73-бап. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер


-бап. Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық



бет4/10
Дата21.01.2022
өлшемі30,56 Kb.
#112746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Әкімшілік кодекс баптары

435-бап. Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 293-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген, он төрттен он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық –

      ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

436-бап. Елдi мекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану



      1. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда атыс қаруынан, газды, электрлі (өзін-өзі қорғау жағдайларын қоспағанда), пневматикалық және лақтырылатын қарудан оқ ату –

      қару тәркiленіп, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану –

      пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер –

      пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, сол сияқты осы Кодекстің 437-бабында көзделген құқық бұзушылық үшiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адам жасаған әрекеттер –

      әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не заты болып табылған зат тәркiленіп, отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе. Осы Кодекстің 436 және 482-баптарына сәйкес тәркіленген, одан әрі пайдалануға жарамсыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару ретінде айналымға тыйым салынған қару осы Кодекстің 795-бабындакөзделген тәртіппен жойылуға жатады.

      Ескерту. 436-бап жаңа редакцияда - ҚР 22.12.2016 № 28-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет