8 ақпан 020 жыл жұма №24 (18976) Қасқырбай Қойшыманов


Шилі ауылы халқының өтінішін



Pdf көрінісі
бет73/104
Дата28.02.2022
өлшемі7,44 Mb.
#133634
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   104
Байланысты:
Nomer 024

Шилі ауылы халқының өтінішін
 қағаз бетіне түсірген 
Сұлтанғали ОСпанОв. 
Редакциядан: 
Хаттың толық нұсқасын «Қос- 
танай таңы» газетінің «kostanaytany.kz» ресми сай
-
тынан оқи аласыздар.
Шилі ауылының қазіргі жағдайы мен оқырман 
баяндап отырған мәселенің жай-жапсарын білу 
мақсатында, Жанкелдин ауданының әкімі Шота 
Оспановпен хабарласқан едік. 
– Қазіргі уақытта Шилі ауылын 192 жан мекен 
етеді. Ауылда бас-аяғы 43 үй бар, – деп бастады 
сөзін аудан әкімі. – Бала санының аздығына бай
-
ланысты мұндағы Қ.Жармағамбетов атындағы 
орта мектептің мәселесі соңғы 3-4 жылдан бері 
көтеріліп келеді. Заң талаптарына сай, орта мектеп 
оқушыларының саны 81-ден кем болмауы тиіс. Ал 
мұнда бар болғаны 46 оқушы ғана білім алады. 
Білім ошағы 9-жылдық мектеп талабына сәйкес, 
ол үшін мектеп оқушыларының саны 41-ден асса 
жеткілікті екен. Ауылдағы демографиялық аху
-
алды және сырттан көшіп келуі тиіс отбасылар
-
дың жоқтығын ескере отырып, бұл мәселені оқу 
жылының аяғында шешуді жөн көріп отырмыз. 
Егер, ауылға сырттан жұрт көшіп келмесе, мектеп 
статусы өзгертіледі.
Хатқа арқау болып отырған бөгетке келер 
болсақ, бұл бөгет ертеректе тұрғызылған. Кеңес 
үкіметі ыдыраған кездері айтулы нысан қараусыз 
қалып, бұзылып біткен. Тәуелсіздік алғаннан бері 
бөгеттің ауыл іргесіндегі мүйісі ауыл азаматтары
-
ның күшімен көтеріліп, жиналған қар суы мал мен 
жем-шөпке, тұрмыстық қажеттілікке ғана жара
-
тылып келеді. Ал ауызсу ауыл ішіндегі құдықтан 
алынады. 
Бөгетті қалпына келтіру мәселесі бірнеше жыл
-
дан бері көтеріліп келеді. Осы шаруаны шешіп тас- 
тамақ болып, былтыр аудандық бюджеттен 6 млн 
теңге бөліп, бөгеттің құрылыс сметалық құжатын 
әзірлеттік. Сараптамалық ұйым айтулы жұмысқа 
202 млн теңге қажет деп шешім шығарыпты. Облыс- 
тан көмек берілмесе, аудан қоржынында мұндай 
қаражат жоқ. Елбасымыз шағын елді мекендерді 
оңтайландыру мәселесін көтеріп жатқанда, ау
-
дан орталығынан 120 шақырым қашықтықтағы 43 
үйлі ауылға республикалық бюджеттен де көмек 
берілуі екіталай. 
Хат авторы ауыл азаматтары мен жан-жақта 
жүрген шиліліктердің бас біріктіріп, ауылға қол 
ұшын беру бастамасын көтергенін келтіріпті. Қа
-
зақстан Республикасының Президенті Қасым-Жо
-
март Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп 
жариялап жатқанда – бұл бастаманың ерекше 
серпін аларына шүбә жоқ. Ауылдың болашағына 
алаңдап, бастама көтерген ақсақалдарымыз бен 
оны қостаған жігерлі жерлестеріміз барда Шилінің 
әлі-ақ өркендеріне сенім зор, – дейді Жанкелдин 
ауданының әкімі Шота Оспанов. 
ШИЛІ 

ШҰРАЙЛЫ МЕКЕН
Дұрыс нұсқасы
Қолдануға тыйым салатын қате нұсқалар
БАҚЫТЖАН
Бакитжан
Бакиджан 
Бахытджан
Бахчан, т.б.с.с.
МӨЛДІР
Молдыр
Мольдр
Молдир
Мулдир т.б.с.с.
ТӨЛЕГЕН
Тюлеген
Тулеген
Толеген
Толиген т.б.с.с.
ҰСЫНЫСЫМ БАР


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет