8- дәріс. Тақырыбы: Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау және оның түрлері


Критериалды бағалау жүйесі элементтерінің түйінді идеялары



бет7/9
Дата03.11.2023
өлшемі2,69 Mb.
#189153
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
8- лек. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау және оның

Критериалды бағалау жүйесі элементтерінің түйінді идеялары


КБ элементтері

Түйінді идеялар

Оқу мақсаттарының таксономиясы

Оқу мақсаттары интеллектуалды әрекет категорияларына сай бөлінеді (Б.С.Блум, Д.Кратволь, 1956).

Сөйлеу әрекетінің теориясы

Сөйлеу әрекетіне үйрету әрекетінің толық сипаттамалары ие және тәуелсіз болып қалыптасу арқылы жүзеге асырылуы тиіс (И.А.Зимняя, 1973).

1. Бағалау критерийлері таксономиялық деңгейлерге сай бөлінеді:
  • Білу және түсіну
  • Қолдану
  • Анализ
  • Синтез
  • Бағалау

  • 2.Тілдік пәндер бойынша бағалау критерийлері сөйлеу әрекетінің 4 түрін сипаттайды:
  • Тыңдалым
  • Айтылым
  • Оқылым
  • Жазылым

  • 3. Бағалау критерийлерінің айқындылығы және бағалау тапсырмаларын олармен сәйкестендіру тапсырмаларын құрастыру мен сараптау, нәтижелерді бекіту мен талдау сапасын арттыруға жағдай жасайды
    4. Бірыңғай стандарттар белгіленеді, алайда оларға жету – бұл әр мектеп, мұғалім мен оқушы үшін дербес түрде өтетін жол.

“Бағалау үдерісіне әсері”

Критериалды бағалаудың басты қағидаттары

  • Бағалау білім беру жүйесінің міндеттеріне негізделеді*. Бағалау жекелеген мақсат емес. Ол жалпы білім беруді жетілдірумен қатар әрбір оқушының оқу жетістіктерін жақсартудың тиімді жолының бірден бір механизмі. Білім беру жүйесінің міндеті тек қана нені бағалауды анықтау емес, бағалауды қалай өткізуді анықтау.
  • Бағалау шынайы, валидті, сенімді және айқын болады. Ол бағалау рәсіміндегі ақпараттың сенімді және рас болуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар тапсырмалар мен тиісті критерийлер оқушылардың күтілетін нәтижелерге қол жеткізгендіктерін бағалайды.
  • Бағалау білім беру мазмұнының құрамдас бөлігі. Ол оқу мақсаттары және күтілетін нәтижелермен тығыз байланысты. Оқу мақсаттарының түсінікті болуын және бағалау рәсімдерінің барлық түрлерінің (қалыптастыру, жиынтық) оқу бағдарламасының мазмұнымен сәйкестігін қамтамасыз етеді.
  • Бағалау қолжетімді, түсінікті және ашық. Ол пайдалы ақпараттың уақтылы жетуіне, оқушылардың өзіндік қадағалайтын тәртіптерін дамытуға және аталған үдеріске қатысты барлық жауаптылардың жауапкершілігін арттыруды қамтамасыз етеді.
  • Бағалау үздіксіз үрдіс, ол өзін-өзі машықтауды талап етеді, оқушылардың оқу жетістіктерін қадағалауды және одан әрі дамып қалыптасудың жеке траекториясын жасауды қамтамасыз етеді.
  • Бағалау мектептің, педагогикалық ұжымның, оқушылардың даму бағытын анықтайды және жетекшілік етеді. Бұл әр қатысушының жауапкершіліктері мен өз қызметтерін жүзеге асыруға ықпалын тигізеді.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет