77. Тұқым. Құрылысы жəне қызметі. Дара жəне қос жарнақты тұқым



Pdf көрінісі
бет10/19
Дата26.01.2022
өлшемі227,25 Kb.
#114799
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
77-95-1

.

86.

Дейтеромицеттер (немесе жетілмеген) класы. Жалпы сипаттамасы, басты

өкілдері. Таралуы. Маңызы.

Жетілмеген саңырауқұлақтар, дейтеромицеттер – қалталы жəне базидиялы спора

тасушы органдары айқын байқалмайтын, мицелийлері жақсы дамыған

саңырауқұлақтар класы. Бұлар көбіне жыныссыз жолмен түзілетін конидийлер арқылы,

біраз түрі бүршіктену жəне мицелийдің жеке клеткаларға бөлінуі арқылы көбейеді.

Жетілмеген саңырауқұлақтар табиғатта кең тараған, 30 мыңдай түрі белгілі. Олар

топырақта, өсімдіктердің қалдықтарында сапрофит жəне жоғары сатыдағы, əсіресе,

мəдени өсімдіктерде паразит ретінде көп кездеседі. Бұлардың біраз түрлері бүршіктену

жəне мицелийдің жеке клеткаларға бөлінуі арқылы да көбейе алады. Жетілмеген

саңырауқұлақтар азық-түлікті бүлдіреді, кейбіреулері өсімдіктердің паразиттері –

антракноз, фузариоз, септориоз, фомоз ауруларын қоздырады.Табиғатта аса көп

тараған, бұлар тек өсімдіктер қалдықтарында, əртүрлі құрамы бар топырақта да

сапрофитті тіршілік етеді. Сонымен қатар, жоғарғы сатыдағы мəдени жəне жабайы

өсімдіктердің паразиттері. Жалпы Қазақстанда кездесетін саңырауқұлақтардың




45%-дайы, 1650-ден астам түрі жетілмеген саңырауқұлақтарға тəн.Бұл класқа

мицелийлері гаплоидты көп клеткалы, физиологиялық жағдайына, өсіру ортасына,

түріне байланысты бір не көп ядролы болады. Клетка аралықтары аскомицеттердікі

сияқты жай саңылаулы. Аздаған түрлерінде ғана базидиомицеттер сияқты саңылауы

күрделі келеді. Олардың айқын қалталы жəне базидийлі спора тасушы мүшелері

болмайды, жыныссыз жолмен түзілетін конидиялар арқылы көбейеді. Бұлардың біраз

түрлері бүршіктену жəне мицелийдің жеке клеткаларға бөлінуі арқылы да көбейе

алады. Көпшілік дейтеромицеттердің конидия сағақтары бір-бірімен сағақтары

коремий, спородохия, ацервула (ложа) пикнид деп аталатын əр түрлі формалар

құрайды. Көптеген конидия сағақтары бір-бірімен тығыз желімделіп буда құрайды, мұны

коремия деп атайды. Конидия сағақтарынан ұшынан синхронды түрде конидиялар

тарқатылып жатады. Гифалардың тарамдалып тоқылуынан дөңес дене не

жастықшалар (строма) құрылады, оның жоғарғы жағынан конидия споралары бар

конидия сағақтары түзіледі, мұны спородохий деп атайды.Ацервула конидия

сағақтарының дамуы жағынан спородохияға ұқсас, одан негізгі айырмашылығы дөңес

стромаларда құралмай, гифалардың тоқылуынан құралған тегіс қабаттарда құралады,

сыртында перидий қабығы болады. Пикнидалы конидия сағақтары күрделі. Ол шар не

құмыра пішінді ашық не күңгірт түсті қабықты, жоғарғы жағында тар тесігі болады.

Пикниданың ішкі жағынан тығыз қысқа конидия сағақтары дамиды. Конидия

сағақтарының ұшынан конидия, артроспора, алевриоспора, анеллоконидия,

бластоспора, пороспора, фиалоспоралар деп аталатын əр түрлі конидиоспоралар

түзіледі. Артроспора конидия сағағының не гифалардың фрагментациясы нəтижесінде

түзілсе, алевриоспора конидиогенді клетканың пердеге бөлінуі нəтижесінде түзіледі,

алевриоспора көбінекей ірі келеді жəне бірден пайда болады. Алевриоспора конидия

сағағынан бөлінгеннен кейін конидиогенді клетка ұзарып, онда сақина пішінді тыртық

қалады. Ондай конидиогенді клетканы анеллофора, ал спорасын анеллоконидия деп

атайды. Бластоспоралардың құралуына конидиогенді клетканың қабығы тұтас

қатысады. Бластоспора бүршіктену тəсілімен конидия сағағының ұшында түзіледі.

Пороспора құрылуда конидиогенді клетканың ішкі қабаты ғана қатысады жəне

бүршіктену арқылы дамиды. Қалың қабықты келеді. Фиалоспора құрауға конидиогенді

клетканың қабығы қатыспайды, фиалоспора фиалидиден дамиды. Барлық споралар

конидия сағағының ұшында пайда болады. Дейтеромицеттердің классификациясы

конидия сағақтары мен конидия спораларының құрылысына, формасына

негізделген.Алайда, мұндай жасанды классификация олардың филогенетикалық шығу

тегін көрсетпейді, тіпті олардың бір-бірімен қарым-қатынастарына қайшы келеді. Кейде

қалталы саңырауқұлақтардың (мысалы, Mycosphaerella) бір туысқа жататын түрлерінің,

əр алуан конидиялы сатысы болуына байланысты, əр түрлі туысқа, тіпті тұқымдасқа,

кейде қатарларға, ал екінші бір жағдайда туыстық қатынастары бір-бірінен шақ, бірақ

конидиялы спора тасушы мүшесі ұқсас түрлері бар бір туысқа жатқызылады. Мысалы,

Oedocephalum түрінің конидиялы спора түзуші мүшесі мукорлардың, дискомицеттердің

жəне гименомицеттердің кейбір түрлеріне ұқсас болып келеді.Бұрын бұл класс

уақытша қалталы не базидийлі спора тасу мүшелері табылғанша деп келді. Кейінгі

зерттеулер кезінде біраз дейтеромицеттердің аскалы, базидийлі спора тасушы

мүшелері табылып, олардың байланыстарының барлығы анықталды. Мысалы, көпшілік

– Aspergillus, Fusarum жəне басқа дейтеромицеттердің қалталы спора құру кезеңдері

табылды. Алайда көпшілік дейтеромицеттердің жетілген, яғни телеоморфа кезеңі

табылмады. Қазіргі уақытта біраз микологтардың дейтеромицеттер жөніндегі

көзқарастары өзгерді. Көпшілік микологтар дейтеромицеттерді жоғарғы сатыдағы




саңырауқұлақтардың эволюциялық дамуының қалыптаспаған жас бұтағының бірі деп

қарайды. Тіршілік жағдайының кенет өзгеруіне байланысты жынысты споралық

жағдайын жоғалтқан басым көпшілігі қалталы саңырауқұлақтардың бір бұтағы болу

керек деседі. Жалпы конидиялық спора тасу мүшесіне, оның құрылысына қарай

классификациялауда туыстас организмдер əр түрлі таксономиялық бірлікке кетіп

қалады. Оның себебі бір туыстың ішінде бірнеше түрлі конидиялы спора құру

жағдайлары байқалады. Соған байланысты дейтеромицеттердің туыстарының əр

тұқымдастарға, қатарға жатуы мүмкін. Сондықтан, осы уақытқа дейін

дейтеромицеттердің табиғи классификациясы жасалған емес. Кейінгі уақытта көптеген

микологтар жыныссыз көбею мүшесінің құрылысы мен биологиясын негіз етіп алып

жаңа табиғи классификация жасауға тырысуда.Жоғарыда айтылғандай, жетілмеген

саңырауқұлақтар тек жыныссыз жолмен конидиоспоралар арқылы көбейеді. Соған

байланысты бұл саңырауқұлақ дарақтары конидийден дамиды деп есептелуіне

байланысты ішкі себептердің əсерінен аздаған мутациялық өзгерістерге ұшырайды деп

есептеп келді. Бірақ табиғатта саңырауқұлақтарда оның ішінде дейтеромицеттерде

мұндай жағдай байқалмайды. Бұл класс экологиялық қозғалғыш тым өзгергіш, əртүрлі

төсеміктерде кең тараған саңырауқұлақтар қатарына жатады. Оның басты себебі

мицелийінің гетерокариотикалық яғни генетикалық əртүрлі белгісі бар ядродан

құралуында.Жоғарыда айтылғандай көптеген қалталы саңырауқұлақтардың жетілмеген

саңырауқұлақтарға жатқызылатын конидиялы сатысы өсімдіктердің паразиті ретінде

кездессе, қалталы спора түзуші кезеңі өсімдік қалдықтарының сапрофитті ретінде

кездеседі.Дейтеромицеттердің жасанды классификацияларының ішінде итальян

микологы П.Саккардонның ұсынған системасы көбірек қолданылады. Бұл система

бойынша, дейтеромицеттер, гифомицеттер, меланкониялықтар, сферопсидалықтар

болып 3 қатарға бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет