Міне, осы тұрғыдан тәрбие бүкіл жұтшылықтың ісі болып отыр.
9 ТАҚЫРЫП
Сынып жетекшісінің жүргізетін жұмыстары.
Қарастырылатын мәселелер: 1. Сынып жетекшісінің қызметінің – оқу тәрбие процесінде алатын орны.
2. Сынып жетекшісінің негізгі қызметі мен міндеттері және сынып жетекшісі
жұмысының мазмұны.
3. Сынып жетекшісінің жұмысын жоспарлау және есепке алу.
4. Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар.
Пайдаланатын әдебиеттер: Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана-1998ж.
Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова . Педагогика. Алматы-2004ж.
Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы-1999ж.
Б.А. Ақназаров. Сынып жетекшісі. Алматы-1980ж.
К. Б. Сейдалиев. Тәрбие теориясы. Алматы-1986ж.
Ж.Әбенбаев Тәрбие теориясы мен әдістемесі Алматы 2004
1. Сынып жетекшісінің қызметінің – оқу тәрбие процесінде алатын орны. Сынып жетекшісі өте маңызды да әрі жауапты міндеттерді атқарады. Ол сыныптағы тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы және оқушылардың ұстазы болып табылады. Сынып жетекшісін тәрбиелі және беделді мұғалімдерден мектеп директоры тағайындайды. Сынып жетекшісіне негізінен мынындай үш түрлі басты мінде жүктеледі:
Өз сынып мұғалімдерінің жұимысын үйлестіріп отыру.
Сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жүргізіп, оған бағыт беріп отыру.
мектеппен отбасының байланысын жасау.
Сынып жетекшісі өз жұмысын белгілі бір жүемен жүзеге асырған жағдайда ғана өзінің мақсатына жетеді және ең жақсы нәтижелерге ие болады. Жан – жақты тәрбиенің мақсаты мен міндеттернінен туындайтын өзара байланысты тәрбие щараларының жиынтығы сынып жетекшісі жұмысының жүйесі деп аталады.Жүйе сынып жетекшісінің оқушылармен жүргізетін барлық жұмысының бағыттарын қамтиды. Яғни саяси идеялық, адамгершілік, дене, эстетикалық, еңбек тәрбиесі т.б.
Сынып жетекшісі өз сабақтарында және басқа сабақтарға қатынасып, сынып жиналыстарында, сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға зер сала бақылау арқылы, оқушылардың өзімен және оның жолдастарымен, ата – аналарымен әңгімелесу арқылы және оқушылар жайлы неғұрлым толық, мағлұмат алады.