Төменгі сатыдағы өсімдіктер – дене құрылысы талломды (қаттамалы) өсімдіктер.
сатыдағы өсімдіктердің вегетативті денесі тамырға, сабаққа, жапыраққа бөлінбеген.
клеткаларында нағыз ядросы бар эукариоттар болады. Дене құрылысы жағынан бір не
көп клеткалы жəне ұзындығы 30 – 35 м-ге жететін түрлері де кездеседі. Қоректенуі
жағынан автотрофтылар (балдырлар, қыналар, кейбір бактериялар); гетеротрофтлар
жəне автогетеротрофтлар (миксотрофтар) болып бөлінеді. Төменгі сатыдағы
өсімдіктердің қазба қалдықтары өте ертеден белгілі. Бактериялар мен балдырлар
кембрийге дейінгі криптозойлық шөгінділерден табылған. Төменгі сатыдағы өсімдіктер
табиғатта зат алмасу процесінде (қ. Продуценттер. Консуметтер. Редуценттер) үлкен
рөл атқарады. Кейбір түрлері атмосферлік азотты фиксациялауға қабілетті. Көпшілік
түрі тағам ретінде (саңырауқұлақтар, балдырлар), тыңайтқыш ретінде (балдырлар),
кондитерлік өндірісте (агар), антибиотиктер алуда (сəулелі саңырауқұлақтар), қоршаған
ортаның ластану деңгейін анықтауда (қына) пайдаланылады. Араларында зиян
келтіретін түрлері де аз емес. Мысалы, ауру тарататын паразитті саңырауқұлақтар,
судың “гүлдеуін” туындататын кейбір балдырлар.Төменгі сатыдағы өсімдіктер жоғарғы
сатыдағы өсімдіктердің арғы тегі.
Прокариоттар — Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар
жатады. Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы 1—10 мкм.
Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы — олардың айқындалған
органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары
болмайды. Жануарлардың жəне өсімдіктердің жасушаларында жақсы айқындалған
түйіршіктер болады. Олар — нəруыз, май жəне гликоген сияқты қор заттарынан
тұрады. Прокариоттың эукариоттан негізгі айырмашылығы — онда қалыптасқан
ядросы жəне хромосомалары болмайды. Прокариот ДНҚ-сының эукариот ДНҚ-сынан
айырмашылығы — мұнда ДНҚ-ның сыртын нəруыздар қаптап тұрмайды жəне пішіні
сақина тəріздес болып келеді. Бір сақиналы ДНҚ молекуласы тікелей цитоплазмада
болады жəне эукариот жасушасындағы сияқты ядро екі мембрана арқылы бөлінбейді.
Ал қозғалу мүшесінің қызметін бір немесе бірнеше талшықтары атқаруы мүмкін.
Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы болады, олар микроорганизмдердің
энергетикалық процестеріне қатысады. Мысалы, көк-жасыл балдырлардың мембрана
құрылымында хлорофилл болады жəне олар фотосинтез процесін жүзеге
асырады.Кейбір микроорганизмдерде мембрана құрылымдары аэробты тыныс алу
процестеріне қатысады. Негізінен, прокариоттар жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы
көбейеді, яғни аналық жасуша екі жас жасушаға тікелей бөлінеді.Ертеде прокариотты
организмдер арқылы өте көп жұқпалы аурулар тараған. Көптеген елдерде халыктың
аурудан қырылып қалғаны тарихтан белгілі. Олар — тырысқақ, күйдіргі, оба (əр
жануарларда əртүрлі аталады), т.б. аурулар. Қазақстанда осы аурулардың табиғи
ошақтары əлі күнге дейін бар. Жұқпалы ауруларға жататын жіңішке ауруы, сарып, іш
өту жəне сүзек сияқты ауру түрлері адамдар үшін қазір де қауіпті. Көптеген ішек
ауруларын прокариоттар тудырады.Эукариоттар (грек. еұ – жақсы, толығымен жəне
карён – ядро) – құрамында ядросы бар организмдер.Эукариоттарға барлық жоғары
сатыдағы жануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ бір немесе көп жасушалы балдырлар,
саңырауқұлақтар жəне қарапайымдар жатады. Эукариоттар жасушалары
прокариоттармен салыстырғанда күрделі келеді. Эукариоттар жасушалары көптеген
ішкі мембраналармен жеке бөліктерге (компартементтерге) бөлінеді. Бұл бөліктерде
бір мезгілде бір-біріне тəуелсіз əр түрлі хим. реакциялар жүреді. Бұл жасушаларда
ядро мен түрлі органеллалар (митохондрия, рибосома, Гольджи кешені) қызметтері
жақсы жіктеледі. Клетка ядросы, митохондриялар, пластидтер цитоплазмадан екі қабат
мембрана арқылы шектеледі. Ядрода жасушаның генетик. материалдары (ДНҚ,
онымен байланысқан заттар) шоғырланады. Өсімдік жасушаларының хлоропластары
негізінен Күн сəулесін сіңіріп, оны фотосинтез нəтижесінде органик. заттардың хим.
энергиясына айналдырса, митохондриялар көмірсулар, майлар, белоктар, т.б. органик.
қосылыстарды ыдыратып энергия түзеді. Эукариоттар жасушалары цитоплазмасының
мембраналық жүйесі (эндоплазмалық тор, Гольджи кешені) – жасуша əрекетін
қамтамасыз ететін макромолекулаларды түзіп, жинақтайды. Эукариоттар жасушалары
митоз жолымен бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: