Сипаттамалар
|
Нормативті бағытталған бағалау
(Бұрынғы жүйеде)
|
Критериалды бағалау
(мазмұнды жаңарту шеңберіндегі жүйе)
|
Оқушылардың нәтижелерін салыстыру аймағы
|
Оқушылардың оқу жетістіктерін басқа оқушылардың оқу жетістіктерімен салыстыру
|
Оқушылардың оқу жетістіктерін критерийлерге негізделген күтілетін нәтижелермен салыстыру
|
Бағалаудың түрлері
|
Ағымдағы бағалау – мұғалімнің жүйелі түрде бағаны тіркеу арқылы үнемі жүргізіп отыратын бағалауы
|
Қалыптастырушы бағалау– мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа
да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз
ететін оқудың ағымдағы бағалануы (нәтижесі баға ретінде тіркелмейді)
Жиынтық бағалау- оқушылардың белгілі бір оқу кезеңін аяқтағандағы оқу жетістіктерінің деңгейі (бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау)
|
Қорытынды бағалау нәтижесі
|
Оқушының барлық бағалары орта арифметикалық негізде қойылады
|
Бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағаның пайыздық ара қатынасы ретінде қойылады.
|
Мазмұн мен бағалаудың өзара байланысы
|
Мақсаттардың жалпыланған тұжырымдамасына байланысты оқу мақсаттарына жету жолдарын көрсетпейді
|
Мақсаттарға және күтілетін нәтижелерге жетуді көрсетеді
|
Бағалаудың бағыты
|
Ақпараты аз баға алу
(бағаны сандық түрде білдіру)
|
Мазмұндылығы мен толықтылығымен ерекшеленетін күтілетін нәтижелерге жету жайында пайымдау
|
Мұғалім тәжірибесіндегі бағалау үдерісінің сипаттамасы
| - «жарысу»
- шектеулі ақпарат беру
- шәкілдің «өрескелдігі»
- нормалар мен критерийлердің жөнсіздігі, олардың жабық болуы
- «азайту» әдісі
- шешім қабылдау субъективтілігі және артық күтілімдер
- уақыт факторын қолданудың ақталмауы
| - ақпараттың ашықтығы мен оқу үдерісіне сай талаптар, нормалар, критерийлер және бағалау рәсімінің айқындылығы
- оқуға қызығушылықты ынталандыру,
- даму жолдарын ұсыну,
- қойылатын бағалардың мәнін түсіну
|