3. Сынып жетекшісінің жұмысын жоспарлау және есепке алу. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары – педагогикалық құжат. Тәрбие жоспарын құру, оның орындалуындағы жауапкершілік сынып жетекшісіне жүктеледі. Жоспар мынандай имедагогикалық талаптарға жауап беруі керек.
Жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы;
Сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының, әдістерініің әртүрлі болуы;
3) Оқушыларды тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін, дәйектілігін қамтамасыз ету.
4) Жоспардың нақты болуы;
5) Жұмысты келісіп жоспарлау;
Сынып жетекшісінің жоспары мынандай бөлімдерден тұрады:
1) Сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайында жалпы мәліметтер;
2) Сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары;
3) Тәрбие міндеттері;
4) Сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс;
5) Ата – аналармен жұмыс;
4. Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар. Сынып жетекшісі басқа мұғалімдерге қарағанда оқушыларға тәрбие беруде өте маңызды міндеттер атқарады. Сондықтан оған педагогикалық талаптар қойылады. Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар:
а) Жоғары идеялық және қоғамдық саналылық
ә) Жоғры моральдық бедел
б) Педагогикалық шеберлік
в) Мәдени өріс
г) Педагогикалық әдептілік
д) Балаларға деген сүйіспеншілік пен құрмет
е) Ұйымдастырушылық қабілет
ж) Сынып жетекшісінің мамандығын арттыру
з) Тәрбие жұмысына шығармашылық көзқарас
10 тақырып
Дене тәрбиесін оқыту принциптері мен заңдылықтары
Қарастырылатын мәселелер:
Педагогикалық процесс күрделі және дамытушылық жүйе.
Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері, оларға мінездеме.
Пайдаланатын әдебиеттер: Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана-1998ж.
Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова . Педагогика. Алматы-2004ж.
Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы-1999ж.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. Педагогика. Алматы-2003ж.
М. Жұмабаев. Педагогика Алматы-1992ж.
И.П. Подласый. Педагогика.Москва –2000ж.
ҚР Білім беру туралы заңы. Астана-2000ж.
Т.С. Сабыров. Оқыту теориясының негіздері. Алматы-1993ж.
Т. Ш. Қуаныш. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Алматы 1996ж.