3. Қозғалыстың негізгі сипаттамаларын енгізу әдістемесі
Үдеу және жылдамдық ұғымдарын енгізудің тәсілдерін материялық нүкте және координата ұғымдарын енгізу анықтайды.
Жылдамдық, Жоғарғы сыныптарда бұл ұғым түзу сызықты және қисық сызықты қозғалыстар үшін векторлық шама ретінде енгізіледі. Орын ауыстыру шамасы векторлық болғандықтан, жылдамдық та вектор ретінде сипатталады.
Түзу сызықты бірқалыпты қозғалысты қайталап, оның негізгі белгісін: материялық нүктенің кез келген тең уақыт аралығында бірдей орын ауыстыратынын анықтайды. Әр түрлі денелердің түзу сызықты бірқалыпты қозғалысының бір-бірінен айырмашылығы бар. Сондықтан да қозғалысты сипаттайтын шама – жылдамдық енгізіледі. Ол орын ауыстыру векторының, осы орын ауыстыруға кеткен уақыттың қатынасымен анықталады ( ). Жылдамдық ұғымын енгізгенде міндетті түрде демонстрациялық эксперимент жасап көрсетіледі.
Негізгі мектепте өтілген түзу сызықты бірқалыпты қозғалыстың жылдамдық ұғымы, бағдарлы мектепте қайталағаннан кейін бірқалыпты емес қозғалыстың орташа жылдамдығы ұғымы енгізіледі.
Оқушылардың жылдамдық ұғымын жақсы меңгеруіне айналадағы өмірден, техникадағы, ғарыштағы денелердің жылдамдығына мысалдар келтіріледі.
Келесі кезекте қозғалыстың тағы бір сипаттамасы лездік жылдамдықты қалыптастыру.
Материялық нүкте өзінің қозғалысы кезінде, қозғалыс траекториясының барлық нүктелері арқылы жүріп өтеді. Олардың әрқайсысын материялық нүкте белгілі бір уақыт мезетінде басып өтеді. Олай болса, уақыттың әр мезетінде және траекторияның әр нүктесінде дене қандай да бір жылдамдық алады. Міне осы жылдамдық лездік жылдамдық деп аталады.
Дененің лездік жылдамдығы деп берілген уақыт мезетіндегі немесе траекторияның берілген нүктесіндегі дененің жылдамдығын айтады. Лездік жылдамдықты қалай анықтауға болады? Ол қандай шама? Бұл сұрақтарға эксперименттік тәжірибе жасап көрсетіледі (электрсекундомер немесе стробоскоппен). Мұнда дененің орын ауыстыруы қарастырылып отырған уақыт аралығын азайтып, жылдамдықтың өзгеруі ескерілмейтіндей болғанда, орташа жылдамдық дененің лездік жылдамдығына айналады. Лездік жылдамдық векторлық шама. Лездік жылдамдықтың бағыты берілген нүктедегі қозғалыс бағытымен сәйкес келеді. Сонымен қозғалыс бір қалыпты емес болса, онда біз тек лездік жылдамдықты қарастырамыз. Бір қалыпты емес қозғалыс кезінде ол әр нүктеде және әр түрлі уақыт мезетінде әр түрлі болады.
Үдеу. Лездік жылдамдық ұғымын енгізген кездегі әдістемені үдеу ұғымын енгізгенде қолдануға болады. Алдымен аз уақыт аралығындағы орташа үдеу, сонан кейін лездік үдеу ұғымы енгізіледі. Алдын ала жылдамдықтың өзгерісін табу үшін, оқушыларға векторларды қалай азайтуға болатынын естеріне түсіру керек.
Үдеу үғымын енгізу үшін, бірдей уақыт аралығында жылдамдық бірдей шамаға өзгеретін бірқалыпсыз қозғалыс таңдап алынады. Мұнда түзу сызықты бірқалыпты қозғалыста жылдамдық уақыт бірлігі ішінде орын ауыстырудың өзгеруін сипаттайтыны сияқты , түзу сызықты бірқалыпты үдемелі қозғалыста үдеу уақыт бойынша жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайды.
Түзу сызықты бірқалыпты үдемелі қозғалыстың үдеуі ұғымын бекітіу үшін мынандай қозғалыстарды қарастыруға болады. Қозғалыстағы дененің үдеуі 0,3 м/с. Бұл нені білдіреді?
ІІ НЬЮТОН ЗАҢДАРЫН ОҚЫП ҮЙРЕНУ ӘДІСТЕМЕСІ.
Достарыңызбен бөлісу: |