Зигомицеттер—саңырауқұлақтардың бір класы. 4 қатары (Мұцоралес, Ендогоналес,
Ентомопһтһоралес, Зоопагалес), 500-ден артық түрлері белгілі. Табиғатта кең тараған.
Топырақта, көңде, сондай-ақ өсімдіктердің құрамында, буынаяқтылардың, омыртқалы
жануарлар мен адамдардың денесінде паразитті тіршілік етіп, қоректік заттардың
құрамында ақ ұнтақ түрінде кездеседі. Зигомицеттердің талломы өте жақсы дамыған
көп ядролы жіпшумақтардан (мицелийлер) құралады. Клетка құрамында хитин жəне
хитозин, кейде глюкан заттары болады. Зигоспора түзіп, зигогамия жолымен жынысты
көбейеді, аты осыған байланысты қойылған. Зигогамия жолымен жынысты көбею
кезінде əр түрлі жынысты екі жіпше түйісіп, перделермен бөлініп, екі жыныстық мүше
гаметангийлер түзіледі. Гаметангийлерде жыныстық жасушалар түзілмейді. Екі
гаметангийдің түйіскен жерінде қабықтары еріп, зигота түзіледі. Зигота 2-3 қабаттан
тұратын қабықпен қапталып, ұзақ бұйығу кезеңінен өтеді.Одан əрі ядро редукциялы
бөлініп зиготадан өскен жіпшеге өтеді де, ұшында түзілген спорангийде əрқайсысы
спораға айналады. Споралар əр түрлі жынысты болады. Олардан əр түрлі жынысты
саңырауқұлақ жіпшелері өсіп жетіледі. Зигомицеттер табиғатта эндогендік жолмен
түзілетін жыныссыз споралар немесе конидиилер арқылы да көбейеді. Саңырауқұлақ
жіпшелерінің (мицелии) ұзындығы бірнеше мм-ден бірнеше см-ге дейін жетуі мүмкін.
Зигомицеттер класы мукорлар (Мұцоралес) жəне энтомофторалылар
(Ентомопһтһоралес) қатарларына жіктеледі. Мукор саңырауқұлақтары топырақта,
өсімдік қалдықтарында жиі кездесіп, соңғыларын органик. заттарға дейін ыдыратуда
белсенді рөл атқарады. Олар ылғалдылығы жоғары дəнді де жайлап, оның сапасы мен
тұқымының өнгіштігін төмендетеді. Мукорлардың кейбір түрлері адамның өкпе ауруын
қоздырады. Энтомофторалы саңырауқұлақтардың жасуша қабығы хитинделген, жетіле
келе перделерге бөлінетін, тармақталған мицелийлерден тұрады. Бұл қатардың
арасында насекомдар микоздарын қоздыратын Ентомопһтһора туысының өкілдері
белгілі. Оларды ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерімен күресудің биол.
тəсілі ретінде пайдалануға болады.Қазақстанда Зигомицеттер көп кездеседі, көпшілігі
тағамға зең түсіреді; қара Зең саңырауқұлақтары. Зигомицеттердің кейбір түрлерін
микробиологиялық жəне тамақ өнеркəсіптерінде, біраз түрлері зиянды жəндіктермен
биологиялық күресте қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: