8 ДӘріс практик психолог жұмысындағы құжаттар


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет11/11
Дата07.10.2023
өлшемі117,79 Kb.
#184031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дәріс 8-15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Абрамова Г.С. Практическая психология. –М.,1997
2. Весник образования.-М.,1995.№7.
3. Немов Р.С. Психология.-М., 1995.
4 Овчарова Р.В. Технологии практического психолога образования.-М.,2000


15 – ДӘРІС
Практик психолог іс –әрекетіндегі психотерапия


Жоспары:
1. Психотерапиялық әсер етудің негізгі әдістері.
2. Индивидуалды психотерапия барысында психолог пен клиенттің өзара әрекеттестігінің ерекшеліктері
3. Топтық психотерапия


Психотерапия (гр. psyche — жан + therapeia — емдеу). Қысқаша айтқанда психотерапия адамды (пациентті) психологиялық құралдардың ықпалымен емдеу дегенді білдіреді. Психотерапия — кең өрісті мағынасы бойынша сау адамдарға (клиенттерге) әр түрлі психологиялық қиын жағдайларға немесе психикасын өңдеуге көмекті қажетсінгенде жәрдем беруді іздейтін ғылым саласы. Ондай көмектерді жеке-дара немесе топты формада маман ұйымдастырады. Қазіргі кезде психотерапия адамның, тұлғааралық қатынастың, топтық үрдістердің болмысына байланысты әр түрлі теориялық-әдіснамалық бағыттары - психоаналитикалық, необихевиористік, когнитивтік, гуманистік, нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) және т.б. бар. Психотерапия — психология мен медицина аралығындағы, адамдарға іс жүзінде әсер ету әдістері мен теориялық білімдер саласы. Психотерапия ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданылатын психологиялық құралдар ережелерін қарастырады және оларды зерттейді, сипаттайды.
Психотерапия жұмысы тиімді болу үшін осыларды білу керек.
Стратегиясы
Негізгі кезеңдеріне қойылатын талаптар
Мына мақсаттарға байланысты болуы мүмкін:
Клиенттің өз ойын еркін білдіруге деген қабілеті
Бейімделе алмауының негізгі себептерін саналы сезіну
Ойлау мен эмоционалды жауап қайтаруының жаңа әдіістерән ашу
Тактикасы
Нәтижеге жету үшін пайдаланылатын спецификалық әдістерге байланысты
Терапевт не айтады, не істейтіні кіреді, саның ішіде өзекті стратегияялық мақсатың нәтижесі үшін қойылған сұрақтар, қорытынды ескертулер, мимика, пантомимика.
Психотерапия адам әр түрлі психикалық ауруға, жүйке ауруына және т.б. эмоциялық тұрақсыздық күйіне ұшырағанда, оның көмескіленген ойлау жүйесі мен сана-сезімін ауызша және әсерлі қимыл-әрекетпен ықпал ету арқылы емдеудің жүйесі. Психотерапия кеселге ұшыраған адамның өзіне және қоршаған ортасына деген дұрыс қатынасты қалыптастыруға бағытталады. Психотерапияның клиникалық тәсілдері — гипноз, аутогендік жаттығу, иландыру, өзін-өзі иландыру, зейнелі терапия. Емші мен аурудың өзара түсінісуі, отбасы мен ұжымдағы сыйластық шипагерліктің әрбір адамға деген оң ықпалын арттырады. Адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтар әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады. Психотерапия —
— «психикаға және психика арқылы емдік әсер ету жүйесі— адам организміне»;
— «денсаулықты сақтау және қамтамасыз ету мақсатында адам психикасына спецификалық тиімді әсер ету формасы»;
— «тәрбиелеу және емдеуді біріктіретін аурулар тобының немесе аурудың психикасына емдік әсер процесі».
Анықтама ретінде, көпшілік дәрежеде психологиялық ыңғайларды белгілейтін және тұлғааралық өзара әрекеттесу, психологиялық құралдар, психологиялық мәселелер мен конфликтер, қатынстар, бағдарлар, эмоциялар, мінез-құлық сияқты ұғымдардан тұртын төмендегілерді көрсетуге болады:
психотерапия —
— «тұлғааралық өзара әрекеттің ерекше түрі, бұл жағдайда пациенттерге оларда психологиялық сипаттағы мәселелер мен қиындықтарды шешуде психология құралдарыменен кәсіби психологиялық көмек көрсетеді»;
— «интеллектуалды, әлеуметткі немесе эмоциялық негативті болып табылатын қатынастар мен мінез-құлықтарын модификациялауда адамға көмектесу мақсатымен вербалды әдістемелер мен тұлғааралық өзара қарым-қатынастарды пайдаланатын құралдар»;
— «ұзақ уақыт арасында біреуі адамдардың өзара қарым-қатынасын түзетуге маманданған екі немесе одан да көп арасындағы тұлғааралық өзара әрекеттесуі»;
— «кез келген бсқа техникадан өзгешелігі адамды өзінің ішкі конфликтерімен және қайшылықтарымен бетпе-бет қоятын жоспарланатын, адамның қатынастарын, сезімдері мен іс-әрекетіндегі өзгерістер мен тнымдық процесс техикасының арасындағы ортасы болып табылатын персонализацияланған техника».
Психотерапевтикалық араласу, немесе психотерапевтикалық интервенция – бұл белгілі бір мақсаттарымен және осы мақсаттарға сәйкес келетін әсер ету құралдарын таңдаумен, яғни, әдістерді таңдаумен сипатталатын психотерапевтикалық әсер етудің түрі (типі, қалыпы). Психотерапиядағы негізгі үш бағытқа сәйкес келетін психотерапиялық араласудың үш негізгі типі бөлініп алынады: психоаналитикалық, іс-әрекеттік және тәжірибелік (гуманистік), бұлардың әрқайсысы жеке өзінің саулық пен ауру, терапевтикалық мақсаттарымен, араласу жазықтығымен және сәйкес келетін тәсілдері мен құралдарымен сипатталады.
Психотерапия – ауру адамға психикалық жолмен әсер ету арқылы емдеу.
Емделушіге психологиялық әдіс-тәсілдер, техникалар арқылы кәсіби көмек көрсетіледі. Психотерапия жеке дара (индивидуалды) және топтық тәртіпте жүргізіледі. Егер сізді:
*жиі немесе себепсіз қобалжысаңыз
*сізді қорқыныш сезімдері жаулап, өзіңізде түрлі ауруларды іздесеңіз
*дүрбелең сезімдері мазаласа
*егер сіз үнемі жаман көңіл-күйде болсаңыз,ашуланшақ болсаңыз, жылай берсеңіз, тез ренжісеңіз
*өз сезімдеріңізді білдіре алмасаңыз
*өз жүріс-тұрысыңызда бұзушылықтар байқасаңыз (жиі шылым шегу, абыржушылық т.б.)
*ұйқы немесе тәбеттің бұзылуы мазаласа сізге психотерапевттің көмегі керек. 
Орталығымыздың білікті мамандары психикалық ауытқулардың түрлі кезеңдеріеде дәрі-дәрмектік емді жазып беріп, түрлі психотерапевтік емдеу әдістерін қолданады:
*кеңес беру – қиын мәселені шешудегі кәсңби көмек
*неврастения, психосоматикалық ауытқулар, невроз, күйзелісті, қобалжу жағдайларында, ашуланшақтық, қорқыныштар, ұйқы бұзылуы, назар, есте сақтау және шаршау жағдайларында көмек беру
*күйзеліске төзімділікті арттыру
*қарым-қатынастық мүмкіндіктерді арттыру
*отбасы қатынасын түзету
*вегетативті әрекетсіздікті емдеу
*дұрыс жүріс-тұрысқа түзету
*ішімдікке салынуды емдеу
*анонимді психиатриялық пен наркологиялық кеңес беру және емдеу
*аталмыш ауруларға дәрілік және фитотерапиялық емдеуді жазып беру. 


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.М.,1997
2.Карвасарский Б.Д. Психотерапия. М.,1985
3.Бурлучак Л.Ф., Грабская И.А., Кочарян А.С. Основы психотерапии. Киев, 1999.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет