8 ДӘріске лабораториялық сабақТЫҢ тақырыбы жұмыс Пиридоксин / В6


Қысқаша теориялық мәліметтер. D тобы - ламистерол, эргокальциферол, холецальциферол, дегидротацистерол



бет5/5
Дата06.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#189981
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
8-зертзана Биохимия

Қысқаша теориялық мәліметтер. D тобы - ламистерол, эргокальциферол, холецальциферол, дегидротацистерол. Бұл қосылыстар жасуша мембраналарының құрылымын қалыпқа келтіруге, митохондрияның жұмысына, қалпына келтіру процестеріне, гормондардың синтезіне жауап береді. Жетіспеушілікпен рахит, остеопороз, спазмалар, гипокальцемия байқалады. D дәруменінің кейбір нысандары кальций және фосфордың метаболизмін реттеуде маңызды рөл атқарады.Осы қосылыстардың ең маңыздыларының бірі D3 дәрумені (холекальциферол) күннің ультра дыбысты сәуленің әсерінен холестериннен құралады. D3 дәруменінің болуы синтездің жоғарылуына әкеледі және Ca2+ байланыстырушы ақуыз ішекте кальцийді сіңірілуін жоғарылатады. Бұл үдеріс сүйектерде кальцийді сіңіруге әкеледі.
Таза D дәрумені 1932 жылы алынды,оған D2 дәрумені (эргокальциферол) деген атау берілді. Жануарлар және адам терісінде D провитамині 7-дегидрохолестерин болады, ультракүлгін сәулесімен әсер еткенде ол D3 дәруменіне (холекальциферолға ) айналады.




Әдістің негізі. D витамині бар балық майына анилин мен концентрлі тұз қышқылы қоспасын қосып қыздырғанда, сұйықтықта қызыл түс пайда болады.
Қажетті құрал -жабдықтар: балық майы, хлороформ, анилин реактиві,пробиркалар, пипетка, спиртшамы.
Жұмыс барысы:Құрғақ пробиркаға 1 тамшы балық майы мен 5 тамшы хлороформ алып, араластырып және оған 1 тамшы анилин реактиві – анилин мен концентрлі тұз қышқылының /15:1/ қоспасы қосылады. Қыздырғанда сары түсті эмульсия қызыл түске боялады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет