8- дәріс тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектепте механика бөлімін оқыту әдістемесі. Мақсаты



бет1/11
Дата21.05.2024
өлшемі161,94 Kb.
#202688
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
№ 8-Дәріс
статья, № 1-Дәріс

8- ДӘРІС
Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектепте механика бөлімін оқыту әдістемесі.
Мақсаты: Механика бөлімінің мазмұны мен құрылымын, қозғалыс түрлері және қозғалыс теңдеуі, қозғалысты сипаттайтын жылдамдық, үдеу, жол, траектория және т.б. ұғымдарын қалыптастыру әдістемесін беру.
Жоспары: 1 Кинематика ұғымдарын оқыту және талдау
ІІ.Ньютон заңдарын оқыту әдістемесі.
ІІІ.Механикалық тербелістер мен толқындарды оқыту әдістемесі.
1. Механика бөлімінің мазмұны және құрылымы.
Жалпы білім беретін орта мектепте механика төрт бөлімнен тұрады: кинематика негіздері; динамика негіздері; сақталу заңдары; механикалық тербелістер мен толқындар.
Кинематикада бірқалыпты және бірқалыпты үдемелі қозғалыс, қисық сызықты қозғалысты және оның сипаттамаларын оқып үйренеді. Негізгі ұғымдар: материялық нүкте, траектория, механикалық қозғалыс, орын ауыстыру және жол, санақ жүйесі, координата, жылдамдық, үдеу, период, жиілік, амплитуда, бұрыштық жылдамдық, бұрыштық үдеу, циклдік жиілік енгізіледі. Орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу ұғымдарын қалыптастырған кезде басты назар, олардың векторлық шамалар екеніне көңіл аударылады. Дененің түзу сызықты қозғалысында жылдамдық және үдеу бір түзудің бойымен бағытталып, олар алгералық түрде алып немесе қосылады. Ал, дене қисық сызықты қозғалғанда бұл шамалардың векторлық сипаттамасы толық ашылып қалыптастырылады.
Жалпы білім беретін орта мектепте қозғалысты сипаттайтын жылдамдық және үдеу негізгі ұғым ретінде енгізіледі. Санақ жүйесін таңдап алып, егерде жылдамдық және үдеу нольге тең болса, онда дене тыныштықта; жылдамдық тұрақты, ал үдеу нольге тең болса, онда дене бірқалыпты түзу сызықты қозғалыста; үдеу тұрақты, ал жылдамдық уақыт бірлігінде бірдей шамаға артып отырса, онда дене бір қалыпты үдемелі қозғалыста; үдеу тұрақты, жылдамдық уақыт бірлігінде бірдей шамаға кемісе, онда дене бірқалыпты баяу қозғалыста және т.с.с. қозғалыста болады. Сонымен бірге қозғалыстың формулалары және графиктері беріледі.
Динамика бөлімінде денелердің өзара әсері қарастырылып, алдымен Ньютонның бірінші заңын қарастырып, қозғалысты сипаттайтын негізгі динамикалық санақ жүйелерінің сипаттамалар – масса, күш, инерциялық санақ жүйелері қалыптастырылады. Ньютонның екінші заңы – масса, үдеу, күштің арасындағы тәуелділік беріледі. Егерде денеге бірнеше күш әсер етсе, дене сол қорытқы күштің әсерінен қозғалады. Ньютонның үшінші заңы - әсер және қарсы әсер заңы оқытылады. Механикада жалпыланған, практикада және экспериментте дәлелденген Ньютон заңдары негізгі заңдар болып табылады. Сондықтанда оларды алдымен тұжырымдап, содан кейін экспериментте жасап көрсетіледі.
Механикада күштерді (гравитациялық, серпімділік, үйкеліс) оқып үйренгенде дене қозғалысындағы олардың өзара әсерін анықтайды.
Бүкіл әлемдік тартылыс заңын оқып үйренгеннен кейін, дененің ауырлық күшінің әсерінен қозғалысын қарастырады. Аспан денелерінің қозғалысы түсіндіріліп, бірінші ғарыштық жылдамдық есептелінеді. Аспан денелерінің массасы анықталады.
Жаратылыстану-математика бағдарлы мектепте физика пәні тереңдетіліп оқытылса, онда механиканың тура және кері есептері қарастырылады. Механиканың тура есебі кез-келген уақыт мезетіндегі механикалық күйін (координаталарының уақытқа тәуелділігін) анықтау. Механиканың кері есебі денеге әсер ететін күштерді (яғни берілген дене координаталарының уақытқа тәуелділігіне қарап, оларға әсер ететін күштерді) анықтау.
Серпімділік күші және Гук заңы түсіндіріліп, салмақ ұғымы серпімділік күшінің мысалы ретінде енгізіледі. Күштерді оқып үйрену үйкеліс күшімен, үйкеліс коэффициенті және үйкеліс күшінің әсерінен дене қозғалысының жылдамдығының өзгеруімен аяқталады.
Механикада күштерді оқып үйренгенде оқушылардың практикалық жұмыстарына көп көңіл бөлу керек. Мұнда мынандай зертханалық және практикум жұмыстары: 1) Горизонтал лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу (9 сынып); 2) Серіппенің деформациясын зерделеу (9 сынып);
3) Ауырлық және серпімділік күштерінің әсерінен денелердің шеңбер бойымен қозғалысын зерделеу (10 сынып бағдарлы мектеп) жасалынып талданады.
Энергияның, импульстің және импульс моментінің сақталу заңдары табиғаттың ең бір жалпы сипаттағы заңдарының қатарына жатады және бүгінгі таңда белгілі болып отырған физикалық құбылыстардың бәрінде де орындалады. Яғни, сақталу заңдары молекулалық физикада, электрдинамикада да және кванттық физикада да орындалады.
Салыстырмалылық идеясы механиканың барлық бөлемдерінде: тыныштықтың және механикалық қозғалыстың салыстырымалылығы, траектория, координата, орын ауыстыру, жылдамдық, дене импульсы т.с.с. қарастырылады.
Механиканың барлық заңы инерциялық санақ жүйесінде орындалады, яғни, бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын санақ жүйесі механикалық процестерге ешқандай әсер етпейді (Галилейдің салыстырмалылық принципі). Оқушыларды механикалық қозғалыстың тағы бір түрі – қайталанатын периодты қозғалыстар, механикалық тербелістер мен толқындармен таныстырады. Мұнда жаңа ұғымдар период, жиілік, амплитуда, толқын жылдамдығы, толқын ұзындығы енгізіледі. Толқынның бір түрі ретінде дыбыс толқындары, олардың түрлері қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет