3. Отбасы тәрбиесінің кейде сәтсіздікке ұшырауының себептері. Отбасылық тәрбие бірқалыпты жағдайда іске асырылып, отырмайды. Зеттеу мәліметтеріне қарағанда отбасылық тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі – үлкен адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан болады.
Біріншіден отбасында болатын өктемдік баланы өзін өзі билеушілігінен айырады, әрбір қадамына бақылау жасайды, ол өз күшіне мүмкіншілігіне сенімсіз және ішкі жай – күйі төмен болады.
Екіншіден, баланы еркелетушілік, бетімен жіберушілік ата – аналардың бәрін кешірушілік сүйіспеншілігіне байланысты. Баланың жетегіне түсіп еркіне жіберушілік өзімшілдікке тәрбиелейді.
Үшіншіден, әке мен ананың және басқа отбасы мүшелерінің тарапынан бірыңғай талаптың жоқтығы. Осының нәтижесінде ата – аналарды немесе ересек отбасы мүшелерінің көзқарастарындағы алалықты пайдалнып, бала екі жүзді және жағымсыз нәрсеге бейім болып өседі.
Төртіншіден, ата – аналар балаларды еркімен қарым – қатынас жасаудан, өмірден аулақтауға тырысады, бөгет жасайды. Бұл баланың қалыптасуына, дамуына залалды әсер етеді.
Бесіншіден, егер әке мен ана өз баласының іс - әрекетіне немқұрайды, жауапсыздықпен қараса, онда соны пайдаланып, кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіндік алады.
Біздің халқымыздың отбасы жағдайында жас ұрпақ тәрбиесіндегі жетекші буын ата мен әже іс - әрекетінің төңірегінде шоғырланған. Себебі, отбасында әке мен шеше негізгі еңбек иелері, отбасы қажеттілігін қамтамасыз етушілер. Ал ата мен әженің өмір тәжірибесі өз дәрежесіне даналық ақыл – ойдың, орында дүниетанымының, талғамның, денсаулық бағбанының, орынды тәртіп пен мінез құлықтық мектебі болып табылады.
4. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының формулалары. Мектеп оқу – тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата – аналарды, барлық жұртшылықты қатыстырады.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы ата – аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер, мысалы, күнделік өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бол уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты формалары қарастырылады.
Байланыс формаларының бірі – педагогтардың оқушылар үйіне баруы. Мақсат: оқушылардың үй жағдайымен, күнделік өмірімен, тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әртүрлі тақырыптарда ата – аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір формасы педагогикалық насихат, яғни ата – аналарға педагогикалық білім беру.
Қазір ата – аналар және қалын бұқара арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудың маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуде болымды әсер етеді. Н.К.Крупская өзінің еңбектерінде ата – аналарды педагогикалық минимуммен қаруландырудың қажет екенін бірнеше рет айтқан болатын.
Ата – аналардың тәрбие жұмысы процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы және педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық – психологиялық білім негіздерімен ата – аналарды қаруландыру мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі.
Мектептің ата – аналар комитеті мұғалімдерге, ата – аналарға көмектеседі, балалардың демалысын, қиын отбасыларды шефке алуды, балалардың тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады. Ата – аналар жиналыстарын, олардың конференцияларын пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізудің дайындық жұмыстарына қатысады.
Мектептің, отбасының, бүкіл халықтың және мемлекеттің негізгі мақсаты қазіргі заманның талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге халық шаруашылығының салаларында еңбек етуге даярлау.