79.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Өсімдіктер əлемінің тарихи
дамуының негізгі кезеңдері.
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер (лат. Ембрёпһyта) - күрделі дифференциалданған
көпжасушалы ағза - жер көлемінде өсуге бейімделген. Патшалық асты патшасына
жататын өсімдіктер - 300 мыңнан астам көбінесе құрғақ жерлерде өседі. Жоғарғы
сатыдағы өсімдіктер сабақ жəне жапырақтан тұрады. Осыған байланысты оларды
жапырақ сабакты өсімдіктер деп атайды- (Цормопһyта). Жоғарғы сатыдағы
өсімдіктердің көбінде тамыр болады. Бұлар 2 жолмен көбейеді - жынысты -
(гаметофит) жəне жыныссыз - (спорофит). Жыныс мүшелерінің: аталығы - антеридий -
аналығы - архегоний -əрқашан көпжасушалы. Қазіргі жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге:
ринифиттер
сарыбауырлылар
плаун тəрізділер
псилотəрізділер
қырықбуындар
папоротниктер
жалаңаш
жабықтұқымдылар жатады.Балдыр тəрізді ұрпақ- силурий дəуірінің аяғынан
басталды.Палеонтологияда: бүкіл өсімдіктер əлемінің екі үлкен тобының бірі; екінші топ
төмен сатылы өсімдіктер деп аталады.Жоғары сатылы өсімдіктердің төмен сатылы
өсімдіктерден айырмашылығы бұлар жақсы жетілген үш бөліктен тұрады, олар
-өсімдіктің тамыры,сабағыжапырағы.
Жоғары сатылы өсімдіктер бірнеше типтерге жіктеледі, олар — мүкке ұқсайтындар,
псилофиттер, плаун тəрізділер, желісабақтылар, папаротник тəрізділер.Папаротник
тəрізділер, өз кезегінде, үш класқа жікгеледі, олар —папоротниктер
(тұқымсыздар),ашық тұқымдылар,жабық тұқымдылар.
Өсімдіктер (лат. Плантае— тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (біріншісі
- хайуандар). Құрлықтың барлық жерінде өседі, суда кездесетін түрлері де
бар.Өсімдіктердің 375 000-ға жуық түрі бар. Өсімдіктер тұқымтобының ең үлкені -
гүлдейтін немесе жабық тұқымды өсімдіктер. Олардың 250 000-нан астам түрі бар.
Өсімдіктер күн сəулесінің көмегімен (фотосинтез) өз қорегін табады. Саңырауқұлақтар
бұрын өсімдіктер қатарына жатқызылатын, алайда өз қорегін өндірмейтін
болғандықтан, қазір олар жеке класқа жіктелген. Олардың 100 000-ға жуық түрі бар.ХХ
ғасырдың ортасына дейін өсімдіктерді төмен сатыдағы (бактериялар, балдырлар,
кілегейлілер, саңырауқұлақтар, қыналар) жəне жоғары сатыдағы өсімдіктер (ринийлер,
мүктəрізділер, псилофиттер, плаунтəрізділер, қырықбуындар, қырыққұлақтəрізділер,
ашықтұқымдылар жəне гүлді өсімдіктер не жабықтұқымдылар) деп бөлді. 20 ғасырдың
аяғында бактериялар мен саңырауқұлақтар өз алдына жеке патшалық болып бөлінді.
Соңғы жүйеленім бойынша өсімдіктер 3 патшалық тармағына жіктеледі:
қызыл балдырлар
нағыз балдырлар
ұрықты не жоғары сатыдағы өсімдіктер.
Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтары немесе
айырмашылықтарын көрсететін белгілер пайдаланылады. Солар арқылы өсімдіктердің
біріне-бірінің туыстық жақындықтарының деңгейі анықталады.Құрылымы, тіршілік етуі
жағынан бірдей жəне өз ата-енелеріне ұқсас, жеміс беретін, ұрпақ түзе алатын
дарақтар бір түрге жатқызылады.
Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Жақын туыстар бір тұқымдасқа
олардың əрқайсысын қандай да бір класқа жатқызады.
Достарыңызбен бөлісу: |