77. Тұқым. Құрылысы жəне қызметі. Дара жəне қос жарнақты тұқым


Хара балдырлар бөлімі, өкілдері мен көбеюі, таралуы



Pdf көрінісі
бет18/19
Дата26.01.2022
өлшемі227,25 Kb.
#114799
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
77-95-1

94.

Хара балдырлар бөлімі, өкілдері мен көбеюі, таралуы

Хара балдырлары (лат. Цһарóпһyцеае) əлемде жалғыз балдырлар мен жоғарғы класс

өсімдіктерінің қасиеттерін бойына сақтап қалған ежелгі өсімдіктердің бірі.Хара

балдырларының (харофиттер) сыртқы көрінісінде басқа балдырлармен салыстырғанда

көп ерекшеліктер бар. Сыртқы көрінісіне қарап суда өсіп тұрған қырықбуын екен деп

қаласын. Шын мəнінде, қырықбуынға сырттай ұқсағанымен оған ешқандай қатысы

жоқ.Хара балдырларында сабақ та, жапырақ та, тамыр да болмайды, тармақталып

жан-жағына таралып жататын нағыз көп жасушалы талломы болады. Хара

балдырлары тоғандарда тұрып қалған көлшіктерде ізбесі (əк) молырақ суларда қалың

болып ұйылып өседі. Су түбіне түссіз өсінділері- ризоидтары арқылы бекінеді.

Талломның биіктігі 20-30см, кейде 1 метрден де асып кетеді. Талломы буын жəне

буынаралығынан тұрады, буындарында жіп тəрізді, жіңішке тарамдалған өсінділері

топтанып орналасады. Талломындағы жасушалары біркелкі емес, бірі ұзын, екіншісі

қысқа. Басқа балдырлардын тағы бір айырмашылығы жыныс мүшелері көп жасушалы.

Атылық жасушаы-антеридий, аналық жасушасы-оогоний деп аталады. Олар топтанып

орналасқан талломның қолтығына (антеридиі үстіңгі жағына) бекінеді.Хара

балдырларының ооспораларында крахмал мен май тамшылары көп болады,

сондықтан су құстарына өте құнды қорек болып есептелінеді.



95.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет