8- дәріс тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектепте механика бөлімін оқыту әдістемесі. Мақсаты



бет5/11
Дата21.05.2024
өлшемі161,94 Kb.
#202688
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
№ 8-Дәріс

5. Масса ұғымын енгізу
Жоғарғы сыныптарда масса ұғымын қалыптастыру негізгі мектепте алынған білімдеріне сүйене отырып жүргізіледі. Масса ұғымы туралы базалық курста алған білімдерін физиканың басқа бөлімдерінде одан ары дамытылып қалыптастырылады.
Бағдарлы мектептің жоғарғы сыныптарында масса ұғымын қалыптастыру мынандай кезеңдерден тұрады.
1-кезең. VII-IX сыныптардағы масса ұғымдары туралы алған білімдерін қайталау.
2-кезең. Масса – дененің инерттік қасиетінің өлшемі ұғымын эксперименттік тәжірибе арқылы беру.
Эксперименттік тәжірибе: центрден тепкіш машинада массалары 13 болып келген екі дене бір-бірімен байланыстырылған. Осы тәжірибені көрсете отырып, денелердің таяқшадан сырғымай 31-не тең радиустардың қатынасындай шеңбер бойымен айналатыны көрсетіледі.
мұнда масса ұғымын белгілі бір мысалға сәйкес анықтау болып табылады.
3-кезең. Осы тәжірибелердің қорытындысын жинақтай отырып массаға анықтама беру.
Анықтама: Дененің массасы – бұл оның инерттілігін сипаттайтын физикалық шама. Ол әсерлесу кезіндегі масса эталоны үдеуі модулінің дене үдеуінің модулінің қатынасымен анықталады.
4-кезең. Массаның өлшем бірлігін анықтау. Масса эталонына платина мен иридий қорытпасынан арнайы жасалған цилиндр қабылданған. Осы цилиндрдің массасы массаның халықаралық бірлігі – килограмм (кг) 1889 жылы енгізілген.
Осы кезеңде массаның еселік және үлестік бөліктерімен оқушыларды таныстырып жаттығуға есептер шығартқан дұрыс.
5-кезең. Дененің массасын өлшеу жолдары: 1) денелердің өзара әсерлесуі арқылы олардың үдеуін салыстыра отырып анықтауға болады; 2)күйентелі таразы арқылы анықтау (ең көп тараған қарапайым түрі).
Жұлдыздардың аспан денелерінің немесе өте кішкене элементар бөлшектердің массасын бірінші жолмен анықтайды.
6-кезең. Классикалық механикадағы масса ұғымының қолдану шекарасын талдау.
«Күш» ұғымын қалыптастыру
Физика курсында күш ұғымын қалыптастыру келесі кезеңдерден тұрады.
1-кезең. Күш ұғымы туралы негізгі мектептің 7-сынып физикасында бастапқы мағлұматтар алады. Бір дененің екінші денеге әсері күш деп аталады. Ауырлық күші, серпімділік күші, үйкеліс күші түрлерімен танысады, яғни негізгі мектепте алған білімдерін қайталайды.
2-кезең. Бір дененің екінші денеге әсерін сипаттауы – күштің сандық анықтамасы ретінде қалыптастыру. Бұл кезең Ньютонның екінші заңын оқып үйренумен байланысты қалыптасады. Мұнда мына жағдайларға көңіл бөлу керек.
1) Күш ұғымының анықтамасын түсіндіру. Өзара әсерлесу салдарынан дене үдеу алады (жылдамдық векторы өзгереді). Үдеу туғызатын басқа дененің ықпалын қысқаша үдетілетін денеге әсер етуші күш деп атайды. Осыны тәжірибе жүзінде міндетті түрде көрсету керек. Демонстрациялық эксперимент: массалары әртүрлі арбашаларды серіппелер арқылы әсерлестіріп үдеулерін салыстыру. Тәжірибелерден шығатын қорытынды: өзара әсерлесетін денелердің алғы шарттары мен сипаттамаларына ғана байланысты, ал олардың үдеулерінің қатынасына байланысты емес.
2) Күшті анықтау үшін тәжірибе жасалынады (бір күш арқылы әр түрлі массалы арбашаларға әсер ету). Серіппенің серпімділік күші оның сығылуына немесе созылуына ғана байланысты, осы қасиетін пайдаланып массасы әр түрлі денелерге әсерін қарастыру. Денеге тұрақты күш әсер еткенде, шамасы барлық денелер үшін бірдей болатындай тәжірибе жасап көрсетеміз. Центрге тартқыш машиналар арқылы тәжірибелер жасап, центрге тартқыш үдеуді табады ( ). Дененің белгілі массасы мен тәжірибеден алынған үдеу арқылы күшті анықтау, яғни күш дененің массасы мен үдеудің көбейтіндісіне тең болады ( ). Демек Ньютонның екінші заңын өткенде қалыптастырылады.
3-кезең. Ньютонның 3-ші заңын өткендегі әсер және қарсы әсерді қарастырған кезде қалыптастырылады. Заңды оқып-үйренгенде әсер өзара әсерлесу сипатында болатынын атап айту қажет. Ньютонның үшінші заңында, екінші заңына қарағанда айырмашылығы екі денеге әсері бірдей қарастырылады. Мұндағы «әсер» және «қарсы әсер» терминдері өзара ауыса алады және шартты түрде алынған. Мысалы екі дене әсерлескенде бірінші дененің екінші денеге «әсері» , ал екінші дененің бірінші денеге «әсері» болады немесе керісінше. Оқушыларға бұл күштерді қосуға және оларды тең әсерлі күшпен шатастыруға болмайтынын түсіндіру керек. Тең әсерлі күш бір денеге түсірілген күштердің қосындысы, ал «әсер» және «қарсы әсер» күштері әр түрлі денеге түсіріледі.
4-кезең. Әртүрлі күштердің өзара әсерін қарастыру – ауырлық, серпінділік, үйкеліс күштерін қалыптастыру. Механикада мұнан басқа денелердің өзара әсері жоқ, олай болса басқа күштер де жоқ. Алдымен гравитациялық күш және бүкіл әлемдік тартылыс заңы қарастырылады. Гравитациялық күшті оқып үйренгенде: денелердің Жерге құлауы, Күннің айналасында планеталардың қозғалысы, планеталардың айналасында серіктердің қозғалысы т.с.с. Оқушыларға гравитациялық күштер ара қашықтыққа байланысты денелердің өзара тартылу салдарынан пайда болатынын түсіндіру қажет.
Тартылыс күшінің бір көрінісі – ауырлық күші ( дененің Жерге тартылу күші) болып табылады. Ол Жер центріне бағытталған және ауырлық центрі деп аталатын нүктеге түсіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет