Педагогикалық процесс күрделі және дамытушылық жүйе.
Табиғат пен қоғам дамуы адамның еркінен тыс өмір сүретін объективтік заңдардың қатыран жатады. Бірақ адамдар ол заңдарды ашып, пайдалана білгендіктен олардың іс - әрекеті саналы, бағытталған іс - әрекетке айналады.
Адам табиғаттың құрамды бір бөлігі ретінде оны танып білу, оған тәрбие арқылы әсер ету өте күрделі педагогикалық процесс.
Педагогика болса диалектиканың барлық заңдылықтарын өз бой ына жинақтаған ғылым.
Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама – қайшылығында ашылады.
Педагогикалық процнстің заңдылықтары кезінде К. Д. Ушинскийде өзінің “Педагогикалық антропология” деген еңбегінде ескертіп айтқан, педагогикалық қағидавларды құр жаттап алу ештеңеге қол жеткізбейді, пайда бермейді. Оның ғылыми негіздерін зерттеу керек, содан шығатын ережелерді білу керек деген. Ол психикалық құбылыстардың заңдылықтарын, оны басқарудың жолдарын зерттеуді, сол заңдарды ой елегінен өткізе отырып жағдайларға байланысты, өзің қолдануға болады – ау жағдайға сай пайдалануға болады деген.
Педагогикалық процестің заңдылықтары көрнекті педагогтардың Ю.К. Бабанскийдің, И.Я. Лернердің, И.Ф. Харламовтың еңбектеніде кең көлемде баяндалған.
2. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері, оларға мінездеме. Тәрбие – бұл педагогикалық құбылыс. Педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс заңдылық деп аталады. Педагогикалық заңдылық деп – педагогикалық процестің тұтастығын айтады.
Тәрбиенің заңдылықтары: 1. Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік – экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің қалып дамуына игі әсер етеді.
2. Тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеудің бірлігі заңдылығы. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Белсенділіктің бірнеше түрлері бар. Олар: қарым – қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін - өзі тәрбиелеу белсенділігі.