Ньютонның екінші заңы: Денеге әсер етуші күш дененің массасы мен оған сол күш беретін үдеудің көбейтіндісіне тең. Ньютонның екінші заңы математикада формуласымен өрнектеледі, мұндағы - күш модулі.
Күш және - векторлық шамалар болғандықтан, Ньютонның екінші заңын өрнектейтін формуланы векторлық түрде жазуға болады:
= .
Күштің денеге беретін үдеуі мына формуламен анықталады: .
Ньютонның екінші заңын өткеннен кейін бекітуге мынандай қорытындыларды қарастыра отырып, мысалдар келтіріп және есептер шығару керек.
1) өрнегі барлық күш үшін дұрыс.
2) Үдеудің бағыты әрдайым күш бағытымен бірдей, ал жылдамдықтың бағыты мен күштің бағыты әртүрлі болады.
а) және бағыттас болғанда, қозғалыс түзу сызықты және жылдамдықтың модулі артады.
ә) және бағыттары қарама-қарсы болса, онда қозғалыс түзу сызықты, ал жылдамдықтың модулі кемиді.
б) және бағыттары перпендикуляр, мұндайда дене шеңбер бойымен қозғалады.
3) Денеге түсірілген барлық күштердің геометриялық қосындысына тең болатын күш – тең әсерлі күш деп аталады.
Ньютонның үшінші заңы Әдістемелік құралдарда Ньютонның үшінші заңын баяндаудың бірнеше әдістері қарастырылған. Соның ішінде негізгі екі әдісі бар: дедуктивтік және индуктивтік. Бірінші жағдайда теориялық жолмен негізделеді., ал содан кейін оны тәжірибеде иллюстрациялап көрсетеді. Екіншісінде тәжірибе арқылы оқушылар заңның тұжырымдамасына келеді, содан кейін оны теориялық жолмен негіздейді.
Оқушылар арбалардың өзара әсерлесуін көрсететін тәжірибесінен массаларды өлшеу тәсілін қарастырғанда қатысының қалай алынатынын біледі. Осыдан . Өзара әсерлесу кезінде екі дененің де алған үдеулері қарама-қарсы жаққа бағытталғандықтан былай жазуға болады: .
Ньютонның екінші заңы бойынша тең.
Осыны ескере отырып, теңдігін аламыз. Бұл теңдік Ньютонның -заңын өрнектейді. Бұл заң былай айтылады: әсерлесу кезінде денелер бір-біріне бір түзудің бойымен бағытталған, модулі жағынан өзара тең және бағыттары қарама-қарсы болатын күштермен әсерлеседі. және күштері әртүрлі денелерге түсірілгенін атап айту керек және сондықтан да олар тең әсерлі күш бола алмайды.
Осы арада тәжірибелер көрсетуге болады. Қазіргі кезде Ньютонның үшінші заңының дұрыстығын дәлелдейтін көптеген сенімді және көрнекі демонстрациялық тәжірибелер бар. Олар әдістемелік оқу құралдарында сипатталған.
Олардың ішінен неғұрлым тиімдісін және көрнекі, дәл орындалатынын таңдап алу керек. Мысалы: мектептер үшін жеңіл қозғалатын арбалармен не қолдан жасалған арбалармен тәжірибе. Оқулықта серіппемен жалғастырылған, өзара әсерлесетін арбашалармен жүргізілетін ең көрнекі және тиімді тәжірибелердің бірі сипатталған.
1) Екі табақша динамометрді жалғастырып, қолмен екі жағынан тартып, олардың бірдей күш көрсететіндігін демонстрациялауға болады, тақтаға екі оқушы шақырып та тәжірибені жалғастырамыз, екі жаққа екеуі тартқанда да немесе біреуі тартса да динамометрдің көрсетуі бірдей болатындығын түсіндіреміз.
Ньютонның үшінші заңын түсінуге арқан тарту, арба немесе шанаға жегілген ат қозғалысы сияқты дәстүрлі мысалдарды талдау үлкен көмегін тигізді. Талдау кезінде басшылыққа алатын негізгі әдістемелік идея мынада: күрделі жүйені Ньютонның III-ші заңы бойынша өзара әсерлесіп тұрған денелер жұптарына жіктей білу, күштердің түсу нүктелерін анықтай алу.
Динамика бөлімін оқып-үйренуді аяқтаған кезде шығатын қорытынды: масса инерциялы санақ жүйелерінде инвариантты; күш инерциялы санақ жүйелеріне байланысты емес, себебі ол әсерлесетін денелердің арақашықтығына немесе салыстырмалы жылдамдыққа байланысты; Ньютон заңдары барлық инерциялы санақ жүйелерінде бірдей орындалады. Бұл Галилейдің салыстырмалы принципін тұжырырымдауға мүмкіндік береді.