73-бап. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер



бет1/10
Дата21.01.2022
өлшемі30,56 Kb.
#112746
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Әкімшілік кодекс баптары


73-бап. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер

      1. Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      ескерту жасауға не үш тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

      2. бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      он тәулiкке дейiнгі мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

      3. әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе. Осы Кодекстің мақсаты үшін отбасы-тұрмыстық қатынастар деп ерлi-зайыптылар, бұрынғы ерлi-зайыптылар, бiрге тұратын немесе бiрге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар түсiнiледi.

73-1-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру



      1. Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      2. бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      3. әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –

      қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

73-2-бап. Ұрып-соғу



      1. Тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      2. бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      3. әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет