Білім танымның келісілген аймағы ретінде қарастырылады; оқушы білімді пассивті түрде алуды тоқтатып, сол білімнің «жасаушысы/құрастырушысы» бола бастайды (Бер, 2015).
Дүниежүзілік банк пен ЭЫДҰ оқу мақсаттары
Оқу мақсаттары қалаулы нәтижелерге жетудің алғышарттары деп қарастырылуы тиіс (Р.Вагенар, 2008).
ЭЫДҰ баяндамасында біліктіліктің үш түрі ерекшеленеді (ОЭСР, 10-16 б.).
А. Құралдарды интерактивті түрде пайдалану:
- Сөйлеуді, символдарды және мәтінді интерактивті түрде пайдалану қабілеттілігі;
- Білім мен ақпаратты интерактивті түрде пайдалану қабілеттілігі;
Технологияларды интерактивті түрде пайдалану қабілеттілігі.
С. Өз бетімен іс-әрекет жасау:
- Барынша кең бейнені көру және әрекет ету қабілеттілігі;
- Өмірлік жоспарлар мен жеке жобаларды құру мен іске асыру қабілеттілігі;
- Құқықтарды, қызығушылықтарды, нормалар мен қажеттіліктерді қорғау мен сақтау қабілеттілігі.
Жақын арадағы даму аймағы
Л.С.Выготский ұсынған ұғым, баланың даму деңгейі (қандай тапсырманы ол өз бетінше орындай алады) және педагог пен өз құрдастарымен жұмыс жасай отырып жете алатын потенциалды даму деңгейі арасындағы айырмашылығын білдіреді.