8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны


Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері



бет58/126
Дата09.12.2023
өлшемі467,89 Kb.
#196062
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   126
Байланысты:
8. Ëåêöèÿ ñàáà?òàðûíû? æîñïàðû, ìàçì?íû

1. Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері
Жеке адамды жан – жақты дамытуда дене тәрбиесінің маңызы өте зор.
Оқушыларға арналған дене тәрбиесінің бағдарламасында көрсетілген басты міндеттерге сүйеніп, дене тәрбиесінің кейбір мәселелерін қарастырайық.
Оқышылар денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқа ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады. Жақсы денсаулық адамның еңбек және қоғамның іс - әрекеті жемісті қатысуының маңызды кепілі.
Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Барлық оқушылардың сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Оқушыларға дене тәрбиесін беру үшін спорт ұйымдары мен клубтардың, кәсіпорындар мен мекемелерде базасы кеңінен пайдалануы керек.
Өмірге қажетті дағды және іскерлік табиғи қозғалыстың барысында қалыптасады. Табиғи қозғалыстың түрлері: жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика, снарядта жаттығу.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ және гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады. Сабақтар мен сыныптан тыс дене тәрбие жұмыстарында күн ырғағы, дене жаттықтыру, организмді шынықтыру, тамақтану гигиенасы, ұйқы т.б. жөнінде оқушылар нақты білім алуы тиіс.
Мектепте дене тәрбисін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың істейтін жұмыстарының мазмұнына кіретін негізгі мәселелер:
1. Шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жақсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
2. Мектеп ғимаратына, жұмыс жабдыттарын спорт өткізілетін орындарға қойылатын санитарлық – гигиеналықталаптарды орындау, оқушыларды жеке және қоғамдық гигиенаға дағдыландыру.
3. Оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту дене шынықтыру және суықтыру жұмыстарын тиімді өткізуді қажет етеді.
Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында, спорттықө базаларда іске іске аыру үшін төмендегі талаптарды - міндеттерді еске алған жөн:
1. Оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
2. Шәкірттердің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
3. Спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және
қабілетін дамыту.
4. Негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет