8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны


Қазақ халқының ұлттық қозғалмалы және спорт ойындарының дене тәрбиесіндегі орны



бет60/126
Дата09.12.2023
өлшемі467,89 Kb.
#196062
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   126
Байланысты:
8. Ëåêöèÿ ñàáà?òàðûíû? æîñïàðû, ìàçì?íû

3. Қазақ халқының ұлттық қозғалмалы және спорт ойындарының дене тәрбиесіндегі орны.

Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады. Ұлт ойындары халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайларына үйлесімді жасалған әсер береді.


Ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, бірін – бірі толықтырып, байыта түседі.
Өзінің өлең – жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның бойындағы жастарды ойландырып, толғандырып қасиеттерін аша түседі. Ойын тек жас адамның дене күш – қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке, т.б. ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.
Ұлттық ойындар өзінің бастауын халықтық педагогикасының тұңғиығынан алады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты ептілікті, тапқырлдықты, табандылықты т.б. мінез – құлықтың ерекшеліктеріен бірге күш – қуаты молдығының, білек – күшін, дененің сомданып шығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары припциптеріне негізделеді.
Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды.
Қазақ халқының ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан, оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, әрі құнды.
Бастауыш мектептердегі балалардың дене тәрбиесі барысында қозғалмалы ойындарға жетекші роль беріледі. Дене тәрбиесінің негізгі құралы мен әдістерінің бір ретінде көп қозғалысты ойындар суықтыру және тәрбие, білім беру міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік ашады.
Спорттық ойын нышандары бар ойындар балалар қимыл – қозғалыс ойындарына қарағанда балалардың жинақылықты, ұйымшылықты бқылағыштықты, айқын, қолайлы қимыл техникасын ұшқыр қимыл сезімін қөбірек талап етеді. Мысалы: “Ақ серек, көк серек”, “Айгөлек”, “Соқыр теке”, “Орамал тастау”, “Ақ терек”, “Жаяу жарыс”, “Әуе таяқ”, “Жанды дөнгелек”, “Төспа доп”, “Қара құлақ”, “Доп тебу”, “Ақ сандық”, “Тең көтеру”, “Кім түртті”, “Ұшты ұшты”, “Саққұлақ”, “Қуалап соқ”, “Қан көбелек”, “Арқан тарту” спорттық ойын нышалдары бар ойындар қатарына жатады.
Ойынның тіл дамуындағы ролі ерекше. М.Горький айтқандай, бала сөзбен де ойнайды. Осы сөзбен ойнағанда, өз ана- тілінің нәзік қасиеттерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғынады.
Қазақтың ұлттық ойындарының тағы бір ерекшелігі - оған өлең сөздің араласып келіп отыратындығы.
Қазақтың ұлт ойындарының бір қыдыруы “ойлануды қажет ететін ойындарға” жатады. Олар көбінесе, логикалық ойлау мен математикалық, философиялық ойлануды дамытуға негізделген. Солардың төресі “тоғыз құмалақ” . Оймен келетін ойындарды сөз еткенде шахмат, дой бы ойындарының болғанын да атап өтуіміз керек. Шахмат, дойбы қазақтар мекендеген кезде түрік заманынан белгілі екенін көрсететін деректерде бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет