2020-2021 оқу жылында 1-сынып оқушыларының білімі бағаланбайды, 2-11-сыныптарда білім алушылардың оқу жетістіктері 1-ден 10 балға дейін бағаланады (қалыптастырушы бағалау). Білім алушыларды қалыптастырушы бағалау нәтижелері электрондық/қағаз журналға қойылады. Мұғалімге балаларды күн сайын бағалау қажет емес. Мұғалім кері байланыс беру жиілігін және қалыптастырушы бағалауды балмен қоюды дербес анықтайды. Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген МЖМБС-да және бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларында «Ағылшын тілі» пәні «Шетел тіліне» өзгертілді. Білім беру ұйымдарына шетел тілін таңдау құқығы берілген: «Ағылшын тілі», «Неміс тілі», «Француз тілі». Тілді таңдауды жалпы білім беретін мектеп оқушылардың қажеттіліктерін және ата-аналардың пікірін ескере отырып жүзеге асырады.
«Шетел тілі » оқу пәні бойынша жиынтық бағалау»
Пән бойынша жиынтық бағалау әр тоқсанда 1 рет бөлім (БЖБ) үшін және тоқсан (ТЖБ) үшін жиынтық бағалау процедураларының белгілі бір санын жүргізуді көздейді. 1- сыныпта жиынтық бағалау жүргізілмейді
БЖБ үшін формасы (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сұрау, эссе), БЖБ өткізу сабағы және ТЖБ орындау уақыты регламенттелмейді
1-4 сыныптарда БЖБ үшін ең жоғары балл кемінде 7 және 15 балдан аспауы тиіс. Төменде бөлім/өтпелі тақырып үшін жиынтық бағалау процедураларының саны берілген
Сыныбы
|
Жиынтық бағалау процедураларының саны бөлім/ортақ тақырып үшін
| | | |
БЖБ балдары
| |
1- тоқсан
|
2- тоқсан
|
3- тоқсан
|
4 тоқсан
|
әр тоқсанда
|
2-сынып
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
14 баллов
|
3-сынып
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
16 баллов
|
4-сынып
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
18 баллов
|
«Шетел тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау процедураларының саны
Достарыңызбен бөлісу: |