8- дәріс тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектепте механика бөлімін оқыту әдістемесі. Мақсаты


Қозғалыс түрлері және қозғалыс теңдеуі



бет2/11
Дата21.05.2024
өлшемі161,94 Kb.
#202688
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
№ 8-Дәріс

2. Қозғалыс түрлері және қозғалыс теңдеуі
Қозғалыс түрлерін координаталар әдісі негізінде қарастырады. Ол үшін нүктенің координатасы және санақ жүйесі ұғымы енгізіледі. Оқушылар математика пәнінен жазықтықтағы нүктенің координаталарын табуды біледі. Олардың осы білімдеріне сүйеніп, материялық нүктенің жазықтықтағы қозғалысын қарастыруға болады. Бұл жағдайда нүктенің екі координатасын білу жеткілікті. Оқушыларға дененің траектория бойымен қозғалған кездегі орын ауыстыру векторы және жолдың координаталар ұғымын енгізіп талдап қарастыруға болады.
Мысалы тақтаға жазық координаталар жүйесін салып, онда кез келген нүктеден бастап қисық сызық жүргізсек (3-сурет). Қисық сызықтың бастапқы коодинаталары - x1, y1, соңғы - x2, y2 болады. Қисық сызықтағы нүкте траекториясының ұзындығы нүктенің жүріп өткен жолы болады. Ал оның бастапқы және соңғы орындарын қосатын бағытталған түзу сызық орын ауыстыру векторы болып табылады. Орын ауыстыру векторының координат остеріне проекция ұғымы енгізіледі және орын ауыстыру векторы осы проекциялар арқылы анықталады.
Оқушыларға орын ауыстыру векторының проекциясы координаттардың өзгерісімен анықталатынын, яғни бастапқы және соңғы мәндерінің айырмасына тең екені түсіндіріледі. Мысалы , мұнда болса, - проекция векторы оң, ал болса, онда - проекциясы теріс таңбалы болады. Координаталар жүйесін санақ денесімен байланыстырып санақ жүйесі ұғымы енгізіледі.
Координата, орын ауыстыру векторы, оның проекциясы және санақ жүйесі ұғымдары негізінде механикалық қозғалысты координаталар әдісімен сипаттауға болады. Мысалы бірқалыпты түзу сызықты қозғалысты қарастырғанда орын ауыстыру векторының таңдап алған оське қатысты бағытына байланысты нүкте қозғалғанда координата артуы немесе кемуі мүмкін. Егерде орын ауыстыру векторының бағыты осьтің оң бағытымен сәйкес келсе координата артады, сәйкес келмесе – кемиді.
Түзу сызықты бірқалыпты үдемелі қозғалысты қарастырғанда жылдамдығы өсетін немесе кемитін жағдайды қарастыру керек. Бұл жылдамдық және үдеу векторларының бағытына байланысты. Осы векторлардың оське проекцияларының бағыты: бірдей болса, онда жылдамдық артады, ал бағыттары қарама-қарсы болса жылдамдық кемиді. Осыған байланысты түзу сызықты бірқалыпты үдемелі немесе баяу қозғалыс болады (4,5-суреттер).
Материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысында жылдамдық векторы траекторияға жанама бойымен бағытталады, яғни шеңбер радиусы бойымен центрге тартқыш үдеудің бағытына перпендикуляр болады. Жылдамдық модулі өзгермейді.
Қозғалыстың түрлері қозғалыс теңдеуімен де анықталады. Оқушылар кинематикада қозғалыс теңдеуі арқылы механиканың негізгі тура есебін шешуге болатынын білуі керек. Демек, бастапқы шарттары және үдеуі белгілі болса, кез келген уақыт мезетінде материялық нүктенің кеңістіктегі орнын анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет