3. 8-9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КҮШ ДАЙЫНДЫҚТЫҢ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ.
3.1. Спорттық ойындарды 8-9 сыныптарда жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыруы.
Оқушы жастардың дене бітімі жағдайына, дене даярлығына республикамыздың саяси, экономикалық және идеологиялық болашағы тәуелді болып келеді.Сондықтан да, жастардың дене бітімінің дамуы, дене даярлығы және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды мәселелері мемлекетіміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, Үкіметіміз бен қоғам өкілдерінің тұрақты қамқорлығы аясынан табылады.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша соңғы жылдары аса маңызды құжаттар қабылданған: «Білім туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстанның Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасында Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған Тұжырымдамасы мен бағдарламасы және басқа да құжаттарда дене бітімінің дамуы, дене дайындығы және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері мемлекеттік маңыздылыққа ие мәселелер екені атап көрсетілген.
Көптеген әдіс-тәсілдердің ішінде баскетбол алдыңғы орындардың бірінде болғандықтан, оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттырудың анағұрлым тиімді құралы ретінде жалпы білім беретін мектептің бағдарламасына 3 сыныптан бастап енгізілген.
Тәуелсіздік алғалы бері республикамызда өзіндік дене шынықтыру жүйесі қалыптасқандықтан, дене тәрбиесі мәселелерін жақсарту мәселелері шешімін тауып, халықаралық деңгейде үлкен жетістіктерге жетіп келеміз. Қазақстандық жүйенің тиімділігі көптеген факторлар арқылы анықталады, олардың арасында спортшы тұлғасының іргетасы қаланатын жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесін құру және оның мазмұнын жақсарту маңызды рөл атқарады.
Спорттық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде оқушыларды жалпы білім беретін мектептерде оқытудың шарттары, құралдары мен әдістері ұсынылған. Басты назар дене жаттығуларының түрлері, соның ішінде баскетбол бойынша оқу материалын (бағдарламасын) топтастыруға аударылып келеді. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде дене шынықтыру бойынша оқушы немесе сыныптың қозғалыстары мен қимылдарының сыртқы сипатын ғана емес, ойын шарттарын негізге ала отырып, оқу материалдарының бастысы мен екінші дәрежелісін анықтауға деген жаңа көзқарастарды негіздеу талпыныстары бар [С.І. Қасымбекова, Ю.Г. Телеугалиев, 2002; Ю.Г. Телеугалиев, 2003]. Дене тәрбиесі жүйесін жетілдірудің (оңтайландырудың) маңызды шарттарының бірі оқушылардың типтік-ерекшелік және дара ерекшеліктерін ескеру арқылы оқу-тәрбие үдерісін дараландыруды іске асыру балып саналады.
Мәселені оңтайлы нәтижелер арқылы шешу үшін бірсыпыра себептерге бола өз шешімін таба қоймаған мәселелерді атап көрсеткен жөн деп білеміз:
- сабақтарда баскетбол бойынша оқушылардың техникалық және тактикалық қимылдарын қалыптастыру барысында сенімді технологиялық көзқарас жасалмаған;
- ойын тәсілдерін меңгерудің орындалған детерминанттары жеткілікті дәрежеде атқарылмай қалғандықтан, динамикалық ойын жағдайларын және үйретудің құрылымды-қисынды кестесін жобалауды едәуір қиындатады;
- дене шынықтыру пәні мұғалімі мен оқушы арасындағы ақпараттар ағымын тиімді басқару тәсілдері елестетудің әртүрлі түрлеріндегі мәліметтер мен хабарламалар түрінде нақтылана қоймағандықтан, үйрету қарқынын, дене бітімі статусы мен спорттық нәтижелерін едәуір төмендетеді.
Баяндалған мәліметтер бойынша тұтас педагогикалық үрдісте оқушыларды үйретудің бастапқы кезеңіндегі жоғары маңыздылығы мен осы кезеңдегі спорттық-педагогикалық технологияларды жобалау (жоспарлау) жағдайлары мен тәсілдерінің жеткілікті түрде жасалғандығы арасындағы объективті қарама-қайшылық баскетболшы оқушыны қалыптастырудағы көкейтесті мәселе болып табылады.
Зерттеудің түпнұсқасы. Зерттеу жұмысының тақырыбына сәйкес келетін философиялық, педагогикалық, психологиялық, медициналық-биологиялық сипаттағы жұмыстардың түпнұсқаларынан құралады.
Жетекші идеясы. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене шынықтыру сабақтарында баскетболмен шұғылдану тиімділігінің шынайы жақсаруы.
Зерттеудің негізделуі. Зерттеу жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене шынықтыру сабақтарының тиімділігін жетілдірудің басымды бағыттарын ескеру арқылы жүргізілген.
Зерттеу нысаны - жалпы білім беретін мектептегі дене шынықтыру сабағы.
Зерттеу пәні - дене шынықтыру сабағында баскетбол ойыны техникасының негіздерін қалыптастыру әдістемесі.
Зерттеу мақсаты - дене шынықтыру сабақтарында баскетбол ойыны техникасының негіздеріне оқушыларды үйрету үдерісінің тиімділігін арттыру.
Зерттеу болжамы. Болжамның ғылыми негізін адамның қоғамдық болмысының жинақталған түрі ретінде болмыс құбылысын өміршең деректерге айналдыруды анықтайтын нәтиже болатындай теориялық ережелер құрайды [В.А. Сластенин, 2000; С.П. Баранов, 2002; Н.А. Алексеев, 1997 және т.б.].
Дене шынықтыру сабақтарында баскетбол ойыны техникасына үйретудің бастапқы кезеңін сабақтар жүйесінде келесі әдістемелік көзқарастарды іске асыру есебінен едәуір жақсарту мүмкіндігі қарастырылды:
- кезеңдер бойында ойын техникасы тәсілдерін қалыптастыру;
- динамикалық ойын жағдайлары (модульдері) негізінде оқу материалы мен оқу сабақтарын құру мазмұнын іріктеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Технологиялық тәсілдердің жүзеге асырылуының басты бағыттарын баскетбол бойынша ойын техникасын қалыптастыруда қолдану.
2. Динамикалық ойын жағдайларының мазмұнын оқушыларды техникалық дайындаудың бастапқы кезеңінде қолдану негіздемесін беру.
3. Баскетбол ойынының техникасын қалыптастыру технологиясын жасаудың және динамикалық ойын жағдайларын дене шынықтыру сабақтарында қолданудың эксперименталді негіздемесін беру.
4. Оқушыларды дене шынықтыру сабақтарында баскетбол ойынының негіздеріне үйретудің тимділігін арттыру бойынша ғылыми-педагогикалық ұсыныстар түзу.
Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді теориялық зерттеу, мамандардың тәжірибесін жинақтау, сауалнама жүргізу, баскетболшының дене дайындығы мен арнайы сапаларын тестен өткізу, антропометрлік (дене салмағы, бойы, ӨТС және т.б.), педагогикалық эксперимент, математика-статистикалық өңдеу әдістері.
Зерттеу мәселесі - баскетбол ойыны техникасының негіздерін қалыптастыру үшін спорттық-педагогикалық технологияларды жобалау шарттары мен тәсілдерін жасау.
Зерттеудің әдіснамалық негізін адам туралы қоғамдық және жеке дара дамудың жоғарыдан берілген мәліметі деп білетін философиялық ілім құрайды: жеке дара тұлғаның қалыптасуындағы іс-әрекетінің қоғамдық-тарихи және әлеуметтік-мәдени алғышартының жетекші рөлі туралы. Әдіснама ретінде адамды үйрету мен тәрбиелеуге деген әрекеттестік көзқарасы пайдаланылған.
Зерттеу жұмысының теориялық негізін құрайды:
- жеке тұлғаның дамудың сыртқы факторлары мен ішкі жағдайлары арқылы жеке тұлғаның қалыптасуындағы детерминациялаудың психологиялық-педагогикалық теориясынан [Б.Г. Ананьев, 1977; А.Н. Леонтьев, 1975; С.Л. Рубинштейн, 1976 және т.б.];
- оның субъектілерінің әрекеттесу теориясы [К.А. Абульханова-Славская, 1977; В.В. Давыдов, 1986; А.Н. Леонтьев, 1983 және т.б.];
- жұмыс әлеуметтік қайта өзгерту ойларын жасау барысында оларды жобалау мен іске асыруды жүйелеу идеясына негізделген [В.П. Кузьмин, 1986 және т.б.];
- оқыту теориясынан [В.Г. Афанасьев, 1981 және т.б.];
- дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі [В.К. Бальсевич, 1992; М.Я. Виленский және т.б.].
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- дене шынықтыру сабақтарында баскетбол бойынша оқу үдерісінің бастапқы кезеңіне деген технологиялық көзқарастың құрылымы мен функциясы белгіленген;
- динамикалық ойын жағдайларын (модульдерді) пайдалану арқылы баскетболдың негізгі техникалық тәсілдерін кезеңдер бойынша қалыптастырудың педагогикалық технологиясы жасалынған.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Зерттеу нәтижелері жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене шынықтыру сабақтарындағы дене бітімінің жай-күйін педагогикалық басқару саласындағы білімдерін кеңейтеді және тереңдетеді.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы тұрады:
- баскетболшы оқушылардың бастапқы техникалық даярлығының жасалынған педагогикалық технологиясын тікелей тәжірибеге ендіруден;
- баскетбол тәсілдеріне үйрету тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік беретін арнайы жаттығулар мен қозғалмалы ойындар түріндегі динамикалық ойын жағдайларының мазмұнын жасаудан.
Зерттеу нәтижелерінің шынайылығы қамтамасыз етіледі:
- теориялық, әдіснамалық, спорттық-педагогикалық ережелердің жиынтығы арқылы;
- тәжірибеге қатысушыларды таңдау көлемі және қайта көрсету арқылы;
- жүргізілген зерттеулердің мерзімі мен кезеңдерінің ұзақтығы арқылы;
- зерттеу әдістерінің ақпараттылығы мен сенімділігі арқылы;
- диссертация авторының ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесінің жеткіліктілігі арқылы.
Қорғауға ұсынылған қағидалар:
- баскетбол ойынының негізгі тәсілдерін кезеңдер бойында қалыптастырудың педагогикалық технологиясы оқушылардың базалық қозғалыс және техникалық-тактикалық әрекеттерін меңгеру тиімділігін арттыруға ықпал етеді;
- динамикалық ойын жағдайлары түріндегі арнайы жаттығулар мен қозғалмалы ойындардың дербестендірілу түрлері жалпы білім беретін мектеп оқушыларына баскетболды үйрету үдерісін педагогикалық басқару тәсілдерін оңтайландыру үшін негіз болып қызмет етеді;
- баскетбол бойынша оқу үдерісіне деген технологиялық көзқарасты іске асыру әдістемесі оқушылардың ойын әрекетінде қосымша мүмкіндіктер қалыптастыруға жағдай жасайды;
- баскетболды дене шынықтыру сабақтарында пайдалану олардың дене және тактикалық даярлығы деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Диссертанттың жеке үлесі келесіден тұрады:
- баскетбол ойыны техникасын қалыптастыруға деген технологиялық көзқарастарды іске асырудың негізгі бағыттарын үйренуден;
- баскетболшы оқушылардың техникалық даярлығының бастапқы кезеңінде оқушыларға арналған динамикалық ойын жағдайларының мазмұнын негіздеуден;
- дене шынықтыру сабақтарында динамикалық ойын жағдайларын пайдалану арқылы баскетбол ойыны техникасын қалыптастыру үшін жасалған технологиялық көзқарастарды эксперименттік тұрғыдан негіздеуден.
- дене шынықтыру сабақтарында оқушыларды баскетбол негіздеріне үйрету үдерісінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми-тәжірибелік нұсқаулар қалыптастырудан.
3.2. Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.
Баскетбол сабақтарының мәні туралы ғылыми-педагогикалық көзқарастар мен оның жалпы білім беретін мектептерде жобалануы
Ғылыми зерттеулердің теориялық материалдарын, практикалық тәжірибесін жинақтау негізінде жазылған осы тарауда дене шынықтыру сабақтарында жас баскетболшылардың спорттық-техникалық даярлығының бастапқы кезеңін ұйымдастыру мәселелеріне психологиялық-педагогикалық талдау жасалған.
Осы мәселенің педагогикалық теория мен практикада ұйымдастырылуындағы түрлі салалары мен жасалу дәрежесі ұсынылған. Дене шынықтыру сабақтары жағдайларында баскетбол ойынының негізгі тәсілдерін, техникасын қалыптастыру арқылы технологиялық-педагогикалық басқарудың шарттары мен мәнді кездері анықталған. Осы проблеманы шешуге арналған қазіргі көзқарастардың қағидалары мен идеяларын психофизиологиялық тұрғыдан негіздеу көрініс тапқан.
«Жалпы білім беретін мектептерде оқу үдерісін басқарудың ғылыми-педагогикалық салалары» деп аталатын 1.1 бөлімшесінде мектептегі оқу жұмысының негізіне бұқаралық жастар спорты мен жоғары спорттық жетістіктердің нәтижелерін дамытуға бағытталған көп жылдық даярлықтың ғылыми негізделген жүйесі жатады. Оқу үдерісі бастауыш, орта және жоғары сыныптардың оқу үдерісінде іске асырылады.
Сыныптағы оқушылар саны, аптадағы сабақтар саны және олардың ұзақтығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бағдарламалық–нормативті құжаттары арқылы белгіленеді. Мектептегі негізгі жұмыс түрлері топтық сабақтар, сұхбаттар, үй тапсырмалары, спорттық жарыстарға қатысуы, сонымен қатар жалпы білім беретін мектептерге спорттық сабақтар мен жарыстар ұйымдастыруда көмек көрсету болып табылады [Н.А. Ачкурин, 2003; В.К. Бальсевич, Л.И. Лубышева, 2003].
Оқушыларға дене шынықтыру сабақтарын өткізу оқыту мен тәрбиелеудің жалпы заңдылықтарына бағынған. Сондықтан оны іске асыру барысында дене тәрбиесінің жас және жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып, осы заңдылықтарды көрсететін жалпы педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа алу қажет. Ол ұстанымдарға жататындар: жан-жақтылық, саналылық пен белсенділік, бірте-бірте жасалатын әрекет, қайталамалық, көрнекілік, жеке даралық. Оқу үдерісінің үздіксіздігі негізгі үш қағидаларда көрініс тапқан:
а) оқу-тәрбие үдерісі көп жылғы және жыл бойындағы сипатқа ие болуы тиіс;
ә) сабақ барысында әрбір келесі сабақтың әсері алдыңғы сабақтың ізінше қатпарлы әсер қалдыруы тиіс, себебі жас оқушының ағзасында алдыңғы сабақтардың әсерінен пайда болған жағымды өзгерістер беки түсуі және жетіле түсуі қажет;
б) демалыс жұмыс қабілетін қалпына келтірудің арта түсуі үшін жеткілікті болуы тиіс.
Дене жүктемелерін бірте-бірте және жоғары деңгейге арттыру ұстанымы олардың көлемі мен қарқындылығының, оқушыны дайындауға қойылатын талаптардың бірте-бірте күрделенуінің үздіксіз арта түсуімен байланысты болып келеді.
Сабақтарды бір-бірте күрделендіру оқушыны даярлаудың мүмкіндіктері мен деңгейлеріне сәйкес келіп, олардың спорттық жетістіктерінің үздіксіз арта түсуін қамтамасыз етуі тиіс.
Дене жүктемелерінің толқынды түрде өзгеру ұстанымы олардың динамикасының толқынды сипатын көрсетеді, себебі ол салыстырмалы алғанда оқу –тәрбие үдерісінің кіші-гірім үзіндісіне, немесе сабақтардың кезеңдері мен тұтас бір дәуіріне де тән болуы мүмкін.
Спорттық техника мен оны жетілдіруге үйрету әдістерінің кез-келген түрінің жағымды жақтары бар, бірақ ол жеке қалпында шапшаң әрі тиімді үйретуді толық қамтамасыз ете алмайды, сондықтан спорттық техниканы меңгеру барысында барлық әдістер бірін-бірі толықтыратын түрде қолданылады. Олар жиірек бір уақытта пайдаланылады.
Талдау, жалпы білім беру мектептерінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен басқаруға білім беру мен спорттық мекемелерге тән компоненттер- мақсат, жалпы және арнайы (арнайылық) міндеттер, әдістер мен қағидалар, оқу кеңістігінде жүзеге асатын, нақты бағыттылығы бар, оқу материалының теориялық және тәжірибелік мазмұны кіретінін көрсетті. Оқушы-спортшының осы білім беру кеңістігіндегі таңдаған жолының басы, мектептегі оқу мерзіміндегі бастапқы кезеңнің де нақты құрылымы немесе мазмұны болады.
«Оқушылардың баскетбол сабақтарының оқу-тәрбие үдерісіндегі бастапқы кезеңі» 1.2 бөлімшесінде баскетбол қозғалыс әрекетінің көптігімен, алуан түрімен сипатталады. Оған жүгіру, жүріс, секіру, лақтыру, қағып алу мен лақтыру, күш және қозғалысты үйлестірудің түрлі жаттығулары кіреді. Бұл жаттығулар ойыншылардың өз командасымен және бәсекелес командамен өзара әрекеттесу жағдайында орындалады. Оқушының ойын барысындағы әрекетінің тиімділігі ойын жағдайына тез баға беріп, ойыншылардың әрекеттерін шапшаң бағалауына, техникалық тәсілдерді жетілдіруіне, дене жағынан дамуына байланысты болмақ [А.А. Аруцев, 2003].
Арнайылық бағдарлауға қабілетті дамыту мектептердегі сабақ өткізу жүйесінде маңызды орында болуы тиіс, ол кешенді көрсеткіш болып табылады және оқушының жеке-дара қабілетімен анықталады. Аталған бағдарлауды дамытудың сыртқы әсері 9-12 жаста байқала бастайтыны анықталған. Осыған байланысты оқытудың бастапқы кезеңінде оқу үдерісін қозғалыс дағдысын және ептілікті игеруді, балалардың бойында қозғалыс міндеттерін нақты жағдайды талдау негізінде, өздігінен шеше алатындай етіп тәрбиелеумен бірігетіндей етіп құруға кеңес беріледі. Бұл үшін аңғарғыштықты, көру алаңының көлемін, күрделі әрекет ету шапшаңдығын, бір қимылдан екіншісіне тез арада өтуді дамытуға бағытталған дайындық және арнайы жаттығуларды кеңінен қолдану қажет. Ұдайы өзгеріп тұратын жағдайдағы жаттығуларды қолдану да және оларды орындауды өзгертіп тұрудың да маңызы зор.
Жоғарыда аталған ерекшеліктер оқудың кез-келген түрін ұйымдастыру кезінде немесе оның қандай да бір стандартты формасында автоматты түрде жүзеге аса қоймайды. Мұның өзі спорттық ойындар техникасының күрделігін және олардың орындалу маңыздылығын көрсетеді.
«Қозғалыс қимылдарына үйретудің технологиялық тұжырымдамалары және оларды баскетбол сабақтарында ойын техникасын игеру үдерісінде қолдану» деп аталатын 1.3 бөлімшеде үйрету барысында оқушыларды қарапайым ойын кезінде тәсілдерді қолдануға жетелейтіндей етіп, жағдайды күрделендіру қажеттігі қарастырылып отыр.
Жасөспірімнің бойында қозғалыс дағдысы мен икемділігін қалыптастыру ұтымды қимылдарды әрі қарай жетілдірудің негізін салады. Жасөспірім жекелеген бөліктерді емес, сабақтың басынан бастап тұтас жаттығулардың техникасының негізін меңгеруіне ұмтылу керек. Жасөспірімдермен сабақ өткізгенде баскетбол техникасының негіздері әдетте, жеңілдетілген жағдайда оқытылады. Арнайы дайындықты және дене шынықтыруға жақындатылған және арнайы дайындайтын жаттығулар кешені кеңінен қолданылады.
Баскетболда спорттық-техникалық дайындыққа салыстырмалы түрдегі көп уақыт бөлу қажет, өйткені, оқушылар дағдының көптеген техникасын игерулері тиіс.
Қимыл-қозғалыстарды белгілі реттілікте игеру. Атап айтқанда: дайындалып жүрген оқушылардың оқуға деген жағымды ынтасын қалыптастыру; қозғалыс қимылының мәні туралы білімді қалыптастыру; әрбір НТН бойынша үйренетін қозғалыстар туралы толық түсінікті қалыптастыру; үйренетін қозғалыс қимылын тұтастай игеру. Сөйтіп, қимылға үйрету дегеніміз- бұл білім алу, қозғалыс икемділігін қалыптастыру және тиісті дене жағынан қалыптасудың қасиеттерін тәрбиелеу.
І-тараудың қисынын жалғастыра отырып, баскетболды жылдан жылға техникалық-тактикалық шеберлігін шыңдаған, дене жағынан дайындығын арттырған оқушы тәжірибесінің байытылуына сәйкес нақтылап, оқытудың нәтижелерін талқылаймыз. Сондай жолмен алынған жалпылауды оқушыларды оқытудың бастапқы кезеңіндегі, осы үдеріс үшін міндетті қағидаларымен, оқыту тәжірибесінің жағдайлары мен жаңа қадамын қолдана отырып, техникалық дайындығын жетілдірудің алғышарты ретінде пайдаланамыз.
«Баскетбол ойыны бойынша дене шынықтыру сабақтарында оқу үдерісін жаңғырту» 3.1 бөлімшесінде оқушылардың ойын әлуетінің қалыптасу процесіне тигізер объективті факторлардың сипаты туралы нақты түсінік алу үшін сабақтардың жүйелілігін, олардың баскетбол бойынша бағдарламасына сәйкестігіне мақсатты бағыттылығын талдау мәселесі қарастырылады. 1 кестеде мектептегі оқу- тәрбие үдерісін ұйымдастырудың типтік жағдайларын: негізгі міндеттерін, дайындық түрлерін және соларға бөлінген уақытты сипаттайтын материалдар берілген.
1 кестеден көретініміздей, дайындықтың барлық түрі бойынша оқытудың 3 жылының әр жылында сағаттар саны бірдей бөлінген, жекелеген азайтуларды (мысалы, ЖДД, СДД, техникалық дайындық) оқушылардың жоспарланған дайындық деңгейіне қол жеткізгендігімен және ойын мен жарыс тәжірибесінің күш салуымен түсіндіруге болады.
Техникалық дайындық әдістемесін мұғалімер кезеңді үдеріс деп қарастырады, онда әр кезең үшін техниканың негізгі буыны мен бүге-шүгесін игерудің жеке міндеттері қалыптастырылады. Мұғалімдер арасында оқытудың әрбір кезеңі (мерзім) үшін оқыту құралдарын таңдап алу, сондай-ақ беру мен лақтыруда қолдардың қимылының нақтылық параметрлерін қоюдың интегративті қадамдарын қолдану қиындық тудырды. Техникалық тәсілдерді жетілдіруді мұғалімдердің 70% дербес тапсырма беру арқылы ойын тәжірибесінде жүзеге асырады.
3.3. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын бақылау және есепке алу.
Келтірілген материалдардан көретініміздей, ойын әрекеті жүзеге асқан әрбір жылдық циклмен біршама өзгеріп тұрады. Бұл жағдай жеке-дара дамудағы танымның тездетілуіндегі оқытудың басты рөлін және оқушының ойын тәжірибесінің біршама бөлігін құрайтын, қозғалыстар мен арнайы әрекеттерді игерудегі техникалық дайындық әдістемелерін растайды.
Баскетболға үйретудің бастапқы кезеңіндегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру
Негізгі міндеттер
|
Дайындық түрлері
|
Бөлінген уақыт
|
4 сынып
|
5 сынып
|
6 сынып
|
дене жағынан қалыптасу қасиеттерін тәрбиелеу
|
теориялық ЖДД
|
8/1,8
115/26,3
|
8/1,5
118/22,1
|
18/3,3
108/20,0
|
ойын техникасы тәсіліне үйрету («техника мектебі»), оларды тактикалық әрекетте жетілдіру
|
СДД
техникалық
тактикалық
ойын
|
66/15,1
90/20,6
30/6,8
38/8,7
|
67/12,5
96/17,4
38/7,1
60/11,2
|
58/10,7
93/17,2
49/9,1
60/11,1
|
тактикалық әрекеттерге үйрету (жеке және топтық) және оларды ойын кезінде жетілдіру
|
жарыстар
бақылау сынақтары
медициналық тексеру
|
-
-
-
|
30/5,6
12/2,2
-
|
30/5,5
12/2,2
4/0,4
|
жарыс әрекетіне тарту
|
спорттық лагерлер
|
72/16,5
|
108/20,2
|
108/20,0
|
|
барлығы:
|
437
|
534
|
540
|
Ескерту: алымда дайындық түрін жүзеге асыруға кеткен уақыт берілген, ал бөлгіште- осы уақыттың оқудың жалпы уақытындағы үлесі (%).
|
Достарыңызбен бөлісу: |