2. Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары және құралдар Мектепте дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына дене шынықтыру сабақтары, сыныптан және мектептен тыс жаппай спорт жұмыстарына жатады.
Сабақ – дене тиәрбиесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Дене шынықтыру сабақтары мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Мектеп ұжымында спорт секциялары жұмыс істейді, спорттың түрлерінен жаппай жарыстар өткізіледі, қоғамдық нұсқаушылар мен төрешілер дайындауда жоспарлы түрде жұмыс ұйымдастырылады, оқылар спорт жұмысының көптеген түрлеріне қатысады.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт , табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары – бұл саналы түрде орындалатын қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады, буын сүйектерін қозғалмалы етеді, жалпы жұмыс қабілетін жақсартады. Дене жаттығулары бүкіл организмнің дамуына, жетілуіне қолайлы ықпал жасайды.
Гимнастика. Мұның бірнеше түрлері бар: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттық гимнастика, акробатика, көркемдік гимнстика, өндірістік және емдік гимнастика.
Оқушылардың дене тәрбиесінде негізгі гимнастика үлкен роль атқарады. Осы гимнастика бойынша дене жаттығулары дене шынықтыру бағдарламасының басты бөлімдерін құрайды. Негізгі гимнастика құрастыратын жаттығулар: саптағы қозғалыс, жалпы дамыту жаттығулары (әр түрлі бұлшық е топтары мен буындар қимылы), музыка арқылы орындалатын ерікті жаттығулар, қимылды билеу формалары,қимылдың тұтас табиғи формалары (жүру, жүгіру, қарғу, өрмелеу т.б). Негізгі гимнастика көбінесе дене шынықтыру сабақтарында пайдаланылады.
Ойынбалалар өмірінде үлкен орын алады. Дене тәрбиесінде қозғалыс ойындары пайдаланылады. Қозғалыс ойындары оқушылардың ептілігін, тапқырлығын, өзін - өзі билеушілігін дамытады, қозғалтқыш дағдыларын жетілдіреді.
Мұндай ойындар оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Дене тәрбиесінде оқу бағдарламасына сәйкес спорттың ойындар: футбол, баскетбол, волейбол, қол добы, теннис пайдаланылады. Оқушылар әрбір ойынның тәсілдерін зерттеп үйренеді.
Туризмдене тәрбиесінде серуен, саяхан, туристік жорық түрінде пайдаланылады. Туризмге оқушылардың барлығын қатыстыруға болады. Туризм оқушыларды төзімділікке, ұжымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиыншылықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спортбіздің елімізде біріңғай бағдарлама және ережелер бойынша өткізіледі. Спорттың көптеген түрлерін атауға болады. Олар – жеңіл атлетика, гимнастика, шаңғы спорты, жүзу туризмнің спорттық түрлері т.б.
Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдардың бірі – табиғат факторлары. Күн көз, ауа, суға шомылу, душ қабылдау суықтыру ретінде пайдаланылады. Табиғат факторлароын балалардың сауықтыру жұмысы кезеңінде пайдалану өте тиімді болады.
Балалардың сауықтыру жұмыстарын қоғамдық пайдалы еңбекпен үйлестіріп жүргізудің үлкен тәрбиелік мәні бар. Мысалы, туған өлкенің табиғи байлығымен танысу, орман шаоруашылығын, қорықтарды, бассейндерді қорғау, кейбір жеңіл – желпі ауылшаруашылық жұмыстарын шефке алу т.б.