8 ДӘріске лабораториялық сабақТЫҢ тақырыбы жұмыс Пиридоксин / В6



бет3/5
Дата06.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#189981
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
8-зертзана Биохимия

Әдістің негізі. С витаминінің калий гексацианоферратымен (+3) реакциясын анықтау.
Қажетті құрал -жабдықтар: Аскорбин қышқылы ерітіндісі, 5 %КОН, 5 % калий гексацианоферраты (+3) ерітіндісі, 10 % НСl ,темір (III) хлориді ерітіндісі, пробиркалар, пипетка.
Жұмыс барысы: 1 мл аскорбин қышқылы ерітіндісіне 2 тамшы 5 %-дық КОН, 2 тамшы 5 %-дық калий гексацианоферраты (+3) ерітіндісін қосады, мұқият шайқайды. Содан кейін пробиркаға 6-8 тамшы 10 %-дық НСl және 1-2 тамшы темір (III) хлориді ерітіндісін қосады. «Берлин көгі» деп аталатын көк немесе жасыл-көк түсті тұнба түзіледі.

Аскорбин қышқылы тотыға отырып, калий гексацианоферратын (+3) К3[Fe(CN)6] калий гексацианоферратына (+2) К4[Fe(CN)6] дейін тотықсыздандырады, ал соңғысы Fe (III) ионымен қышқылдық ортада темірдің (III) гексацианоферратын (+2) Fe4[Fe(CN)6]3 (берлин көгін) түзеді:


4 - жұмыс С витаминінің 2,6-дихлорфенолиндофенолмен реакциясы


Әдістің негізі. С витаминінің 2,6-дихлорфенолиндофенолмен реакциясын анықтау.
Қажетті құрал -жабдықтар: Аскорбин қышқылы ерітіндісі, 0,02 % 2,6-дихлорфенолиндофенол ерітіндісі, пробиркалар, пипетка.
Жұмыс барысы:Аскорбин қышқылы ерітіндісінің 1 мл-не 1 мл 0,02 %-дық 2,6-дихлорфенолиндофенол ерітіндісін қосады, араластырады. Индикатордың лейкоформасы түзілуі есебінен ерітінді түссізденеді:

Индикаторды одан әрі қарай қосқанда ерітінді қызғылт түске боялады, себебі аскорбин қышқылы толық тотығып кеткендіктен, 2,6-дихлорфенолиндофенол тотықсызданбайды.

Майда еритін витаминдер


Қысқаша теориялық мәліметтер. Бұл класқа А,D, E, K және F витаминдері жатады.
D дәрумені (кальциферол) организмде кальций алмасуын реттейді, сүйек ұлпасының қалыптасуына әсер етеді.
D6 дәрумені (фосфопиридоксаль) – фосфорланған пиридоксаль, кофермент қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет