапкершілігіне:
8.1. Қарауылдар ауысымды бір-біріне тапсырарда мектептің мүлігін көзбе-көз қабылдап алу;
8.2. Қарауылдықты таңғы сағат 8:00 - ден келесі күн таңертеңгі сағат 8:00 - де аяқтау;
8.3. Мектептегі компьютерлер және интерактивті тақтасы бар бөлмелердегі компьютерлер,телевизорлардың сақталуы;
8.4. Хатшы, іс-жүргізуші, әдістеме, кітапхана, арнайы оқу кабинеттеріндегі заттардың сақталуы;
8.5. Мектеп ішіндегі және сыртындағы мүліктердің сақталуын, терезе, айналардың, қораның бүтіндігі, айналадағы көгерген ағаш пен егілген гүлдердің сақталуы;
8.6. Өрт қауіпсіздігінің сақталуы жатады;
8.7. Мектептің мүлкі жарамсыз жағдайға келгенде, заттар ұрланғанда сол күнгі қарауыл өз жалақысы есебінен орнын толтырады.


9. Жұмыстағы жетістіктер үшін марапаттау.
9.1.Еңбек міндеттерін орындағаны, балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері, жұмыста ұзақ уақыт мінсіз қызмет атқарғаны, еңбектегі жаңашылдығы және т.б. жетістіктері үшін мектеп әкімшілігі тарапынан мынандай марапаттаулар қолданылады:
-алғыс жариялау;
-құнды сыйлықпен марапаттау;
-құрмет грамотасымен марапаттау;
9.2.Мектеп әкімшілігі марапаттауларды кәсіподақ ұйымының келісімі бойынша белгілейді.
9.3. Марапаттаулар мектеп директорының бұйрығымен жарияланады және ұжым назарына жеткізіледі.
10. Еңбек тәртібін бұзғаны бойынша жауапкершілік
10.1. Еңбек тәртібін орындамағаны үшін, яғни қызметкерге жүктелген міндеттердің қызметкердің айыбы бойынша орындамағаны үшін мектеп әкімшілігі тарапынан мынадай тәртіптік жазалар мен қоғамдық ықпал шаралары қолданылады:
-ескерту;
-сөгіс;
-қатаң сөгіс;
-жұмыстан босату;
10.2. Жұмыстан босату жүйелі түрде еңбек шартын және міндеттерін орынсыз себепсіз орындамаса (мектеп Жарғысы және ішкі тәртіп ережелері бойынша) тәртіптік жаза ретінде қолданылады, егер бұрын қатаң сөгіс алған болса.
10.3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес оқу жылы барысында педагог қызметкер мектеп Жарғысын бірнеше рет өрескел бұзса, жұмыстан босатылады.
10.4. Еңбек кодексіне сәйкес педагогикалық сала қызметкерлері адамгершілікке жат іс-әрекет жасап, әрі қарай тәрбиешілік қызметін жалғастыруға болмайтын жағдайда жұмыстан босатылады.
10.5. Тәртіптік жазаға тарту мектеп әкімшілігі тарапына берілген құқықтары шегінде жүргізіледі. Алдын – ала жазба түрінде түсінік хат талап етіледі.
10.6. Тәртіптік жаза (сөгіс, ескерту,қатаң сөгіс т.б.) бұйрықпен рәсімделеді және барлық мектеп қызметкерлеріне жеткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет